Браун Раиса Ивановна - оның әндері ой тереңдігімен, әуенімен, кеңдігімен және сезімталдығымен ерекшеленеді.
Раиса Ивановна жас кезінен бастап көркемөнерпаздар шығармашылығының белсенді қатысушысы. Үнемі өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, үнемі шығармашылық ізденісте. Ауданымыздың әр түрлі алаңдарында сөз сөйлей отырып, Раиса Ивановна іс - шараларға белсенді қатысады. Аналар күні, мұғалімдер күні, Жеңіс күні, қарттар күні мерекелеріне арналған концерттер, педагогикалық конференциялар, бірлескен әлеуметтік жобалардың қатысушысы. Әр түрлі деңгейдегі көркемөнерпаздар шығармашылығының байқауларында бірнеше рет аудан атынан өнер көрсетті. Облыстық украин шығармашылығы фестивалінің тұрақты қатысушысы. Әр түрлі жанрдағы әндердің бай репертуар иегері. Репертуарында орыс, украин тілдеріндегі әндер бар. Көпжылдық және шығармашылық жолы үшін аудан әкімінің және «Қамысты ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» алғыс хаттарымен және грамоталарымен марапатталған.