altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ДК нұсқасы
НК: Ізденіспен өткен 30 жыл: «Ақдариға» халық хорының жетекшісі Арыстанбай Өмірзақовпен сыр-сұхбат
26.09.2026
75
0
Жүйрік тұлпардай зырылдап өтіп жатқан уақыт-ай десеңізші. Қостанай қалалық «Мирас» мәдениет сарайының жанындағы «Ақдариға» ардагерлер халық қорының талғампаз өнер сүйер қауымға рухани ләззат сыйлап, шығармашылықпен талмай айналысып келе жатқандығына 30 жылдың жүзі болып қалыпты.
 
Аталған мерзім ішінде өмірдің біраз белестерін артта қалдырған яғни, зейнеткер аға-апаларымыздан құралған ұжым мүшелері өздерінің ұлғайған жастарына қарамастан репертуарларын үнемі жаңартып, тыңдармандардың ризашылығына бөленіп келеді.
 
Мен мерейтой қарсаңында осы хордың көркемдік жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовпен кездесіп, көптен көңілде жүрген сауалдарыма нақты жауап алдым.
 
 
Өнерге шексіз құштарлық
 
-Арыстанбай Қожанұлы, бүгінгі әңгімемізді өзіңіз басқаратын хордың өткен тарихы мен оның бастауында тұрған абзал жандарды тілге тиек еткеніміз жөн болар.
 
-Әрине, халықтың тарапынан лайықты бағасын алған хордың қалыптасу кезеңі мен уақытпен санаспай сахнадан көрініп, жерлестерімізге құлақтан кіріп, бойды алар мазмұны терең, айтары бар өміршең ән сыйлаған дарынды аға ұрпақ өкілдерін қанша айтсақ та жарасады.
 
Алғаш бұл хор 1996 жылы Қостанай қалалық мәдениет бөлімі жанынан құрылғаны белгілі. Әу баста оның құрамында әр салада жұмыс істеген қызметкерлер мен өңірдегі беделді де абыройлы кісілер болды.
 
Сөздің орайы келгенде, солардың бірқатарының аты-жөндерін мақтанышпен атап өткен өте орынды деп есептеймін. Олардың қатарында Қостанай қаласының құрметті азаматтары Нұрхан Кемешев, Сағындық Орынтаев, Беген Көпеш, белгілі ғалым Мансұр Шәкіржанов, запастағы полковник Жакен Тасмағанбетов секілді ардақты ағаларымыз болды. Олар күнделікті тәртіпке ерекше көңіл бөлді. Әр концерттік бағдарламаларға тыңғылықты дайындалатын.
 
Сондай-ақ ақ жаулықты аналарымыз бен апаларымыз өнерді шексіз сүйгендіктен ұжымның көпке танылуына өздерінің лайықты үлестерін қосты. Бұл орайда жерлестеріміз Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның тұңғыш әншілерінің бірі Ғафура Жаманқұлова, есімдері көпке танымал Шолпан Бекбосынова, Қайынтай Хакимова, Гауһар Қасаева, Жұпар Тәшеновалардың ерекше дауыстары мен шеберліктерін ұмыта қойған жоқ.
 
Осындай ұжымның жұртшылық арасында мәртебесін арттырып, сахнаның сәнін келтіруіне және талант иелерінің әншілік қабілеттерін барынша жарқыратып көрсетулеріне сол кездегі көркемдік жетекші Түлкібек Рысмағанбетовтың сіңірген еңбегі зор.
 
-Осы қазақы мінезді, бүкіл саналы ғұмырын мәдениетті өркендетуге арнап келе жатқан музыка саласының білікті маманына тоқталып өтсеңіз. Оларды замандастары әрі қала тұрғындары өнер қонған шаңырақ деседі. Ерлі-зайыптылардың сүйікті қызы Жансая да өз қолтаңбасы бар композитор ретінде де танымал.
 
-Рысмағанбетовтер әулетін өңірдегілер жақсы біледі. Түлкібек ініміз хордың негізін қалап, осы ұжымды 24 жыл басқарды. Бойындағы біліктілік қырлары мен жинақтаған бай тәжірибесін шығармашылық ізденіске арнады. Оның зайыбы Бағлан да өнер үшін барын салды. Екеуі қос аққудай жарасып, аға-апаларының шығармашылық жағынан шыңдалуына қолдарынан келген барлық жағдайды жасады.
 
Қажырлы еңбек пен ауызбірліктің арқасында 2016 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай әңгіме арқауына айналып отырған «Ақдариға» хорына «Халық хоры» атағы берілді.
 
Бәлкім оқырмандардың жадында болар, осы ұжымның алғаш құрылған күнінен бастап, жүріп өткен жолы хақында өңірімізге белгілі ақын, журналист Ғайнижамал Бердалинова «Көк тудың желбірегені» деп аталатын танымдық-тағылымдық кітабында толық қамтыды. Онымен танысқысы келген адам толық мағлұмат алады.
 
Табиғатынан дарынды Түлкібек пен Бағланның атқарған қызметтері өзінің лайықты бағасын алып, ел ілтипатына бөленді. Олар қос қыздарына тәлімді тәрбие берген бақытты ата-ана. Бұл күндері Рысмағанбетовтер әулеті елордамыз Астана қаласында тұрады. Отағасы сондағы республикалық кәсіптік-техникалық колледжде студенттер хоры мен домбырашылар ансамблін басқарады. Руханият саласында аянбай қызмет атқарған ерлі-зайыптының бір қызы Жансая да әке-шешесінің жолын қуды. Ол Санкт-Петербург қаласында тұрады. Жұртшылықтың көңілінен шыққан бірнеше әндердің авторы. Талантты композитордың болашағынан үлкен үміт күтеміз. Одан кейінгі перзенттері Самал психолог. Магистратураны тәмамдады.
 
 
Халықтың алғысы – басты марапат
 
-Сіздер қалалық «Мирас» мәдениет үйінің құрамында қызмет атқарып, халықтың ыстық ықыласына ие болып келе жатқан байырғы ұжымдардың бірісіздер. Өздеріңізге жасалып жатқан қамқорлық пен қазіргі өзіңіз көркемдік жетекшісі болып табылатын хордың жаңа құрамы және оның репертуары жөнінде де айтып өтсеңіз?
 
-Меніңше, облыста «Мирас» мәдениет үйін білмейтіндер жоқ шығар. Өйткені, мұндағы түрлі өнер түрімен айналысатын ансамбльдер, әнші-күйшілер, бишілер шаһарымыздағы барлық мәдени шаралардың көркіне айналған. Мұнда қаншама тәжірибелі әрі талантты музыканттар шеберліктерін шыңдауда. Олардың атын атап, түсін түстесек бір сұхбат аздық етеді. Себебі, бұл өнер үшін туған жандарды қостанайлықтар жақсы таниды.
 
Ал, беделді үлкен ұжымды мәдениет саласында ұзақ жылдардан бері тың ізденіспен жұмыс істеп келе жатқан Зухра Өтепбергенқызы Иманова басқарады. Осынау қазақтың іскер қызы қарамағындағы өнерпаздардың алаңсыз жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, барлық жағдайды жасауда.
 
Барша талғампаз қауымның мақтанышына айналған «Ақдариға» қазақ ардагерлер халық хорының қазіргі құрамына келетін болсам, жиырма бес адам бір мақсат пен бір мүдде жолында еңбек етеді. Олардың басым көпшілігі зейнеткерлер. Ондағы дарынды кісілердің қатарына кейінгілерге үлгі көрсетіп жүрген ғалым ағамыз Жеңіс-Нұры Кужекеев, ардақты апаларымыз Жұпар Тәшенова, Тыным Төрежановаларды айрықша құрметпен ауызға алар едім.
 
