«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» айдары Қазанғаптың күйі «Бұраң бел Ақжелең» - орындаған Ерболат Мұстафаев
06.10.2020
1526
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Қазанғаптың күйі
«Бұраң бел Ақжелең»
Күйдің аңызы: Бұл күйді Қазанғап өзінің ұстазы Құрманияздың ауылына барған сапарында шығарған. Құманияздың ықыласына ризашылық білдіріп бірдеңе берейін десе, қолында ештеңесі жоқ. Сосын Қазанғап отағасының ақ жарқын, адал жары, ән мен күйдің қадірін білетін зерделі жанға сый ретінде осы күйді тартқан екен деседі. Бұл күйде маңдайы ашылса қазақ әйелдері де еркектермен тең қатар өнер жарыстыруға құдіреті жететінін бейнелеген дейді.
Кейінірек Қазанғап ұстазы Құрманиязға сол үйдегі жеңгесінің бұрала басқан қимылын, жібектей майда әуезін, ашық-жарқын, кісі жатырқамас мінезін домбыра тіліне түсіруге тырысқанын айтыпты. Сосын Құрманияз шәкірті әм досының бұл күйіне «Бұраң бел» деп ат қойса керек. Оны Қазанғап қуана-қуана мақұлдаған.