XXXVI-шы "Өнеріміз саған, Қазакстан"-атты аудандық байқауы Қабырға ауылында жалғасын тапты
11.05.2023
138
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
XXXVI ~шы "Өнеріміз саған, Қазақстан"-атты көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы облыстық фестивалінің аудандық байқауы Қабырға ауылында жалғасын тапты. Қабырғалық өнерпаздар қазылар алқасының назарына ұсынған концертке барлық ауыл болып қатысты. Ауыл әкімі Байкенов С. Е өзі бастап сахнаға шығып, сахналық көріністе өнер көрсетті. Ағайынды Шибұтовтар, Смағұловтар орындаған әндер,жас жеткіншек ақындардың қаламынан туындаған жыр шумақтар көремен көңілінен шыға білді. Халық саны аз ауыл тұрғындары мерекелік іс ~шараға ұйымшылдықпен қатысып, ауылының ауызбіршілігі мен ынтамағын көрсете білді. Байқауды ұйымдастыруға ықпал жасаған ауыл әкіміне, мектеп директорына, ұстаздар мен оқушыларға алғыс білдіреміз!
34 нед.