Ұжым мүшелері өзіміздің концерттік бағдарламаларымызға енгізілген туындылардың мәтіні мен әуеніне ерекше назар аударамыз. Мәселен, репертуардағы шығармалар негізінен атадан балаға мирас болып келе жатқан халық әндері және жұртшылықтың жүрегінен берік орын алған басқа да өшпес туындылар. Бұл орайда қазақ вальсының королі, Халық әртісі, атақты Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында», «Ақ ерке – Ақжайық», Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, Қостанай қаласының құрметті азаматы Қалибек Деріпсалдин және басқа да сазгерлердің әндерін үлкен сахналарда орындаймыз. Оларға әрдайым көрермендер тарапынан сұраныс жоғары. Сондай-ақ хордың бастауында тұрған Түлкібек Рысмағанбетовтың қызы Жансаяның «Туған жер – Қостанайым» деп аталатын туындысы да әрдайым жерлестеріміздің көңілінен шығады.
 
Өзіміз шығармашылық жұмыс барысында жергілікті ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелерімен де тығыз байланыстамыз. Мәселен, хор мүшелері көрнекті ақындар Серікбай Оспановтың 80 және Ақылбек Шаяхметтің 75 жылдық мерейтойларына арналған салтанатты кештерге қатысып, олардың сөздеріне жазылған әндерді шырқадық.
 
Қала және өңір өміріндегі елеулі мерекелік жиындарға да белсене қатысып, өзіміздің лайықты үлесімізді қосамыз. Бұл ретте облыстың 90 және шаһарымыздың 147 жылдығына арналған салтанаттарда ән мен күйден шашу шаштық.
 
 
Өнер жерлестеріміздің рухани қазынасы
 
-Сұхбатыңыздан байқағаным, сіздің де ұжымды басқарып, көркемдік жетекші ретінде жауапты қызмет атқарып келе жатқаныңызға да біраз мерзім болып қалды. Естуім бойынша, өзіңіз де бірқатар ұлттық аспаптарда ойнайтын әмбебап маман, дәулескер күйші екенсіз. Сондықтан өзіңіздің өмір жолыңыз, шығармашылықтағы жетістіктеріңіз бен бағындырған асуларыңыз жөнінде сөз етудің де орайы келген секілді.
 
-Мен Жітіқара ауданына қарасты Қойлыбай деп аталатын ауылда дүниеге келдім. Аудан орталығындағы № 2 қазақ мектебін аяқтадым. Жалпы, сонау білім қабырғасында жүрген кезден бастап ұлттық музыкаға қызығушылық таныттым. Өсе келе осы саланың білікті маманы болсам деп армандадым.
 
Алдымен, Ресейдің Челябі қаласындағы мәдени-ағарту училищесін аяқтап, осы жерден хор жетекшісі мамандығын игеріп шықтым. Содан кейін Шымкент қаласындағы мәдениет институтына түстім. Осындағы білікті ұстаздарымның тәлімді-тәрбиесін алдым.
 
Жоғары оқу орнынан халық аспаптарының дирижері кәсібін меңгердім. Содан бергі өмірім өнер және мәдениетпен тікелей байланысты.
 
Қостанай шаһарына қоныс аудармас бұрын Жітіқарадағы көпке белгілі «Балдәурен» ансамбліне отыз бес жыл көркемдік жетекші болдым. Төккен маңдай терім мен адал еңбегім лайықты бағаланды. 1986 жылы «Құрметті халық ұжымы» атағын қорғадық.
 
Осы салада жұмыс істеген кезде қобыз, домбыра, сырнай, шертер, үрмелі аспаптарда ойнадым. Жылдар барысында осы саланың нағыз білгірлерімен қоян-қолтық араласа жұмыс істеген соң, әмбебап болуға тура келді. Адал еңбектің арқасында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қостанай облыстық меценаттар клубы «Қазына» сыйлығының лауреаты атандым. «Лучшие люди Казахстана» энциклопедиясына ендім.
 
Мұнда алдымен, мәдениет үйіндегі «Жұлдыз» студиясында домбырашылық қызметті атқардым. Уақыт өте маған қазіргі «Ақдариға» қазақ ардагерлері хорына жетекшілік ету жұмысы тапсырылды. Әр кәсіптің тән жауапкершілігі бар. Мақсат — осындағы барша ұжымның мүшелерін шығармашылыққа жұмылдырып, қазақ өнері мен мәдениетін өркендетуге үлес қосу.
 
-Ареке санаулы күндерден соң өзіңіз жетекшілік ететін хорға 30 жыл толғалы отыр. Бұл күндері осы мерейтойға дайындық жасап жатқан боларсыздар. Соны өз аузыңыздан естісек деп едік.
 
-Бұл қала өміріндегі елеулі оқиға. Сондықтан оған жан-жақты дайындықтар жасаудамыз. Концерттік бағдарламаға бірқатар жиналған жұртшылықтың көңілінен шығатындай туындыларды қостық. Әрбір өнерпаз оған жауапкершілікпен қарап, жерлестерімізге рухани байлық сыйлайтыны даусыз.
 
-Енді оқырманға алдағы уақытта жүзеге асырсақ деген өзге де шығармашылық жоспарларыңызбен бөліссеңіз орынды болар еді.
 
-Менің өнерде жүрген әріптестерім жақсы біледі. Мәдениет саласындағы адам үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Бұлай етпесең тоқырауға ұшырайсың. Сондықтан біз әрбір сахнаға шығар алдында оған тыңғылықты әзірленеміз.
 
Сахналық киіміміз де шырқалатын ән мен шертілетін күйдің табиғатына сай келгені абзал. Мұны менімен бірге жұмыс істейтін өнерпаздардың бәрі де жете түсінеді. Әрбір күн мен уақытты тиімді пайдалануға тырысады. Ұжым болған соң бәріміз де оның табысы мен жетістігіне мүдделіміз әрі жауаптымыз.
 
Мен көркемдік жетекші ретінде оларға дер кезінде бағыт-бағдар беріп, тәлімгер ретінде хор құрамындағы әншілер мен күйшілерге репертуар таңдауда ақыл-кеңесімді беріп отыруды парызым деп есептеймін. Баршамыз ұйымшылдық танытқанда ғана көздеген биіктерге көтерілетіндігіміз ақиқат.
 
«Ақдариға» хорының ұжымы болашақта да өнер сүйер қауымның ыстық ілтипатына бөленуді өздерінің басты міндеті деп санайды. Осы жолда аянбай қызмет ете береді.
 
Әңгімелескен
Оразалы ЖАҚСАНОВ,
сурет хор жетекшісінен алынды
Наш Костанай
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда сағат 15:00-де “Мирас” қалалық мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» көркемөнерпаздар фестивалі өтті
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазанда Мирас мәдениет сарайында Халықаралық қарттар күніне арналған «Алтын жас» атты сәндік, қолданбалы, бейнелеу және қолөнер көрмесі өтті
01.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
30.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
30 қыркүйекте «Мирас» қалалық мәдениет сарайының директоры З. Иманова және оның қызметкерлері ардагерлерін Қарттар күнімен құттықтады. Бұл күні қонақтарға жылы лебіздер айтылып, зор денсаулық, бақ-береке, ұзақ ғұмыр және көңіл-күйдің көтеріңкі болуын тіледі!
29.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрметті Қостанай қаласының тұрғындары! Сіздерді 2 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет үйінде өтетін «Ақдариға» халық хорының концертіне шақырамыз! Кіру тегін!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
ҮЛКЕНГЕ ҚҰРМЕТ – ҰРПАҚҚА МІНДЕТ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
01.10.2026
Байланыс ақпараттары:
"Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Мирас" қалалық Мәдениет сарайы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны


Заңды мекенжайы:
Қостанай қаласы, Маяковский көшесі, 119
 
Телефоны:
8 (7142) 26-72-28
 
Электронды мекенжай:
miras2020@mail.kz
miras_dkost@mail.kz
 
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру