altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Әуенмен елін тербеген сазгер: Бақытжан Сәуекенов 75 жаста
28.09.2026
120
0
Ән мен жырдың, тарих пен тағылымның алтын бесігі болған қасиетті Торғай топырағында тағы бір тағылымды мәдени шара өтті. Нұрхан Ахметбеков атындағы аудандық мәдениет үйінің төрінде елге еңбегімен танылған, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге өлшеулі үлес қосқан белгілі сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қостанай облысы меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты, Жангелдин және Меңдіқара аудандарының Құрметті азаматы Бақытжан Дәуренұлы Сәуекеновтің 75 жасқа толуына орай «Туған жер – Торғайым!» атты салтанатты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.
 
Бұл – жай ғана мерейтойлық кеш емес, өнерге адалдықтың, туған жерге деген перзенттік махаббаттың, ұлттық музыкаға деген шынайы құрметтің тоғысқан рухани думаны болды. Торғай десе, ең алдымен оның сайын даласынан тербелген ән мен күй, жыр мен дастан, ел тарихын ұрпаққа жеткізген өнер иелері ойға оралады. Осы киелі топырақта дүниеге келіп, оның табиғатын, тарихын, елін-жерін шығармашылығына арқау еткен Бақытжан Сәуекеновтің де өнердегі өзіндік қолтаңбасы қалыптасты. Сазгердің ғұмыр жолына көз салсақ, оның шығармашылығы туған жермен тамырлас екенін аңғарамыз. Торғайдың кең даласы, елдің дархан мінезі, туған өлкенің тұмса табиғаты, атадан балаға жалғасқан салт-дәстүр – бәрі де оның жүрегінен әуен болып төгіліп, ән болып өрілді.
 
Сазгер үшін туған жер – әннің бастауы, ел – шабыттың қайнар көзі. Сондықтан оның шығармаларынан туған өлкенің тынысын, елге деген сағынышты, ұлттық рух пен азаматтық үнді сезінуге болады. Мерейтой иесінің сан жылдық шығармашылық еңбегі – Торғай өңірінің мәдени шежіресімен біте қайнасқан дүние. Ол талай жыл бойы өнер саласында еңбек етіп, мәдениеттің дамуына, ұлттық өнердің насихатталуына, жас ұрпақтың рухани тәрбиесіне өзіндік үлесін қосып келеді. Оның әндері талай сахнада шырқалып, талай буынның жүрегіне жол тапты.
 
Кеш барысында Бақытжан Дәуренұлының шығармашылық мұрасы кеңінен дәріптеліп, оның елге, жерге, туған Торғайына деген ыстық ықыласын жеткізетін әсем әндері орындалды. Мерейтойлық кештің шымылдығы да мазмұнды өнер бағдарламасымен түрілді. Сахна төрінде ұлттық өнердің сан қырын танытқан өнер ұжымдары мен жеке орындаушылар өнер көрсетті. Атап айтқанда, «Ғасырлар пернесі» этнографиялық-фольклорлық халық ансамблі, «Шертер» фольклорлық ансамблі, «Кербез сұлу» жетігеншілер ансамблі, Арқалық жігіттер триосы, сондай-ақ өнерлі Жоламановтар мен Ражановтар отбасылары кештің сәнін келтірді. Елге танымал әншілер Байдос Қожасағиев пен Аслан Қанапиннің орындауындағы әндер де көрермен көңілінен шықты. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар мерейтой иесінің шығармаларын орындап, сахнаға ерекше жылу мен көркемдік сипат берді. Әсем әнге көмкерілген кеште ұлттық аспаптардың үні де айрықша әсер қалдырды. Домбыраның қоңыр үні, жетігеннің нәзік сазы, халық әндерінің сырлы әуені Торғай төрін ерекше бір рухани күйге бөледі. Бұл күні сахнада өнер көрсеткен әрбір орындаушының өнерінен мерейтой иесіне деген құрмет анық сезілді. Өйткені Бақытжан Сәуекенов – тек ән шығарған сазгер ғана емес, өзінің шығармашылығымен туған жердің рухын ұлықтап келе жатқан өнер жанашыры.
 
