«Аулым алтын бесігім» атты ауылшаруашылық қызметкерлері мерекесіне күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
Бүгін аудандық мәдениет үйінде «Аулым алтын бесігім» атты ауылшаруашылық
қызметкерлері мерекесіне күніне арналған концерттік бағдарлама өтті.
«Ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» мерекесіне орай аудан әкімінің орынбасары Алпысбаев Болат Сейдазымұлы баяндама сөз сөйледі.
Аудан әкімі Карбозов Талғат Тойшыбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, марапаттар табыстады.
Қазақстан Республикасы «Ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» төсбелгілері табысталды.
Мерекелік жиын аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.

