Қостанай ауданындағы Алтын Ержанова жетекшілік ететін «Қазына» клубының мүшелері Алматы қаласынан келді. Олар КТК арнасында өтетін «Кел, шырқайық!» бағдарламасына шақырту алған болатын.
Аталмыш бағдарламаның қонағы болып, қатысып, Қостанайдың ыстық сәлемін жеткізіп, көтеріңкі көңіл күймен елге жетті.
Айтар әңгімелері де, алған әсерлері де мол.