Хабарлама: Қазақстан Республикасы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының сақталуын тексеру мақсатында сайттарды тексеру жөнінде
2025 жылғы 25 мамырға дейін барлық АМҮ және ҚМҮ ресми интернет-ресурстарын аталған Заңның 16-бабының 3-тармағында белгіленген талаптарға сәйкестігіне тексеру қажет:
Ақпарат иеленушілер интернет-ресурстарында мынадай жалпы ақпаратты орналастыруға міндетті:
қызметі туралы жалпы ақпарат: ұйымдық құрылымын, басшылар мен олардың орынбасарлары туралы, олардың кураторлық салаларындағы лауазымдық міндеттері, еңбек қызметі мен білімі туралы мәліметтерді; электрондық пошта мекенжайлары мен телефон нөмірлері сияқты байланыс деректерін.
Төмендегі сайт бөлімдеріндегі ақпараттың өзектілігіне ерекше назар аударуларыңызды сұраймыз: «Біздің әртістер», ««Халықтық» ұжымдар», «Мәдениет үйі/Сарайы», «Құрылым, бөлімдер», «Басшының өмірбаяны», байланыс деректері мен ұйым реквизиттері.
Қажет болған жағдайда жаңартылған ақпаратты admin@ocsnt.kz электрондық поштасына жіберуге болады (ақпаратты қосу/жою, бөлімдерді құру/жою).
Назар аударамыз! «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 8-бабына сәйкес, ақпараттың уақытылы және нақты орналастырылуына мекеме басшысы жауапты.






