altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
"Қостанай таңы" газеті: Жыр арқауы – Астана
28.04.2018
2037
0
     28.04.2018
28.04.2018

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kz





Жыр арқауы – Астана


Жазған: web_redaktor





Оқушылар арасындағы облыстық «Жас тұлпар» дәстүрлі айтысы да өз мәресіне жетті. Биыл 26-шы рет сөз жарысына түскен өрендердің қасиет тұнған Әулиекөл жерінде бас қосқанын айта кетейік. «Жас тұлпарлықтар» дәл осы ауданға тура ширек ғасыр салып оралып отыр. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған биылғы жыр додасы Елорданың 20 жылдығына арналды.

Бұл жолы өңіріміздің аудан-қалаларынан 16 ақын 8 жұп болып сөз қағыстырды. Бұған дейін сөз додасына түсіп үйреніп қалғандар мен алғаш рет сахнаға шығып, жарқ етіп көзге түскендер де баршылық. Осындай ел ықыласына бөленген түбітқанаттың бірі әулиекөлдік Айбек Ғабдуллин екенін айта кеткен жөн. Сөз саптасы кесек, шумақтары жұмыр, шымыр. Тарихтан кең көсіліп толғау жағынан алдына жан салған жоқ. Әрі тақырыпты да орамды аша түсті. Өзін «Өр ақын Әсияның сынығымын» деген Айбек қарсыласы Данияр Нығматовқа «Құлагердей көсіліп шапқың келсе, Ақандай алдан шығып жол қарайын» деген теңеуі өте ұтымды шығып жатты. Көпшілікті елең еткізген тағы бір жұп – тарандық Еркебұлан Әсет пен Сарыкөл ауданының үкілеген аруы Құндыз Адырбаева. Еркебұланның қарсыласына: «Құндыз қызға аспандағы жұлдызды алып берем», — дегеніне, Құндыз да қарап отырмай оны: «Жұлдыз алып берем деп қиялдамай, Ауданыңды Бейімбет деп өзгертіп ал», — деп әзіл де болса ащы мысқылмен түйреп өтті. Еркебұлан биыл ауданның Майлин атауын алған құрметіне дүркіреген той өтетінін айтып, көрермен мерейін көтеріп тастағанын айтпайсыз ба! Лайым солай болғай дегеннен басқа айтар жоқ. Ал алтынсариндік Ерасыл Рашиттің әулиелі мекеннің жер атауларын әдемі сөзбен өрнектей келе, «Бір ғана Әулиекөлдің құшағына Астананы әкелсе де сияды екен» түйіні залдағы ағайынның мерейін өсіріп жібергендей. Ерасыл жанкелдиннен келген қарсыласы Бекзат Нұрмұхамедті «Ұстазың Байбатыр Торғайдан ақын таппағандай, Сужарғаннан өзінің туысын әкеліпті» деп түйреп алды. «Ұстазың Балтасар мен Тобалардай, Көтерген алып таулар Толағайдай. Ал өзің қайдан келдің қаңғалақтап, Тасқыннан қалып қойған шорағайдай». Бұл – шумақ Алтынсарин ауданынан келген тағы бір жас өрен Ержан Сәндібектің аманкелділік Жауынбай Жылқыбайұлына қарата айтқан әзілі. Көрермен көзайымына айналған тағы бір жұп – Қостанай қаласының атынан шыққан Досбол Мысыр мен рудныйлық Жамбыл Тоққожаев болды десек, артық айтқандық емес. Құртақандай екеу жеңіл қалжың, шымшыма сөздерімен көпшілікті күлкіге батырып отырды. Ал жітіқаралық Әл-Фараби Төрезат пен арқалықтық Талғат Рағатов сайысының бірлікке үндеуі жарасып-ақ тұр. Әсіресе, Талғаттың «не мен келін, туыс пен туыс, билік пен бұқара айтыспай, айтыс тек ақындар арасында ғана болсын» дегені елді тәнті қылды. Сегіз жұптың негізгі жыр жарысы аяқталған соң жоғары ұпай алған төрт айтыскер ақтық додада қысқа-қысқа сөз қағыстырып, сұрақ-жауапқа көшті. Үшінші орынға тағайындалған төрт жүлдені Досбол Мысыр, Ержан Сәндібек, Жауынбай Жылқыбайұлы, Жамбыл Тоққожаев бөлісті. Екінші орынның сыйлығы Еркебұлан Әсет пен Талғат Рағатовтың қанжығасын майлады. Бірінші орын әулиекөлдік Айбек Ғабдуллинге бұйырды. Ал айтыстың бас жүлдесін аманкелділік Жанболат Мықыш иеленді. Айта кетейік, белгілі айтыскер ақын Бүркіт Бекетовтің шәкірті Жанболат жақында оқушылар арасындағы республикалық «Ақберен» айтысына қатысып, жүлделі екінші орынмен қоса, Қарағандыдағы «Болашақ» академиясының оқу грантына ие болып оралыпты. Бұл жолы сарауыз балапандарды баптағандар арасынан газетіміздің Торғайдағы тілшісі Байбатыр Ахметбеков «Үздік тәлімгер» атанды.

Облыстық мәдениет және білім басқармалары атынан берілген жүлде қорынан бөлек, Әулиекөл ауданының әкімі Жансұлтан Тәукенов талапты жастарға бірнеше аталым бойынша ақшалай сыйлық тағайындапты.
 
Қыдырбек ҚИЫСХАНҰЛЫ
 
Оқушылар арасындағы облыстық «Жас тұлпар» дәстүрлі айтысы да өз мәресіне жетті. Биыл 26-шы рет сөз жарысына түскен өрендердің қасиет тұнған Әулиекөл жерінде бас қосқанын айта кетейік. «Жас тұлпарлықтар» дәл осы ауданға тура ширек ғасыр салып оралып отыр. «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған биылғы жыр додасы Елорданың 20 жылдығына арналды.

Ақпарат мына сайттан алынды: http://www.kostanaytany.kzv
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру