Халық күйшілерінің сазгерлік өнерінде қыз-келіншектердің сұлу көркі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы т.б. қасиеттері қазақ күйлерінде суреттелген. Халық күйлері «Қыз ақжелең» (бірнеше нұсқалары бар), «Кербез қыз» (бірнеше нұсқалары бар), «Келіншек», «Айжан қыз» т.б. Кей-кейде, қыздардың қайғы-мұңды «Мұңлы қыз», «Сары өзен» сияқты күйлерде көрсетілген.
Әсіресе, ХV-ғасырдан кейінгі уақыттарда халық сазгерлері қыз-келіншектер
бейнесіне көбірек мән бергені байқалады. Солардың бірі – қазақ халқының сазгері Байжігіт. «Келіншек» күйінің біздің заманға жеткен тарихи нұсқасы, бұл күйдің өз заманында әйгілі күйлердің бірі болғанын дәлелдейді.
Себебі, күй сазының әуен-ырғағы жинақы бір қалыпты өлшемге құрылған. Күйдегі бунақтардың өзі тұрақты ойды, әдемі ырғақты, келісті жүрісті суреттейді. Халық сазгерлерінің шығармашылық өнеріне тән күй екі бөлімді айшық түрінде қалыпталған.