altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
САРАЙШЫҚ: Анар МҰЗДАХАНОВА: «Әкенің аманаты — менің өмірлік жолым»
15.09.2025
680
0
Таяуда Аманкелді ауданына қарасты Қарасу ауылында «Аққу домбыра» атты тағылымы терең рухани кеш өтті. Бұл кеш Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, мәдениет саласының үздігі Анар Айтбайқызы Мұздахановаға арналды. Осындай ерекше сәтті пайдаланып, күйшінің өзімен сырлы әңгіме өрбітуді жөн көрдік.


 
— Күй өнері - қастерлі, қасиетті өнер. Сіздің күйші болуыңызға ата-тегіңіздің ықпалы көп екенін дүйім ел жақсы біледі. Әсіресе, Айтбай Мұздаханов елімізге белгілі күйші. Өзіңіздің күйге келу жолыңыз жайлы баяндап берсеңіз...
 
— Күй - маған ата-бабамнан дарыған аманат. Бала күнімнен құлағыма сіңіп, жүрегіме орныққан қасиетті өнер десем артық емес. Молдаш атам - төкпе күйдің, Мұздахан атам - шертпе күйдің шебері болған екен. Ал, әкем Айтбай Мұздаханов – барша қазаққа танымал күйші. Сондықтан, «ананың сүтімен, әкенің қанымен дарыды» деген сөздің дәл өзі менің өмір жолыма арналғандай. Біз - төрт ағайындымыз, барлығымыз да домбыра шертіп, ән айтамыз. Дегенмен, әкемнің күйшілік дәстүрін жалғастырып, оның мұрасын дәріптеуді тағдыр маған бұйыртыпты. Балалық шағымда аудандық өнер мектебінде алғашқы музыкалық білім алып, одан кейін Алматыдағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеде кәсіби дәріс алдым. Арқалық педагогикалық институтына түсуіме тұрмыстық жағдай да әсер етті: студент кезімде отбасын құрып, Алматыда қалып қоюға мүмкіндік болмады. Сөйтіп, жас маман ретінде Арқалыққа қоныс аудардық. Өнер жолындағы алғашқы қадамымды 1986 жылы Арқалық қаласындағы Пионерлер үйінің ұлттық аспаптар ансамблінде бастадым. Кейін Торғай облысы жабылғанда, елордаға шақырылып, Президенттің тікелей қолдауымен Астанаға қоныс аудардым. Осылайша, Елордамыздағы Мемлекеттік академиялық филармония оркестрінде концертмейстер әрі жеке орындаушы ретінде 27 жыл табан аудармай қызмет еттім. Бұл жылдар – өнердің ең бір қызу кезеңі болды. Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, күйді насихаттап, халықтың рухани қазынасын дәріптедік. Көпшілік зейнетке шыққаннан кейін өнерден қол үзіп, домбыраны шетке қояды деп ойлауы мүмкін. Алайда, мен үшін керісінше, шығармашылықтың жаңа бір тынысы енді басталғандай. Себебі өнер – сарқылмас дария, тоқтаусыз ағып жатқан бұлақ. Соның айғағы ретінде зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі алғашқы жеке шығармашылық кешімді өзім туған Қарасу ауылында, алғаш әліппе таныған Жасбуын мектебінде өткіздім. Бұл - мен үшін үлкен тағзым әрі өнер жолындағы жаңа белестің бастауы.
 
— Күйшілер домбыраны тарта жөнелгенде, тыңдаған жұрттың делебесі қозып, жүрегі алабұртып отырады. Қазақтың күйге деген құрметі де ерекше. Сіздің төгілтіп тартатын күйлеріңізге қарап, кейде батыс өңірінің сарыны байқалатындай әсер аламыз...
 
— Дұрыс байқадыңыз. Бұл сауалды көпшілік жиі қояды. Өйткені Торғайдың арғы жағы Ырғыз, одан әрі Ақтөбе өңірімен жалғасады ғой. Осыған байланысты күйшілік мектептердің тоғысы біздің жаққа да ықпал еткені анық. Менің алғашқы ұстазым – әкем. Әкемнен үйренген күйдің әуені мені баурап, бала кезімнен құлағыма сіңді. Кейін өнер жолындағы екінші ұстазым – Ораз Қожасов болды. Ол кісі - Тілеш Бәділовтің шәкірті. Осы орайда бір қызық оқиғаны айта кетейін. Студент кезімде Алматыға бардым. Сол кезде ол кісі менің тартуымды тыңдап отырып: «Қағысы да, тарту мәнері де менікіне ұқсайды екен» деп таңғалды. «Кімнен оқыдың?» деп сұрағанда мен Ораз Қожасовты атадым. Сонда Тілеш аға күліп: «Ә, ол өзі менен тәлім алған ғой» деді. Осылайша өнердің сабақтастығының, күйшілік дәстүрдің үзілмей жалғасып келе жатқанын көзіммен көрдім. Тілеш ағамыз менің қолымды түзетіп, қайта бағыттап әуреленген жоқ. «Сен дайынсың, өз жолыңды тапқансың» деді. Содан кейін Құрманғазы, Дина, Қазанғап, Сүгір сынды ұлы күйшілердің мұраларын үйреніп, солардың мектептеріне ден қоя бастадым. Әрине, оның алдында әкемнің күйлерін, ауылдың ардагер күйшілерінен естіген әуендерді көкірегіме тоқып өскенмін. Сол іргетас кейінгі үлкен жолға бастады десем қателеспеймін.
 
— Әкеңіз Айтбай Мұздаханов басында сыңарыңыз Серікке домбыра үйретіп отырса, сіз көрші бөлмеден сол күйді, әуенді тыңдап, домбыраға салып отырады дегенді естіп едік...
 
— Бала кезімнен ерекше зерек болдым. Тыңдаған әуенді бірден санама тоқып, жадыма сақтап қалатынмын. Біз - отбасында төрт ағайындымыз дедім ғой. Менің егіз сыңарым - Серік. Әкем әуелі соған домбыра үйрететін. Ал, мен көрші бөлмеде отырып-ақ, әрбір әуенді іліп алып, іштей қайталап отыратынмын. Әкем «Сырттан келсем, біреу домбыраны төгілтіп тартып отыр. Құлақ түрсем – қызым екен» деп таңғалғаны бар. Содан бастап: «Серіктен гөрі мына қызымның ықыласы бөлек екен» деп, маған ерекше көңіл бөліп, домбыраның қыр-сырын, халық күйлерін үйрете бастады. Әкемнің сол қамқорлығы мен сенімі арқасында бойыма өнерге деген махаббат пен табандылық ұялады.
 
— Тек елімізде емес, әлемнің талай сахнасында өнер көрсеттіңіз. Шыны керек, шетелде түрлі қызық оқиға болып жатады ғой. Сондай бір сәт есіңізде бар ма?
 
— Әрине, шетел сахнасында жүріп талай әсерлі оқиғалардың куәсі болдық. Қазақ өнеріне, күйі мен әніне деген шетел жұртшылығының ықыласы ерекше. Мәселен, Қытайдың Шанхай қаласында өткен халықаралық көрмеге екі ай бойы қатыстық. Сол жерде қазақтың дәстүрлі әні мен күйін, ұлттық киім үлгісін таныстырып, күн сайын өнер көрсетіп отырдық. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген өнерпаздар арасындағы байқауда бірінші орынды Жапония, екінші орынды Араб елінің өкілдері алса, үшінші орын Қазақстанға бұйырды. Бұл біздің ұлттық өнеріміздің қай деңгейде бағаланатынын көрсеткен айқын дәлел. Сол көрме күндері біздің сахнаға деген қызығушылық ерекше болды. Әдетте біз таңғы сағат 10:00-де бастаймыз, кешкі 20:00-де аяқтаймыз. Ал Қытай халқы таңғы үштен бастап кезекке тұратын. Осыншалықты қызығушылықтың куәсі болу – біз үшін үлкен мәртебе еді. Әсіресе бір сәт есімнен кетпейді. Бір қарт кісі бар еді, жасы сексенге таяп қалған. Көрме өткен екі ай бойы күн сайын келіп, біздің ән-күйімізді тыңдап, көзіне жас алып, ерекше тебіреніп отыратын. Кейін анамның сіңілісі Райхан апай сол кісіден сыр тартып сұрағанда, ол: «Менің арманым – Қазақстанға бару. Маған паспорт жасап берсеңдер, қазақ жеріне жеткім келеді» депті. Бұл сөзді естігенде бәріміз қатты толқыдық. Кейін елшілік арқылы құжаттары рәсімделіп, ол кісі ақыры қазақ еліне табан тіреді. Міне, осындай оқиғалар біздің өнердің шынайы күші мен ықпалын дәлелдейді. Қазақтың күйі мен әні – тек әуен ғана емес, ол – жүрекке жететін сыр, адамның жанын тербейтін тылсым қуат.
 
— Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай арнайы күй шығарғаныңызды естідік. Осы жөнінде кеңірек айтып берсеңіз...
 
— Шынын айтсам, Міржақып атамызға арнап күй шығару ойымда бұрыннан жүрген. Бірақ көпке дейін әуен келмей, шабыт оянбай жүрді. Өйткені, мен күйді нотаға қарап отырып шығармаймын. Әрине, кәсіби күйші болған соң нотаны білемін, қолдана да аламын. Дегенмен, менің табиғатыма жақыны әуенді жүрекпен сезіну, оны табиғи күйінде қағып алу. Осылайша талай уақыт бойы іштей толғанып жүрдім. Бір күні Қостанай облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының басшысы Дамир Елтайұлы хабарласты. Әңгіме арасында: «Мен Міржақып Дулатұлына арналып шығарылған 3-4 күйді тыңдадым. Әрине, «жақсы» не «жаман» деп баға беру оңай емес. Бірақ бір ой келді сіздің өз қолтаңбаңызбен, өз стиліңізбен Міржақыпқа арнап күй шығаруыңыз керек сияқты. Оны сізден күтемін. Бұл – менің сізге тапсырысым болсын» деді. Сол сәтте ішімде бір шоқ тұтанып кеткендей болды. Нанасыз ба, бәлкім, дәл сол сөзді күтіп жүрген шығармын. Келесі күні-ақ әуен құйылып, ойым мен қолым үйлесіп, бір күннің ішінде күй туды. Әуені де, ырғағы да, рухы да бірден табылды. Дамир мырзаға 2-3 күннен соң Уатсап мессенджеріне жібердім. Тыңдап болған соң: «Керемет! Тамаша шыққан екен!» – деп қуанышын жеткізді. Әкем де осы нұсқасын ерекше ұнатты. Дегенмен күйді әлі де пісіріп, өңдеу керек. Себебі өнер толассыз ізденіс. Бұл күйге мен «Оян, қазақ» деген ат бердім. Себебі ол Міржақып Дулатұлының ұлтқа арнаған үндеуі, біздің бүгінгі буынға да жолдаған аманаты.
 
— Әңгімеңізге рахмет!

САРАЙШЫҚ
Әңгімелескен Бейбіт МЕЙРАМҰЛЫ,
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Қарасу ауылы
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «MOVE & DANCE» DJ-бағдарламасы! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында мерекелік DJ-бағдарлама өтеді! Сіздерді заманауи музыкалық хиттер, би ырғағы, қуатты энергия мен жарқын эмоциялар күтеді!
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
17.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Туған күніңмен, ауданым!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру