altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Батырбек БАЙНАЗАРОВ: «Ұлт өнері өркен жайып келеді»
28.09.2021
2073
0


Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қостанайға арнайы шақыртумен келіп, қазақтың музыка өнерінің қоламтасын үрлеп, қайта маздауына үлес қосқан буын бар. Олар әлі күн өңір өнерін өрге тартумен келеді. Сол шоғырдың белді өкілдерінің бірі – Батырбек Байназаров. Ол – танымал қобызшы, Мәдениет саласының үздігі, Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармония жанынан құрылған Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі, Күйшілер одағының облыстық филиалының төрағасы. Батырбек Қасымұлына салаға қатысты сұрақтарымызды қойып, сұқбатқа тарттық.

 
 

— Әңгімені шығармашылығыңыздан бастасақ. Өнер сахнасына алғаш шыққан сәтіңіз бен мәдениет саласының майталманына айналғанға дейінгі аралықты есіңізге оралтып көріңізші.

— Өнер өлкесіне 3-сыныпта қадам басыппын. Ол 1978 жыл еді. Әкем мені қолымнан жетектеп, Алматы қаласындағы А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республикалық музыкалық мектеп-интернатқа алып келді. Ол кезде бұл мектепке түсу оңай емес-тін. Үш рет емтихан тапсырдым. Директоры Пернебек Момынов деген ағамыз болатын. Менен үшінші емтиханды сол кісінің өзі келіп қабылдағаны есімде. Сәтті өтіп, қылқобыз сыныбына түстім. Сол балдырған шағымда-ақ, мектеп қабырғасында жүріп, қатыспаған концертім жоқ. "Өнерге қанат қаққандар" деген танымал телебағдарлама бар-тын, соның тұрақты "меймандарының" бірі болдым. "Қобыз" атты деректі фильмге түстім. Ол алтын қорда сақтаулы. 1985 жылы оркестрлер арасында республикалық байқау өтіп, Гран При жеңіп алдым. Алғашқы қомақты жүлдем сол.  Бұл жеңіс "Артек" халықаралық пионерлер лагеріне жолдама алып берген еді. Бойымдағы өнерге деген құлшыныс, құштарлық осылай арта берсе керек. 1989 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясына  оқуға түстім. Профессор Базархан Қосбасаров ағамыздың қылқобыз сыныбына қабылдандым. Консерватория қабырғасында жүріп, "Салтанат" мемлекеттік ән-би ансамблінде, Құрманғазы атындағы академиялық халық аспаптар оркестрінде жұмыс істедім. Ал 1993 жылы қызмет жолы Тобыл-Торғай өңіріне бастап әкелді. Сол кездегі Қостанай облысының әкімі Кенжебек Укин ағамыздың шақыруымен бір топ қыз-жігіт келіп, Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармония жанынан "Ақжелең" фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрдық. Мінекей, содан бері Қостанайда еңбек етіп келемін. Өзім, негізі, Алматы облысының Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылының тумасымын ғой. Бірақ Тобыл төсіне қазығымыз қағылғалы да үшінші онжылдыққа таяппыз. Осынша уақыт ұжымдасып аймақ мәдениетінің керуенін алға тартып келеміз. Ансамблімізбен алғашқы жылдардан-ақ көптеген республикалық, халықаралық байқауларға қатыстық. Жеміссіз, жеңіссіз оралған емеспіз. Жүлделі орындар алып жүрдік. 1995 жылы Мәскеуде Жеңістің 50 жылдығына арналып өткізілген халықаралық фестивальде бірнеше мемлекет арасында 2-орын алдық. Жас ансамбль халықаралық "Шабыт" фестивалінде де осы нәтижені қайталады. Шымкентте өткен республикалық байқаудың 1-орны бұйырғаны да еске түсіп отыр. Айта берсек, жетістіктің саны көп.

— Шынымен де сіздер Қостанайға егемендіктің елең-алаң шағында, төл өнеріміз төменшіктеп тұрған тұста келген буынсыздар. Ол кезде қобызшы тұрмақ, жалпы ұлт аспаптарынан хабары бар жастарды табу қиынға түскенін болжау қиын емес. Шәкірт тәрбиелеу ісі де сіздердің мойындарыңызға артылған шығар?  

— Әрине, келе салысымен бұл іске білек сыбана кірістік. 1994 жылдан бастап, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде талапкерлерге тәлім бердік. Сол жылдары білім ордасының ректоры болған Зұлқарнай Алдамжаров ағамыз Музыка кафедрасын құрған болатын. Соған қарасты Қызқобыз бөлімін ашып, студенттерге сабақ бере бастадым. Өкінішке қарай, ол шәкірттердің барлығы өнер жолына түскен жоқ, басқа салаларда қызмет етіп жүр. Бірақ бәрі оқуды жақсы деген бағамен бітірді. Қазір Қостанай педагогикалық колледжінде  дәріс оқимын. Бұл колледжді тәмамдаған 1-2 шәкіртім қазір өзіміздің филармонияда жұмыс істейді, Назымбек Молдахметов атындағы оркестрдің мүшелері. Өңір өнеріне әлі талай дарын қосылар деп сенемін.

— Күйшілер одағының облыстық филиалының төрағасысыз. Бұл лауазымға тағайындалғаныңызға көп болған жоқ. Сөйте тұра, осы филиалдың мұрындық болуымен қандай іс-шаралар атқарып үлгердіңіздер? Қандай жоспарларыңыз бар?

— Жасырып-жабары жоқ, ауыз толтырып айтарлықтай көп жұмыс атқардық дей алмаймыз. Филиал биыл ақпан-наурыз айларында ашылды. Қағаз-құжаттарымен біршама уақыт алдандық. Елдегі қазіргі күрделі ахуалға байланысты кең ауқымды жоспарлардың барлығын бірдей іске асыру да мүмкін болмай отыр. Бірақ облыстық деңгейде бірлі-екілі байқаулар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, түрлі жиын-басқосулар өтті. Ондағы мақсат – өңірдегі домбырашы, қобызшы, шертерші, жалпы, қазақ ұлт аспаптарында ойнайтын өнерпаздардың барлығының бастарын біріктіру,  әртүрлі іс-шараларға, сайыстарға қатыстыруға жан-жақты қолдау-демеу жасаудың жолдарын қарастыру. Негізі, жақсы жаңалықтардың бәрі алда деп сендіргіміз келеді. Эпидемиологиялық ахуал түзеліп жатса, осы күздің қазан немесе қараша айында Қазыбек Әбенов атындағы республикалық қылқобызшылар байқауын өткізбекпіз. Бұл – Қостанай облысының тарихында тұңғыш рет өткелі отырған жоба. Өңір мәдениеті үшін үлкен оқиға болары сөзсіз. Естеріңізде болса, алдыңғы жылдары Сағын Жалмышов атындағы республикалық күйшілер байқауы дүркіреп өткен еді. Бүкіл Қазақстанның назарын аудартып, таңданысын тудырған-тын. Бұйырса, таяу болашақта оны да жалғастыру ойда бар.



— Тәуелсіздік жылдарының ішінде облыста ұлт өнері қаншалықты дамыды? Оған қандай дәлелдер келтірер едіңіз?

— Біз Қостанайға ХХ ғасырдың аяғында келдік қой. Содан бері төл өнеріміздің даму, кемелдену барысы көз алдымызда. Ілгерілеп келеді. Талпыныстар, жарқын істер көп, жетістіктер толайым. Оған келтірер дәлел өте көп. Мәселен, 2008 жылы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің құрылғанының өзі – бағынған биік бір белес. Кезінде мұндай жаңалықты Қостанайдан күтпеген өзге өңірлер бізге таңданыс пен қошеметін білдірген еді. Осы оркестрмен көптеген фестиваль-байқауларға қатыстық. Астықты аймақтың атын әйгілей түстік. Айталық, Атырау қаласында Құрманғазының 190 ылдығына арналған мерейтойда 1000 адамнан құрылған оркестрдің қатарында өнер көрсету құрметін иелендік. Астанада өтетін "Серпер" фестивалінің тұрақты қатысушысына айналдық. Назекең, Назымбек Молдахметовтің бастамасымен, 2018 жылдан бері Қостанай облысында дирижерлер форумын өткізу дәстүрге айналғанын да айта кету керек. Оған шетелдің, Қазақстанның әйгілі дирижерлері шақырылды. Кәсіби деңгейіміздің көтеріліп, тәжірибеміздің толыға түсуіне ықпалы тиді дей аламыз. Мұнымен қоса, жыл сайын өзіміздің филармонияда "Түркі әлемі" атты халықаралық фольклорлық ансамблдердің фестивалі өткізіліп келеді. Сәтін салса, биыл Дирижерлер форумы қараша айының аяғында, "Түркі әлемі" фестивалі желтоқсанның орта шенінде өтеді деп жоспарлап отырмыз.

— Қазір барлық аудан-қалаларда ұлт аспаптар ансамблі бар. Бұрын бір домбырасы болмаған, қазағы сирек кейбір өңірлер де  қатарға қосылды. Мұны да жетістігіміздің жарқын көрінісі делік. Алайда, сол өңірлік ұжымдардың сапалық деңгейіне көңіл бөліне ме? Сын-тезден өткізу шаралары қолға алынып тұра ма?  

— Бұл – үнемі назарда ұсталатын мәселе. Бірақ, өкініштісі, пандемияға байланысты соңғы екі жылда өңірлерге шыға алмай қалдық. Оның алдында жыл сайын облыстық көркемөнерпаздар байқауын өткізіп тұратынбыз.  Әуелі бүкіл аудан-қалаларды аралап, үздіктерін саралайтын едік. Сол кезде ұжымдардың деңгейі байқалатын. Қалай болғанда да қазір облысқа қарасты барлық аймақтардың бұл тұрғыдағы әлеуеті өте жақсы деуімізге негіз бар. Бүгінгі таңда жергілікті жерлерде де өнерге деген көзқарас түзелген. Тұрақты түрде қаржы бөлінеді. Әкімдіктер көмегі көп. Жанашыр, демеуші азаматтардың үлесі де зор. Аспаптар сатып алынып, костюмдер тілігіп жатыр. Мәдени ошақтар құрылғылармен қамтылуда. Жағдайлары көп жақсарды. Алыс-жақында өтетін түрлі байқау-сындарға қатысуларына мүмкіндік ашылған. Әрине, аудан-қала ұжымдарын өзара жарыстыру жақсы үрдісіміз еді. Дамып-жетілулеріне септігін тигізетін іс-шара ғой. Осы ретте тағы да елдегі карантин ахуалының түзелеріне үміт артамыз. Бұрынғы қамсыз, мамыражай өмірге қайта оралып жатсақ, біз айтып отырған көркемөнерпаздар байқауы сөзсіз жалғасын табар еді.

— Өңір жұртшылығын сүйсінткен соңғы жаңалық – соңдарына сәулелі із қалдырған Абай Әмірханов, Назымбек Молдахметов секілді өнер қайраткерлеріне туған жері құрмет көрсетті. Одан дүйім ел хабардар деп ойлаймыз. Өмірде де, өнерде де жарасып бірге жүрген қанаттас азамат ретінде осы тұлғалар туралы пікір-лебізіңізді білгіміз келеді…
 



— Назекең менің жан досым еді. Тұңғыш рет 1989 жылы консерваторияға оқуға түскенде танысқанбыз. Содан кейін жұбымыз жазылған жоқ. Сырлас, мұңдас жолдас болдық. Өмірдің, өнердің ыстық-суығын, ащы-тәттісін бірге сезіндік. Қашанда бір-біріміздің қасымыздан табылдық. Өкінішке қарай, былтыр Назекеңнен қапияда көз жазып қалдық. Мезгілсіз дүниеден өтті. Тағдырға не шара?.. Ұлт өнерінің, халық музыкасының, өңір мәдениетінің дамуына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. 2000 жылдан бастап "Ақжелең" ансамблінің жетекшісі болды. Назекеңнің әуелден бергі арманы оркестр құру еді. Ол арманын 2008 жылы жүзеге асырды. Бас дирижері әрі көркемдік жетекшісі болды. 2018 жылдан өмірінің соңғы сәтіне дейін филармонияны басқарды. Өңірдегі ұлт өнерінің тамырына қан жүгірту үшін аянбай еңбек етті. Қимас досымның қандай азамат екені қалың жұртқа аян. Жарқын бейнесі мәңгі жадымызда… Ал енді Әбекеңмен 1993 жылы, табанымыз Тобыл топырағына тие салысымен таныстым. Алматыдан келе жатқан бізді филармонияның сол кездегі директоры Рыченко күтіп алуы керек-тін. Таңғы сағат 4 кезі. Рыченкомыз жоқ. Енді қайда барамыз? Алғаш көріп тұрған қала. Бірақ арамызда Назекең бар еді. Сол ғана қаланы жақсы біледі. "Әбекеңнің үйіне барайық" деді. Ағасының мекенжайы жадында жаттаулы екен. Ол жылдары такси деген жоқ. Көше де шамсыз, қап-қараңғы. Қиын заман еді ғой. Жүгіріп жүріп, әлдебір "пазик" автобусты тоқтатып алып, таңғы сағат 4-те 3-4 жігіт сау етіп Әбекең үйіне кіріп келдік. Құшақ жая қарсы алды. Танысып-білістік. Сол жайылған құшақ бізге соңғы деміне дейін ашық болды ғой. Таныстығымыз жолдастыққа ауысып, аға-іні болып сыйластық. Кейін белгілі болғандай, Әбекеңнің анасы Алматы облысының тумасы екен, содан соң мені нағашы деп еркелетті. Сөйтіп тонның ішкі бауындай ерекше тату болдық. Сұңғыла өнерпаз-тын. Бізге дейін Қостанайға домбыраны алып келген Әбекең десек, артық айтқандық емес. 1991 әлде 92 жылы Шымкент мәдениет институтын бітіріп келген жас маман Қостанайда жағалай домбыра үйірмесін ашып, қазақтың балаларына күй үйретуге кірісіпті. "Мирас" ансамблін құрып, өмірінің соңына дейін тұтқасын өзі ұстады… Әттеңі, 2010 жылы Әбекеңнен де айырылып қалдық. Араға 10 жыл салып Назекең де жарық дүниемен қош айтысты. "Ер есімі ел есінде" деген емес пе. Туған жері перзенттерін төбесіне тұтып жатыр. Ахаң атындағы универтитетте қос қайраткердің атындағы кабинет ашылды. Әбекеңе ескерткіш тақта орнатылды. Назекеңнің дос-жаран, сыйлас бауырларының естелігі жинақталған "Домбырамның назы" атты кітап жарық көрді. Сондай-ақ, 77-ші маусымашар Назымбек Молдахметов атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің концертімен ашылды… Бұл нар тұлғалар қандай құрметке де лайық деп түсінемін.

— Әңгімеңізге көптен-көп рахмет!


Сұқбаттасқан Жандос Жүсіпбек
Ақпарат мына сайттан алынды:
http://www.kostanaytany.kz
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
03.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Карнавал» би ансамблі! 15 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «Карнавал» би ансамблінің концерттік бағдарламасы өтеді! Ансамбль жетекшісі — Шамиль Фахрутдинов. Сіздерді әсерлі хореографиялық қойылымдар, жарқын бейнелер, қуатты ырғақ пен мерекелік көңіл күй күтеді!
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «MOVE & DANCE» DJ-бағдарламасы! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында мерекелік DJ-бағдарлама өтеді! Сіздерді заманауи музыкалық хиттер, би ырғағы, қуатты энергия мен жарқын эмоциялар күтеді!
02.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Ботагөз Дүбірбаева «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды
01.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Мирас» МС солисі Азамат Ибраев! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Азамат Ибраевтың концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жарқын орындау, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
31.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Street Music»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қаланың жастар ұжымдарының «Street Music» концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді заманауи музыка, жарқын орындаулар, қуатты энергия мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
30.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Қарағанды қаласының «Ветер перемен» кавер-тобы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында Юрий Шатунов пен «Ласковый май» тобының шығармашылығына арналған концерт өтеді! Сіздерді көпшілік сүйіп тыңдайтын әндер, жылы естеліктер мен ерекше музыкалық атмосфера күтеді!
29.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «BIG BAND» муниципалдық джаз оркестрінің концерті өтеді! Оркестр жетекшісі — ҚР еңбек сіңірген қайраткері Александр Евсюков. Музыкалық жетекші-аранжировщик — Геннадий Стаканов. Сіздерді жанды музыка, жарқын джаз әуендері мен ерекше мерекелік атмосфера күтеді!
28.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — Арыстан Құрманов! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында Арыстан Құрмановтың «Айналдым атыңнан, Қостанай» атты концерттік бағдарламасы өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, әсерлі орындау мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
27.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Jas star.kst»! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Jas star.kst» қалалық шығармашылық байқауы жеңімпаздарының концерті өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, заманауи әндер, қуатты энергия мен мерекелік көңіл күй күтеді!
26.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — «Сағындым, Қостанай»! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында қала туралы әндердің «Сағындым, Қостанай» музыкалық фестивалі өтеді! Сіздерді туған қалаға арналған әсем әндер, әсерлі қойылымдар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
25.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні мерекесінде — А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрі! 14 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында оркестрдің мерекелік концерті өтеді. Бас дирижер — Лилия Ислямова. Сіздерді жанды музыка, әсерлі орындаулар мен көтеріңкі мерекелік көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала күні сахнасында — Қостанайдың «Караван» ВИА-сы! 14 тамыз күні «Ұлы Дала» саябағында «Караван» ВИА-сының мерекелік концерті өтеді! Сіздерді сүйікті әндер, жанды музыка, жарқын эмоциялар мен көтеріңкі көңіл күй күтеді!
24.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, ALEM-ді қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте ALEM өнер көрсетеді! @xcialem
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласы күніне орай ДК «Мирас» шығармашылық ұжымдарының «Ән қанатындағы Қостанай» көшпелі концерті өтеді! Баршаңызды мерекелік концертке шақырамыз!
23.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай, NE PROSTO ORCHESTRA-ны қарсы ал! 15 тамыз күні Қала күніне арналған мерекелік концертте NE PROSTO ORCHESTRA өнер көрсетеді! @ne_prosto_orchestra
22.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР БАҒДАРЛАМАСЫ
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
20.07.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қала тұрғындары мен қонақтарын 15 тамызда сағат 21.30-23.00 аралығында облыс әкімдігінің алаңында өтетін қазақстан эстрада жұлдыздарының мерекелік концертіне шақырамыз: Alem Аламты қ. «Ne Prosto Orchestra» симфониялық оркестрі Аламты қ.
18.07.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Бейімбет Майлин ауданының 90 жылдық мерейтойына арналған екі күндік мерекелік іс-шаралар Әйет ауылының орталық алаңындағы салтанатты мерекелік кешпен өз мәресіне жетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Қостанай қаласы Гран-при иеленді
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
02.08.2026
QOSTANAI TAŃY: Қала күніне дайындық пысықталды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
20.07.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру