Дәстүрлі жиырма жылдан аса уақыт ұйымдастырылып келе жатқан "Ақ желкен~2023" жас әншілердің байқауына аудан, ауыл мектептерінен жас ерекшелігі 5~17 жас аралығында 38 үміткер қатысып, бақ сынады. Қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпазы Үрпек ауылының өнерпазы Балахмет Жанбек атанды.
Байқауға қатысқан барлық өнерлі өрендерге, ата ~аналарына, ұстаздарына алғыс білдіреміз!