Қостанай облысы АМҮ және ҚМҮ басшылары мен директорларына «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның орындалуы жөніндегі хабарлама
Қазақстан Республикасының заңнамасын, оның ішінде «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Тілдер туралы» Заңдарды орындау, сондай-ақ сіздің сайттарыңыздағы ақпараттың өзектілігін қамтамасыз ету мақсатында төмендегілерді хабарлаймыз:
1. Мекенжайлық домендерді беру:
2025 жылғы 27 қаңтардан бастап Қостанай облысы Мәдениет үйлерінің порталында (https://ocsnt.kz/kz/kdo) орналасқан сайттардың домендері тиісті АМҮ және ҚМҮ меншігіне беріледі.
2. Сайттардың мазмұнына жауапкершілік:
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңның 8-бабы негізінде АМҮ және ҚМҮ орналастырылатын ақпараттың иелері болып танылады. Басшылар аталған Заңның 1, 4, 6, 9, 10 және 16-баптарын сақтауға жауапты болады.
3. Ақпаратты жаңарту:
Деректерді уақтылы жаңарту үшін сұрауларды admin@ocsnt.kz электрондық поштасына жіберіңіз (ақпаратты қосу/жою, бөлімдерді құру/жою).
4. Бұзушылықтар үшін жауапкершілік:
Заңды сақтамау тәртіптік, әкімшілік және азаматтық-құқықтық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.





