Бүгін Қостанай қаласында, "Ұла дала ұрпақтары" атты ұлттық мәдениет фестивалі өтті. Фестивальге қаламыздың "Жадыра" қазақ әндерінің халықтық ансамблі қатысып, көрерменге жақсы көңіл - күй сыйлады. Мерекеде, ұлттық нақышта жасалған қолөнер көрмелері ұсынылды. Салт-дәстүр мен әдет - ғұрыптан көрініс қойылып , ұлттық тағам да ұсынылды. Рудный қаласы , Горняцк ауылдық округінің "Арман" клубы ұлттық тағамдарды дайындап, барлық келген қонақтарға дәм таттырды. Ұлттық нақышта, жаздың шуақты күні ұйымдастырылған мереке халыққа керемет әсер қалдырды.