DK nusqasy
Қалибек Деріпсалдин әндерін орындаушылардың республикалық „Көктем-қыздар„ атты ән байқауының гала-концерті өтуде
Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның концерт залында, оған еліміздің бірқатар аймақтарынан белгілі өнер тарландары қатысып, Қалибек Деріпсалдиннің әсем әндерін асқақтата шырқап, жиналғандардың ерекше құрметіне бөленуде.
Осы орайда мәдениетіміздің көрнекті өкілдері, аталмыш байқаудың әділқазылары, дарындарын күллі еліміз мойындаған Бейбіт Дәлденбай, Ермұрат Үсенов және Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, қазақтың күміс көмей, жез таңдай әншісі Ғазиза Жұмекеновалардың қатысқанын ерекше атап өткен жөн.
Ән өнерінде әрқашан да шығар биігіңіз жоғары болып, өнерде жұлдыздай жарқырай беріңіз, қазақ елінің мақтан тұтар ұлы Қалеке!
Оразалы ЖАҚСАНОВ