altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Ұлы дала үні Жаркөл жерінде жаңғырды
18.05.2026
540
0
Федоров ауданында алғаш рет ұлттық өнерді ұлықтауға арналған «Ұлы дала әуені» халықаралық этникалық музыка фестиваль-байқауы өтті. Ұлттық мәдениет пен рухани мұраны тоғыстырған ауқымды өнер мерекесі аудан жұртшылығына ерекше әсер сыйлады.
 
Киелі аудан сахнасында қазақтың бай музыкалық мұрасы кеңінен насихатталып, ұлттық аспаптар дәріптелді. Ауқымды іс-шараға елімізге танымал этно-музыка өкілдері арнайы келді. Фестивальға облыстың оңға тарта ауданынан өнерпаздар келіп, бақтарын сынады. Сонымен қатар, Башқұртстан Республикасының Уфа қаласынан келген қатысушы фестивальдің халықаралық деңгейін айқындай түсті. Басты ұйымдастырушылар Федоров ауданы әкімдігі мен «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» болды.
 
Фестиваль аясында «Қазақтың музыкалық аспаптарының түрлері және жаңғырту жолдары» тақырыбында шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Онда қатысушылар қазақтың көне музыкалық аспаптарының тарихымен танысып, олардың бүгінгі заманға сай жаңғыру бағыттары жөнінде пікір алмасты. Яғни, Астана қаласынан келген «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі мен Көкшетау қаласының мультиаспапшысы Айзада Кемелдің шеберлік сағатына куә болды.
 
«Бұл өңірге екінші рет келіп отырмыз. Алғашқы сапардағы әсеріміз мүлде бөлек еді. Ал бұл жолы біз тыңғылықты дайындықпен келдік. Қазақтың музыкалық аспаптарын тек насихаттап қана қоймай, халық арасына кеңінен тарату мақсатында арнайы сыйлыққа алып келген аспаптарымыз да бар. Соның бірнешеуін жаңа ғана шеберлік сабағында табыстадық. Фестивальдің ерекшелігі – тәжірибе алмасу алаңы болуында. Өнерпаздардың басын қосып, бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік жасау біз үшін маңызды. Сондықтан іс-шараның әділ әрі мазмұнды өтуіне бар күшімізді салдық. Кейбір аспаптардың үні адамға ерекше рух береді. Өйткені бұл – біздің қанымызда, жадымызда сақталған үн. Ғасырлар бойы ұмытылып барып, қайта жаңғырған мұндай аспаптар халықтың рухын көтереді. Сондықтан оны халық қайта тануы керек», – деді «Жошы» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі, музыкант әрі аспап жасаушы шебер Азамат Бақия.
 
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Айнұр Салпенованың айтуынша, бұл ауқымды іс-шара Қостанай облысының 90 жылдығына орай алғаш рет халықаралық деңгейдегі этникалық музыка фестиваль-байқауы ұйымдастырылып отыр.
 
«Халықаралық деңгейдегі «Ұлы дала әуені» этникалық музыка фестиваль-байқауы алғаш рет өткізіліп жатыр. Бұл іс-шара Қостанай облысының 90 жылдығына арналған маңызды мәдени жобалардың бірі. Фестивальдің халықаралық деңгейде өтуі біз үшін үлкен мәртебе. Арнайы шақырылған қонақтар қатарында Астана қаласынан келген «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі мен Көкшетау облыстық филармониясының солисі, мультиаспапшы, республикалық байқаулардың лауреаты Айзада Кемел бар. Осы іс-шара арқылы атадан қалған асыл мұрамызды дәріптеп, ұлттық өнерге жастардың қызығушылығын арттыруды көздейміз. Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен көне аспаптарын кеңінен таныстырып, келер ұрпаққа жеткізу – басты міндетіміздің бірі. Сондай-ақ, келушілер қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалады», – дейді Айнұр Салпенова.
 
Маңызды кезең салтанатты түрде ашылып, Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаев сөз алып, қонақтарға лебізін білдірді.
 
«Өнер – халықтың жаны, мәдениет – халықтың келбеті, ал шығармашылық – ұлттың болашаққа қарай құлаш сермейтін қанаты» деген сөз өзінің маңызын жоғалтқан жоқ. Сондықтан өнер мен мәдениетті ел арасында кеңінен насихаттап, ұлттық құндылықтарды ұлықтау – баршамызға ортақ міндет. Ауданымызда ұлттық өнерді дәріптеуге арналған «Ұлы дала әуені» этникалық музыка фестивалінің алғаш рет өтуі – соның айқын дәлелі. Бұл фестиваль алдағы уақытта жастарды өнерге баулитын, ұлттық рухты көтеретін дәстүрлі мәдени шараға айналады деп сенемін. Өйткені этникалық музыка – халқымыздың тарихын, дүниетанымын, салт-дәстүрін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін асыл мұра. Осындай өнер мерекелері арқылы біз ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып қана қоймай, жастардың бойына рухани құндылықтарды сіңіреміз. Фестивальдің ауқымы мен мазмұны оның маңыздылығын айқын көрсетіп отыр. Іс-шараға облыстың түкпір-түкпірінен және көршілес елден келген өнерпаздардың қатысуы – мәдени байланыстарды нығайтуға үлкен мүмкіндік», – деді аудан әкімі Тәуба Исабаев.
 
Байқау қатысушылары екі шығармадан орындап берді. Жеке орындаушылар да, өнер ұжымдары да қатысты. Құрметті қонақтардың қатарында белгілі жазушы, ақын Серікбай Оспанов пен ғалым Гүлзада Мырзағалиева болды.
 
Сахна төрінде этникалық музыка, халық әндері мен аспаптық шығармалар орындалып, әр қатысушы өз өңірінің мәдени ерекшелігін таныстырды. Қазылар алқасы орындаушылардың шеберлігіне, сахна мәдениетіне және ұлттық нақышты жеткізу деңгейіне ерекше назар аударды. Нәтижесінде қатысқаны үшін Қарабалық ауданының «Шабыт» этно ансамблі мен Қостанай қаласынан «Шертер» этно ансамблі алғыс хат пен ақшалай сыйлыққа ие болды. Арнайы сыйлық Әулиекөл ауданының «Қазына» фольклорлық ансамблі мен Федоров ауданының «Феникс» ВАА-ға бұйырды. Үшінші орынды Сарыкөл ауданынан келген «Сударушка» ложкарей ансамблі жеңіп алды. Федоров ауданының «Илигай» вокалды-аспаптық тобына екінші орын бұйырды. Бірінші орынды федоровтық «Жаркөл» этно ансамблі жеңіп алса, Гран-при Ресей Федерациясы, Башқұртстан Республикасы, Уфа қаласынан келген өнерпаз Юлай Касимовқа бұйырды.
 
«Қазақстанда әрдайым болу мен үшін өте қуанышты әрі ерекше сезім. Өзім музыкалық шығармашылық жұмысымның арқасында бұл елге жиі келіп тұрамын. Сондықтан да Қазақстан маған жақсы таныс, жүрегіме жақын елдердің бірі. Бірақ Қостанай өңіріне алғаш рет келуім. Осы фестиваль туралы естіген сәтте-ақ қуана қабыл алдым. Бұл мен үшін үлкен жаңалық әрі ерекше тәжірибе болды. Бірінші кезекте, ұйымдастырушыларға және бүкіл командаға жылы қабылдауы үшін үлкен алғысымды білдіремін. Фестивальдің деңгейі өте жоғары, жұмыс жүйелі әрі нақты ұйымдастырылған. Осындай шараға қатысып, өз өнерімнің жоғары бағаланғаны мен үшін үлкен мәртебе. Нәтижемен өте ризамын. Барлық қатысушыларға, ұйымдастырушыларға және көрермендерге амандық, табыс және береке тілеймін. Өз тарапымнан айтарым – барлық өнер ұжымдарын Башқұртстанға қонақ болуға әрдайым шақырамын», – деді жеңімпаз Юлай Касимов.
 
Осылайша Федоров жерінде тұңғыш рет өткен халықаралық фестиваль ұлттық өнердің өміршеңдігін тағы бір дәлелдеп, көрерменге рухани серпіліс сыйлады.
 
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Василий ВАСИЛЬЕВ
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайдың қала күні – әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында «NE PROSTO ORCHESTRA» симфониялық оркестрі жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында қазақстандық эстрада жұлдызы Alem жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Қала күні құтты болсын, Қостанай! Туған қаламыз көркейіп, дами берсін!
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
15.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Қостанайда қаланың 147 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 тамызда сағат 17:00-де облыс әкімдігі алаңында бас дирижер Лилия Ислямованың жетекшілігімен А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті өтті
10.08.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АБАЙ – ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ
07.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 тамыз күні сағат17:00-де бекітілген жоспарға және KPI көрсеткіштерін орындау аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған көшпелі концерт Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылында өткізілді
07.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«АЛТЫН МИКРОФОН – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ Сіздерді вокалистердің «Алтын микрофон – 2026» XXII халықаралық байқауының салтанатты ашылу рәсіміне шақырамыз! Бұл күні түрлі елдерден келген талантты орындаушылар бас қосып, үлкен шығармашылық додаға жол ашады. Әсем ән мен жарқын әсерге толы өнер мерекесінің куәсі болыңыздар! Келіңіздер, жас таланттарға бірге қолдау көрсетейік! 
04.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласында — «Алтын дән» балалар шығармашылығы фестивалі! 15 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «Даму бала» жобасының балалар шығармашылық ұжымдары қатысатын «Алтын дән» фестивалі өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, әсем әндер, әсерлі билер мен мерекелік көңіл күй күтеді!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
18.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
АБАЙ – ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
10.08.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру