Бүгін 5 маусым күні сағат 11:00-де "Мирас" қалалық мәдениет сарайында мекеме қызметкерлері үшін заңгер Мырзабаев Нұралы Рамазанұлымен кездесу өтті. Жиынның тақырыбы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болды.

Заңгер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелерін атап өтті, алдын алу шаралары мен бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік туралы айтты. Іскерлік және ақпараттық жағдайда өткен жиын, ұжымның құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.