Ғасырлар пернесі Үскірік — халықтық үрлемелі музыка аспабы. Дауысы қыстың аязды күндері соғып тұратын үскірік салқынның ызыңдаған дыбысына келгендіктен ел арасында Үскірік деген атауға ие болған. Үскіріктің дыбыс бояуы сазсырнайдың тембріне ұқсас; дыбыс диапазоны 2-октаваның до, ми, фа, соль ноталары ғана ойналады. Халықтың аңыз әңгімелерінде Үскіріктің тасбақаға, түйеге, құсқа ұқсайтын түрлері болғандығы айтылады; оны көбіне балалар ойнаған әрі жеңіл әндерді орындауға пайдаланған.