altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда ел тарихын экран арқылы сөйлеткен деректі фильмдер көрсетілді
26.08.2026
167
0
Қостанайда Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені ұйымдастырған «Хроникадан болашаққа» республикалық деректі кино апталығы өтіп жатыр.

Екі күн ішінде қала тұрғындары елдің бүгінгі тарихын әр қырынан көрсететін төрт фильмді тамашалай алады.
Президент Телерадиокешенінің 30 жылдығына арналған жоба Қазақстанның 20 қаласын қамтиды. Кинолекторийдің кезекті аялдамасы — Қостанай.
 
Мұнда көрермен назарына «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ», «СЕРТ», «ARAL» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» деректі фильмдері ұсынылды. Көрсетілімдер облыстық әкімдіктің қолдауымен өтіп жатыр. Кіру — тегін.
 
Президент телерадиокешені 30 жыл бойы тәуелсіз Қазақстанның шежіресін таспаға түсіріп келеді. Ал деректі кино орталығы осы хрониканы көрерменге әсерлі фильмдер арқылы жеткізуді мақсат етеді.
 
Кинолекторийдің ашылуында Қостанай облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әбілов жоба еліміздің барлық өңірін аралап шыққанын атап өтті.
 
«Қостанай облысы — осы жобаның өңірлердегі соңғы аялдамаларының бірі. Одан кейін жоба Алматыда өз мәресіне жетеді. Сондықтан осындай жобаның біздің облыста өтіп жатқанына қуаныштымыз», — деді ол.
 
Ал Деректі кино орталығының редакторы әрі сценарий авторы Мадина Арғын көрерменге орталықтың жұмысы туралы айтып берді.
 
Оның сөзінше, орталықтың екі негізгі бағыты бар. Біріншісі, Мемлекет басшысының халықаралық сапарлары мен ірі халықаралық іс-шараларын түсіру. Екіншісі, Президенттің тапсырмалары мен Жолдауларында көтерілген мәселелердің жүзеге асуын деректі фильмге айналдыру.
 
«Біз деректі фильмдер мен хроника түсіреміз. Президентпен бірге сапарларға шығамыз немесе оның тапсырмалары бойынша жұмыс істейміз. Кейін осы материалдарды деректі фильмге айналдырамыз», — деді Мадина Арғын.
 
Қостанайлық көрермен бірінші күні «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» және «СЕРТ» фильмдерін көрді. «ЖОЛБАРЫС: ИЗ ТАЙГИ В СТЕПЬ» — Қазақстанға Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру тақырыбына арналған жаңа фильмдердің бірі. Картинада Іле-Балқаш резерватына әкелінген Амур жолбарыстары және Қазақстанда Тұран жолбарысын қайта қалпына келтіру жобасы сөз болады.
 
Фильм авторлары бұл тақырыпты бір күнде түсіре салмаған. Мадина Арғынның айтуынша, түсірілім тобы жолбарыстардың тарихын шамамен екі жыл бойы бақылаған.
 
«Бұл фильмді өзім екі жылдан бері түсіріп жүрмін. Осы тақырыпты ұзақ уақыт бойы бақыладық», — деді ол.

Осылайша, экрандағы бірнеше минуттық кадрдың артында бірнеше жылдық жұмыс тұр.
 
Көрерменге ұсынылған екінші фильм — «СЕРТ». Ол 2024 жылғы көктемгі жойқын су тасқынына арналған. Фильмде Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарындағы оқиғалар қамтылған. Бірақ фильмнің басты кейіпкері — топан су емес. Басты кейіпкерлері — сол күндерді бастан өткерген адамдар. Авторлар тасқын кезінде халықтың қалай өмір сүргенін, қиындықты қалай еңсергенін және кейінгі бес айда өңірлерде атқарылған жұмыстарды көрсетуге тырысқан.
Қостанай үшін бұл тақырыптың жөні бөлек. Себебі 2024 жылғы су тасқыны өңір тұрғындарының жадында әлі де сақтаулы.
 
Фильмді көргеннен кейін өз әсерімен бөліскен ақын, сазгер, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық мемориалдық музейдің басшысы Марғұлан Оспанов картинаның шынайылығына тоқталды.
 
«Фильм өте әсерлі түсірілген. Су тасқыны кезінде Мемлекет басшысы зардап шеккен өңірлерге арнайы барып, халықтың хал-жағдайын көзімен көріп білді. Сол кезде ел абыр-сабыр болып жатқанда, тұрғындардың бірінің „Президентпен амандасқаннан кейін екі күн бойы қолымды жумадым“ деп ағынан жарылуы шынайы көрсетіліпті. Рас, жұртшылық ел билігіне сенім артты және атқамінерлер сол сенімді ақтады», — деді ол.
 
Оның айтуынша, фильмнен халықтың ел билігіне артқан сенімін де байқауға болады.
 
Кинолекторийдің екінші күні көрермендерді мүлде басқа әлемге жетелейді. 27 тамызда сағат 11:00-де «ARAL» және «TRAVEL KAZAKHSTAN» фильмдері көрсетіледі. «ARAL» — Арал теңізіндегі балық шаруашылығына өмірінің жарты ғасырдан астам уақытын арнаған Күнтуған Тұрғынбаев туралы деректі фильм-портрет. Бір адамның өмірі арқылы фильм Аралдың тағдырын, теңіз жағасындағы тіршілікті және уақыттың адам өміріне әсерін көрсетеді.
 
Мадина Арғынның айтуынша, «ARAL» — деректі кино орталығының ең танымал туындыларының бірі. Фильм түрлі фестивальдерге қатысып, халықаралық көрерменге де жол тартқан.
 
Ал «TRAVEL KAZAKHSTAN» фильмінде Қазақстанның туристік әлеуеті сөз болады. Авторлар еліміздің табиғаты, туристік бағыттары мен мүмкіндіктерін көрсете отырып, бір маңызды сұраққа жауап іздейді: Қазақстан әлемдік туристік картада маңызды ойыншы бола ала ма?
 
Осылайша, кинолекторийдің екі күндік бағдарламасы бір-біріне ұқсамайтын төрт тақырыпты біріктіреді: табиғатты қорғау, су тасқыны, Арал тағдыры және туризм. Бірақ олардың барлығын бір нәрсе байланыстырады — Қазақстанның бүгінгі тарихы.
 
Республикалық кинолекторийдің ресми ашылуы 21 мамырда Астанада өтті. Бұған дейін жоба Қызылорда, Түркістан, Шымкент, Тараз, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Жезқазған және Қарағанды қалаларында ұйымдастырылды. Қостанайдан кейін кинолекторий Талдықорған мен Қонаев қалаларына барады. Ал жобаның финалдық көрсетілімі 25 қыркүйекте Алматыда өтеді.
 
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Хроникадан болашаққа» жобасының басты мақсаты — деректі киноны танымал ету және қазіргі Қазақстан тарихын экран арқылы көрсету. Өйткені кейде ел тарихын үлкен саяси оқиғалардан емес, қарапайым адамның тағдырынан көруге болады.
Бір фильмде — тасқынмен күрескен халық. Екіншісінде — Қазақстан даласына қайта оралуы тиіс жолбарыс. Үшіншісінде — Аралдан кетпеген балықшы. Ал төртіншісінде — әлемге Қазақстанды танытатын туристік бағыттар.
 
Барлығы бірігіп, бүгінгі Қазақстанның бір үлкен бейнесін қалыптастырады.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
QOSTANAI TAŃY
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру