altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
QOSTANAI TAŃY: Әсия БЕРКЕНОВА: «Айтыс – дау емес, ой жарысы»
31.07.2025
636
0
Теги: Айтыс
Айтыстың формасы жаңарғанмен, мазмұны кейде таптаурынға айналып барады. Қоғам өзгерді, тың тақырыптар, жаңа көзқарастар қажет-ақ. Кей айтыстар шоуға айналып, рухани тереңдік азайып кеткендей.
 
 
Халықтың шынайы мұңы мен замана үні естілмей жатады дейді кейбір сыншылар. Айтыстың деректі, зерттеу жанрларын дамыту керек сияқты. Кейініректе осыны байқап жүрміз. Халық ақыны, Тобыл-Торғай өңірінің ардақты қызы Әсия Беркенова осы жөнінде бізге ой-пікірін айтты.
 
– Ақын тәрбиелеу – үлкен еңбек. Бүгінде айтыс өнеріне баулу, жастарды тәрбиелеу мәселесі жиі айтыла бастады. Қостанай өңірінде бұл бағытта қандай олқылықтар бар деп ойлайсыз?
 
– Айналайын, бүгінгі айтыстың келбеті, мазмұны сені де толғандырып жүр екен ғой. Бойында ақындықтың ұшқыны жоқ адамды ақын қылып шығара алмайсың. Ақындық өзінің талпынысы, тегінде, болмысында болса ғана тәрбиелейсің. Бірінші адами қасиеттерге тәрбиелеу, сыйластыққа, сөздің бағасын білуге, қарсыласты кемсітпеуге, әзілдің орнын білуге, дөрекілікке жол бермеуге үйрету маңызды. Айтыста дауласудың соңы жауласу болмау керек дегенді санасына сіңіріп, сөзбен жеңе білуді, жеңілгенді мойындай білуді үйрету, соған баулу керек. Кейбір жастарға, бәлкім, осы жағы жетпей жатқан сияқты…
 
– Бұрынғы айтыстар ұрпақ тәрбиесінің құралы еді. Белгілі бір тұлға немесе өңір тақырыбы берілгенде сіздер қалай дайындалатын едіңіздер? Қазір кейбір жас ақындардың дайындықсыз шығатыны байқалады. Мысалы, облыста өткен соңғы айтыстарда осындай көріністерге куә болдық. Бұған не дейсіз?
 
– Кез келген айтыс бір тақырыпқа байланысты өтіп жатады: біреудің мерейтойы, білім, жастар мәселесі дегендей… Поэзия кеші болса, өлеңді оқып бере қоясың. Әнші болсаң, әніңді орындайсың. Ал айтыста кешенді дайындықсыз сәтті өнер көрсете алмайсың. Сөз додасы бір тақырыпқа арналғандықтан, оған қатысты өзіңнің түсінігің, көзқарасың, пайым-парасатың сол жерде көрінеді. Тақырыпты барынша зерттеуің керек. Кеңес кезінде біз аудан мен аудан, облыс пен облыс айтысатын едік. Облысты аралап, мәселелерді, кем-кетікті көріп, соны жоюға шақыратынбыз. Бір тұлғаның мерейтойы болса, сол жайында ізденіп, қасиеттерін, заманға беретін үлгісі бар ма – бәрін пайымдау қажет. Өзіңнің білімің, пайымың содан көрініп тұруы керек. Өлеңмен өріп, қарсыласыңның ойын білесің.
 
– Жұпты алдын ала білу суырыпсалмалыққа кедергі ме? Кейінгі кезде ақындардың жұптары алдын ала белгілі болатыны сынға ұшырап жүр. Көпшілік мұны суырыпсалмалықты әлсіретіп, жаттанды айтысқа ұрындырады дейді. Осы пікірге көзқарасыңыз қалай?
 
