altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: «Туған жердің тарланы». Ақын Ақылбек Шаяхметтің мерейтойлық қорытынды кеші Қостанайда өтті
19.06.2026
466
0
Ақын, жазушы, драматург, көсемсөз шебері Ақылбек Шаяхметтің 75 жас мерейтойы Қостанай төрінде түйінделді. Көрікті кеш Жастар сарайында өтіп, ардақты тұлғаға мейлінше құрмет көрсетілді. Жеңіл автокөлік сыйға тартылып, төсбелгімен марапатталды.
 
Қабырғалы қаламгерді қастер тұтқан қалың қауым әуелі ғимарат фойесіне жайылған шығармашылық көрмені тамашалады. Одан соң басты залды лық толтырып, кеш иесін қоғадай жапырылып қарсы алды. Ақынның жоғары беделін құрметтеп, бұл салтанатты кешке елдің әр өңірінен және шет мемлекеттерден құрметті меймандар арнайы келген. Солардың басында Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев бар. Ол Мемлекет басшысының мерейтой иесіне және барша қостанайлық қауымға жолдаған дұғай сәлемін жеткізіп, өзінің де жүрекжарды лебізін арнады.
 
«Ардақты Ақылбек Қожаұлы, сізді айтулы белесіңіз 75 жылдық мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз туған жерден табан аудармай, қасиетті Қостанай өңірінде өнімді еңбек етіп, аймақтың ғана емес, тұтас еліміздің әдебиеті мен мәдениетін байытуға зор үлес қосып келесіз. Сіздің қазақ сөз өнеріне сіңірген өлшеусіз еңбегіңіздің айғағы ретінде ел-жұртыңыз бен әдеби орта жоғары бағалап, құрмет көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ел болашағы үшін оқитын ұлт қалыптастырудың, оның ішінде отандық әдебиетті дамытудың маңызын үнемі алға қояды. Сіз осы стратегиялық бағытқа үн қосып жүрген қаламгерсіз. Руханият майданындағы шығармашылық шабытыңыз ешқашан сарқылмасын!» – деді Мәлік Отарбаев.
 
Ол Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құттықтауы мен алғысын табыстап, «Алтын барыс» төсбелгісімен марапаттады. Облыс басшысы Құмар Ақсақалов да арқаның арқалы ақынын ыстық ықыласын жеткізіп, тамаша сый жасады.
 
«Ақылбек Қожаұлы – ұлттық әдебиетімізде өзіндік қолтаңба қалдырған көрнекті тұлға. Бала күнінен қасиетті қаламды жанына серік етіп келе жатыр. Бүгінгі күні ақиқат жырларымен үлкен қоғам қайраткеріне айналды. Ол – тек сыршыл ақын ғана емес, ұлтының жоғын жоқтаған нағыз қайраткер. Жерлесіміз халықаралық деңгейде мойындалған сан қырлы қаламгер. Бүгінде шығармалары түркі әлемінің ортақ рухани қазынасына айналды. Талай жырлары көрнекті ақын-жазушылар тарапынан зор баға алуы – осы сөзімнің айқын дәлелі. Бұл мерейтой бір ғана облыстың емес, барша қазаққа ортақ мереке!» – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.
 
Кештің ең бір елеулі сәті өңір басшысының Ақылбек ағамызға «КІА Sportage» маркалы автокөлік тарту етуі болды.
 
«Халқымыз ежелден ақынын ардақтаған. Біз де салттан жығылмай, осы мерейлі сәтте мерейтой иесіне ерекше сый ретінде автокөлікті табыстауға рұқсат етіңіздер. Бұл тарту – сіздің ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту жолындағы өлшеусіз еңбегіңізге көрсетілген құрмет пен халық қалауы, азаматтардың қолдауы деп білерсіздер» – деп ілтипат білдірді облыс әкімі.
 
Бұл рухани іс-шараның халықаралық мәнге ие болғанын да ерекшелеп айту керек. Өйткені шығармашылық кешке Әзірбайжан елінің қаламгері, аудармашы Ильгар Тюркоглы және Қырғызстанның қарымды жазушысы Жолдашбек Монолдоров, түркі дүниесінің рухани байланысын нығайтып жүрген көрнекті ақын, «Түрксой» халықаралық жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет арнайы келіп қатысып, тілек-лебіз айтып, тарту-таралғыларын жасады.
 
Бір айта кетерлігі – жетпіс кітап жазған ақынның сөресі тағы үш жинақпен толығып отыр. Олар – балаларға арналған «Ақылды ара» еңбегі, «Көңілдегі көрікті сөздер» афоризмдер жинағы және әзірбайжан тіліне аударылып отырған «Құлып туралы ақиқат» деп аталатын жыр кітабы. Ақылбек ағамыз ақтарыла сөз сөйлеп, жарқылдап жыр оқып, халыққа бас иіп алғысын айтты.
 
Кеште Ақылбек ағаның өлеңдері оқылып, сөзіне жазылған әндер әуеледі, театр ойылымынан үзінді көрсетілді.
 
Іс-шарадан соң мерейтой иесіне су жаңа темір тұлпардың кілті салтанатты жағдайда табыс етілді.
 
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
Ж.Балғынбекұлы
Суреттерді түсірген – Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру