1 Маусым ~. Балалар қорғау күніне орайластырылған дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан "Түйме қыз ~2023" бүлдіршіндердің аудандық байқауына аудан, ауыл балабақшаларынан 12 бүлдіршін бақ сынады. Бес шарттан тұратын байқауда 4~7 жас аралығындағы үміткерлер өздерін көрерменге таныстырып, өнерлерін көрсетіп, түйме қадап, көрпе жинап, сән үлгісін көрсетті.
Байқау қортындысы бойынша "Түйме қыз~2023" атағын "Қаламқас" балабақшасының бүлдіршіні 4 жасар Сезім Дастанқызы иеленді.
Байқауға бүлдірішіндердің қатысуына ықпал жасаған ата ~аналарға, балабақша тәрбиешілеріне алғыс білдіреміз!