Қазанғап бұл күйін Үсен төренің ауылында шығарған. Қос күйші әңгіме-дүкен құрып, күй шертісіп отырған кештердің бірінде Үсеннің келіні Қазанғаптың тартқан күйіне ұйып, шай қоюды ұмытып кетеді. Қазанғап шайдың құйылмай тұрып қалғанын көреді.
Бірақ ойға оралған жаңа күйдің желісін бұзбай, тек қағатын қолымен тұрып қалған шыныаяқты ңұсқап, домбырасын тарта береді. Алайда, күйдің әсем әуеніне еліткен келіншек Қазанғаптың ишаратын түсінбейді. Қазанғап күйді аяқтап, домбырасын іргеге сүйей бергенде, Үсен төре:
– Қазанғап, бұл қандай күйің? – деп сұрайды.
– Аға, маған деген ыстық ықыласыңызға, көрсеткен қонақжайлылығыңызға аса риза пейілмен осы күйімді сізге арнадым, – дейді сонда Қазанғап.
– Маған арнаған күйің болса атын мен табайын, – дейді Үсен төре.
Қонығымыз күй тартып отырып шай суып қалған соң шыныаяқты нұсқап еді. Сондықтан мұның аты «Шыныаяқ тастаған күй» болсын.
Сол сәтте күйдің жай-жапсырын ұғып, өз қылығына ұялған келіншек шайды қайта демдеп, атасы мен Қазанғаптың алдына қойған екен.