– Айтыстың керемет дәуірлеп тұрған шағында, 18-19 ғасырда да сал-сері ақындар үлкен асқа, жәрмеңкеге барып, сол жерден біреумен айтысатынын алдын ала білген. Өйткені ол жерде кімдер баратынын естиді, соларды іздеп баратындар да кездескен. Ойда-жоқта сахнаға біреуді алып шығып ешқашан айтыспайды. Біздің кезімізде де, бізге дейін де солай болған. Бірақ ол ақынның не айтатынын білмейсің, ол сенің не айтатыныңнан хабарсыз. Бұл жерде тек диалог болады. Оның суырыпсалмалыққа ешқандай кедергісі жоқ. Қазіргі айтыста өзім көріп, естідім демеймін, дегенмен, көптің айтуынша, қазір кейбір ақындар алдын ала «мен мынаны айтам, сен ананы айт» деп келісетінін естіп жатырмын. Әрине, бұл деген суырыпсалмалыққа деген нағыз қиянат. Біздің кезімізде ондай нәрсе болған жоқ. Ал қарсыласыңды білудің зияны жоқ. Оны зерттеп, не айтарыңды екшеп барасың. Бұл жерде сыналатыны – екі ақынның қаншалықты терең жырлай алатыны.
 
Біздің облыста жақсы өсіп келе жатқан жас ақындар бар. «Демеу керек, республикаға барғымыз келеді» дейтіндері болады. Республикалық деңгейдегі ақындарға жету үшін шыңдалып, ізденгені жөн. Суырыпсалмалыққа машықтану керек. Тек дайын нөмірмен шығу дегенді доғарса жақсы болар еді.
 
– Қазір рулар арасында бәсеке пайда болған сияқты. Ас беріп, айтыс өткізіп, ақындарға руын мақтатады. Иә, руды білген дұрыс. «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген бар. Бірақ руды мадақтаудың арғы жағында «менің руым бірлікшіл, сенің руың не істеді?» дегендей бір мысқыл ма, шымшушы ой ма, сондай бір нәрсе жататын сияқты. Жалпы, ас беру дегенге Абай атамыз да қарсы болған екен. Қазір тойдан гөрі ойға жақын болатын заман емес пе?! «Мемлекетшіл болуымыз керек» деп зиялыларымыз айтып та жүр. Біз руымызды мадақтаймыз деп, артық кетіп қалмадық па? Әрекетіміз бен сөзіміз екіұшты болып жатқан жоқ па?
 
– Біреудің мерейтойында, тұлғаларды еске алу, т.б. айтыс ұйымдастырса, оның сөкеттігі жоқ. Мысалы, ат шаптырып та жатады. Бәйгені сорлап шауып келген ат емес, соның үстінде отырған адам алады ғой. Ақындар ол тұлғаның жетістігін, ұлағатын айтуға міндетті. Мадақ жырларды айтыстың үстінде ғана емес, былайғы өмірде де рулар арасындағы бір шіреніс-тіреністерді естіп қаламыз. Әр ру өткен бабаларымен мақтанады, өзіміз еліміз үшін не істеп жүрміз дегенде күмілжитініміз бар. Руды білген дұрыс әрине, бірақ бөліну емес, бірігу үшін.
 
Иә, бәйге тігіп, айтыс өткізіп жатқан адамның мерейін асырған дұрыс. Дәстүрімізде бұрыннан бар. Мақтағаннан ұтылмаймыз. Тек оны мәдениетті түрде жырлап, рудың туын ғана көтеру емес, сыйластықты, бірлікті сақтау үшін айтқан абзал.
 
Ой деген нәрсе – ақынды ғана емес, әр адамды жетелеуші күш. Ақынның әрдайым ойда болуы шарт. Өйткені оның ойы аузынан сүбелі сөз болып шығады. Ойы жоқ адамның салиқалы сөзі болмайды. Ақындар міндетті түрде ойлы болуы керек.
 
Мемлекетшіл болу туралы айтарым мынадай. Елімізді әрқайсымыз әрқалай сүйеміз. Бірақ маған мынадай ой келеді: шынында Отан деген қарапайым халықтікі де, жер байлардікі, қарап отырсаң. Сонда жер бөлек, Отан бөлек пе деп түсінбейсің. Олар өздерінің жері үшін жаны шығып жатса, халық Отаны үшін күйіп-піседі. Сондықтан, ең алдымен, мемлекеттің тізгінін ұстап отырған адамдардың жаны, ойы адал болуы керек. Өзінің кабинетінің тұсына ілулі тұрған елтаңбаның, тудың авторларын білмейтін шенеуніктер жай әншейін айлық алғанына шіреніп жүрсе, елдің билігінен не қайыр? Осыны ақындар айтып жүреді. Біздің ақсап тұрған жеріміз Мәдениет және ақпарат министрілігі болсын, ақындардың айтқан орынды сөздерінен тұжырым шығармайды. Оны реттеуге атсалыспайды. Біздің кезімізде айтқан мәселелер шешімін тапты деп еститінбіз.
 
– Ақындар алтын уақытын бөліп, кейінгі ізбасарларға бағыт-бағдар беріп, дайындап, қолдауын көрсетіп жүреді. Осы киелі өнерді жалғар дарынды жастарды тәрбеиелеу үшін арнайы ақындар мектебін неге ашпасқа? Шығармашылық шабытпен өнер адамдары еңбектене береді, оларға қаржылай қолдау керек-ақ! Ақындықты жүйелі түрде үйрететін мектеп қажет пе? Ақындар мектебі ашылса, оның жұмыс істеу жүйесі қандай болу керек деп ойлайсыз?
 
– Меніңше, бір ғана мектеп емес, әр білім ошағының ішінен ашылуы керек. Әсіресе, ұлттық мектептерде дене шынықтыру, ән-күй, сурет, еңбек сияқты пәндер қатарына енгізілсе, қандай жарасымды болар еді. Сол жерден домбыраны, ақындықты үйреніп шығады. Қазір оқушылар айтысын өткізеді, бірақ көбіне көзбояушылық. Республикалық деңгейге шыққандардың өзі кейін бетпердесі ашылып, біреу жазып бергені белгілі болады. Шынайы таланттар шелектеп жинайтын емес, 2-3 адам болуы мүмкін. Екі адаммен де сабақ үйрете алады. Би үйірмесі бар ғой, сол секілді ақындық үйірмесі де болуы керек.
 
– Сахнадағы бір сөзіңізде халықты бала-шағасымен айтысқа келіп, ұрпағын баулуға шақырдыңыз. Шынында алдыңғы буын айтыс өнерін түсініп, тамашалау үшін сағынып келеді. Кейінгі ата-аналарға қандай тілегіңіз бар?
 
– Иә, ата-аналарға айтып жүрміз, балалар тілді, ұлттық өнерді сүю үшін әуелі өздері соған жақын болғаны дұрыс. Мысал ретінде айтайын, біздің Қостанайда
 
1 қыркүйек күні 100 бала мектепке барды десек, соның жартысынан көбі орыс мектебінің табалдырығын аттайды. Ұлттық құндылықтарды сақтауға әрқайсымыз жауапты екенімізді түсінбейміз. Мемлекеттік тілді білмей, сыйламай, менсінбей, орысша сөйлеп жүреді. Олар балаларын дұрыс тәрбиелей алмай жүр, өйткені оларға дұрыс тәрбие берілмеген. Мәселен, біз 70 жыл кеңестік дәуірде өмір сүрсек те, тілімізді ұмытпадық. Ал 30 жыл тәуелсіз ел болып отырып, әлі ұлттық санамыз оянбай жатыр. Әсіресе, жастар жағына сын көп. «Қостанай орыстанып кеткен» дейміз, бірақ көбіне өзара орысша сөйлесіп жүрген кемпір-шалдар бар. Бәлкім, қайталанып жүрген сөз шығар, әркім тәрбиені өзінен, өзінің үйінен бастағаны абзал. Ұлттық өнерді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу арқылы халық ретінде бірегей болмысымызды сақтаймыз.
 
– Сұрақтарымызға жауап беріп, ой бөліскеніңізге көп рахмет! Деніңіз сау болсын!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
QOSTANAI TAŃY: Біз үшеу едік
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
QOSTANAI TAŃY: «ӨРТЕҢГЕ ӨСКЕН КӨК ҚҰРАҚ»
Автор: БАСТЫ мәдениет үйі
16.09.2026
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру