XXXVI~шы "Өнеріміз саған, Қазақстан" атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестивалінің аудандық байқауы Амантоғай ауылында жалғасты. Клуб ғимаратының холлына кітапхана қызметкерлері биылғы мерейтой иелеріне арналған тақырыптық көрме ұйымдастырған. Қазылар алқасын ауыл әкімі Ж. Р. Илясов қарсы алып, байқауға сәттілік тіледі. Амантоғайлықтар аспаптық, хореография, вокал, драма жанрларын қамти отыра өнер көрсетті. Байқауға өнерпаздардың қатысуына ықпал жасаған ауыл әкіміне, мектеп ұжымына алғыс білдіреміз!