Кешке арнайы келген құрметті меймандар да мерейтой иесіне жүрекжарды тілектерін білдірді. Олардың қатарында Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының басшысы Бағдат Оспанов және Қостанай облысы мәдениет басқармасына қарасты облыстық халық шығармашылығы мен кинобелдеу орталығының әдіскері Мұрат Нағашыбай болды. Құрметті қонақтар Бақытжан Дәуренұлын мерейлі жасымен құттықтап, оның мәдениет пен өнер саласындағы еңбегіне жоғары баға берді. Сазгердің шығармашылық ізденісі мен ұлттық өнерге сіңірген еңбегінің кейінгі буын үшін өнеге екеніне тоқталды. Мерейтой иесіне арналған ізгі тілектер легі де бір арнаға тоғысты. Аудан әкімі Дінмұхамбет Бидашев және өнер жанашырлары, әріптестері мен жерлестері сазгердің азаматтық болмысы мен шығармашылық еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасы амандығы мен шығармашылық шабыт тіледі.
 
Кештің ең толқынысты тұсы – қорытынды бөлім болды. Сахна төріне кешке қатысқан барлық өнерпаздар көтеріліп, мерейтой иесі Бақытжан Дәуренұлымен бірге оның жүрегінен шыққан, Торғайға деген перзенттік махаббаттың музыкалық айнасына айналған «Туған жер – Торғайым!» әнін көпшілік болып орындады. Әуезді ән зал ішін кернеп, көрермен көңіліне ерекше әсер сыйлады. Туған жердің қадірін жырлаған әннің әрбір сөзі мен әуені осы кештің негізгі мазмұнын айқындағандай болды. Өнерпаздармен бірге көрерменнің де әнге қосылып, рухани үндестік табуы – кештің шынайы әсерін танытқан ерекше сәт еді. Сол сәтте сахна мен залдың арасы ажырамағандай әсер қалды. Бір әуенге ұйыған жұртшылық туған жерге деген махаббатын ән арқылы білдірді. Көрермендердің орнынан тұрып, өнерпаздарға және мерейтой иесіне қошемет көрсетуі де кештің қаншалықты жоғары бағаланғанын аңғартты.
 
Өнер – уақытпен бірге жасайтын құндылық. Ал шынайы өнерпаздың шығармасы жылдар өткен сайын өз бағасын жоғалтпай, керісінше кейінгі ұрпақтың рухани қажетіне айналады. Осы тұрғыдан алғанда, Бақытжан Сәуекеновтің шығармашылық мұрасы – Торғай мәдениетінің алтын қорын толықтыратын құнды дүниелердің бірі. Оның әндері арқылы туған жердің тынысы сезіледі. Әуендерінен елге деген сағыныш, азаматтық сезім, ұлттық болмыс пен туған өлкенің қадірі көрініс табады.
 
Жетпіс бес жыл – ғибратты ғұмырдың бір белесі. Бұл – өткенге есеп беріп, атқарылған істі таразылайтын, алдағы күнге жаңа мақсат қоятын мерейлі кезең. Бақытжан Дәуренұлы үшін де бұл мерейтой – өнер жолындағы еңбегінің ел алдында бағаланған, шығармашылық мұрасының ұрпаққа ұсынылған айтулы күні болды. Торғай төрінде өткен «Туған жер – Торғайым!» атты шығармашылық кеш осылайша ән мен күйге, тағылым мен құрметке толы мазмұнды мерекеге ұласты. Кеш соңында көрермен көңілінде бір ғана ой қалды: туған жердің топырағынан тамыр алған өнер ешқашан өлмейді. Ол бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып, елдің рухани жадында өмір сүре береді. Бақытжан Сәуекеновтің өнер жолы да – осының айқын дәлелі. Оның әуені – Торғайдың үні, әні – елге деген сағыныштың сазы, ал шығармашылық мұрасы – кейінгі ұрпаққа қалатын рухани аманат.
 
Өнері елге мұра, әуені ұрпаққа аманат болған сазгердің 75 жылдық мерейтойына арналған бұл кеш Торғай жұртшылығының жүрегінде ұзақ сақталатын рухани мерекеге айналды.
 
Байбатыр АХМЕТБЕК,
Жанкелдин ауданы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру