XXXVI~ шы "Өнеріміз саған, Қазақстан"- аудандық байқауы Қарасу ауылында
18.04.2023
110
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
XXXVI~ шы "Өнеріміз саған, Қазақстан"- атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауы Қарасу ауылында жалғасты. Қарасулықтар байқауға ұйымшылдықпен дайындалған. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан киіз үй тігіп, ішіне ұлт ~азаттық қозғалыстың сардары, халық батыры Амангелді Үдербайұлының 150 жылдығымен байланыстырып, батырдың биік тұлғасын баяндайтын көрме ұйымдастырылған. Сонымен қатар қол өнер шеберлерінің бұйымдары қойылған. Қазылар алқасын ауылдың ең жас өнерпаздары, бүлдіршіндері қарсы алып, әнмен шашу шашты. Ауыл әкімі Ғ. Т. Қоржынбаев іс ~шараға мұрындық болып, ауыл өнерпаздарының байқауға қатысуына ықпал жасағаны үшін алғыс білдіреміз!
Қарасулықтар байқауға бүлдіршіндермен қатар әр түрлі жастағы өнерпаздарымен ат салысты. Ауыл өнерінің көркі әжелер ансамблі, жетекшісі қарт ұстаз, ардагерлер кеңесінің төрайымы Үмітжан апамызға да алғыс білдіреміз!