altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«Күйші – Айтбай Мұздахановтың мәдени мұрасы»
19.06.2020
2687
0
МӘДЕНИ МҰРА



Қазақтың кең даласын күймен тербеп, халқының көңілін көтерген күйшілер, сазгерлер, сал-серілер, ақындар мен ағартушылар болды.





Бұл қатарға Қостанай өлкесінің дарынды, ел аузында жүрген, сол елді-мекеннің ерекше тумалары, атап айтқанда: Ыбырай Алтынсарин, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және т.б тұлғалар есімдері тарихта қалғаны белгілі. Ата-бабаларының ізін жалғаған, Торғай өңірінде шашасына шаң жұқтырмайтын, мыңнан тұлпар өнер иесі – Айтбай Мұздаханов.                     
Күйші-сазгер Айтбай Мұздаханов 1941 жылы 15-қазанда Амангелді ауданы, Кемер ауылында дүниеге келген.  Әкесі – Молдашұлы Мұздахан етікші, ағаш шебері, күйші-домбырашы болған. Анасы – Молдашова Кәбира әнші, домбырада ойнаған. Алғашқы рет 7 жасында домбыра ұстаған,  бірінші үйренгені Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» күйі болған. «Атамның бар байлығы  домбыра, үнемі жанымнан тастаған емеспін» – дейді Айтбай аға. Содан соң өнерге баулыған кәсіби музыкант кісілердің бірі – Төкен Елтебаев болды. 

Күйші 1960 жылы Қостанайдан арнайы орта оқу орнын бітіріп келіп, еңбек жолын электрик–механик болып бастайды. Сөйтіп, өзінің туған жері, өскен елі «Коммунизм жолы» совхозында еңбек және өнер мектебінде қызмет етіп жатты. Бірақ, ол музыкалық білім ала алмай қалдым деп мойымады. Өз бетінше толық  шығармашылық ізденіс жолына түскен еді. Ауыл көркемөнерпаздар ұжымының белсенді мүшесі, ұйымдастырушы жетекшілерінің бірі бола жүріп, аудандық, облыстық фестиваль, өнер жарыстарынан қалып көрген емес.

1962 жылы Дүниежүзі қазақтарының алғашқы құрылтайында Айтбай Мұздаханов атақты Нұрғиса Тілендиевпен танысады. Сол сапарында ол Мұздахановтың күйлерін тыңдап  бағасын берді.  «Көкейтесті» деген бірнеше циклді күйін тыңдап: «Қабаттастырып қайтесің, мына күйде зар тұнып тұр оны «Айтбайдың сарыны» деп тарт» – деген екен Н. Тілендиев. 

Өмірін өнермен өрген жан Тобыл-Торғай жұртшылығына жақсы таныс – «Қараша қыз», «Бозтайлақ» күйлерінің авторы. Жоғарыда айтқан Төкен Елтебаевтан күйдің орындалу мәнерін, қағыс түрін, саз әуенімен екпін ырғағын бөлуді үйренген. Сол кезде «Ана туралы толғау», «Невада-Семей»,  «Ер есімі- ел есінде», «Бүркітті байрақ», «Домбыра сазды» сынды күйлерін жарыққа шығарды. 

1977 жылы бірінші Бүкілодақтық көркемөнерпаздар фестиваліне одақтық республикалардан жеңімпаздар іріктеліп, 36 жастағы Айтбай Мұздаханов та өзі шығарған күйлерін орындап, облыстық байқауда бас жүлдені қанжығасына байлады.

Республикалық іріктеу Қызылорда қаласында өтіп, одан да  озық шықты. Жарысқа аттанар күні үйдің жұмыстарын бітіріп кетейін деп, мал азығын дайындайтын цехтағы агрегатты тазалап жатқанда машина қолды орап әкетті. Бірақ қайсар мінезді Айтбай аға өз арманынан таймады. 

Совхоз директоры Әбдісалық  Нұржанов шақырып, өнерге қайта келуін сұрады.  «Сенің күйлеріңде өзгелерге ұқсамайтын басқаша әуен, сарын бар. Қайтсең де қолыңа домбыра ал. Шолақ қолға сым байлайсың ба, ағаш байлайсың ба, өзің шеш» дегені әлі есімде. Басында әзілдеп айтқан шығар деп жүрдім. Күндер өте берді.

Саусақ орнына сым байлаған Айтбай қайтадан домбырасын қолға алды бір жыл өтер өтпес уақытта «Елім-ай» күйін өмірге әкелді. Қолынан  айрылса да, домбырасынан айырылмаған дәулеткер күйші. Шығармашылық жолында 70-ке жуық күй, 40 шақты ән жазған.   

Кейінгі жылдары А.Мұздаханов «Бабалар үні» атты күйлер жинағын шығарды.  Күйші жасы сексенге таяп қалса да, қоғамдық өмірден ажырамаған. Аудандық, облыстық байқауларға қазылық етіп тұрады. 2017 жылы Мұздахановтар отбасы Қостанай облыстық «Мерейлі  отбасы»  сайысының жеңімпазы атанды. 

А.Мұздаханов «Құрмет белгісі» ордені, ҚР «Еңбегі сіңген мәдениет қызметкері» төс белгісінің иегері, Амангелді ауданының «Құрметті азаматы», облыстық «Қазына» меценаттар сыйлығының иегері. Зейнеткер, еңбек ардагері.  

Айтбай   Мұздахановтың шығарған күйлерін тек Торғай өңірінде ғана емес, сонымен қатар оның иісін қазаққа таратып, насихаттап жүрген, «өзімнің ізбасарым» деп таныстырған күйшінің  қызы Анар да назардан тыс қалмақ емес. Бәлкім, «әкеге қарап қыз да өсер» деген осы шығар. 

Әкесінің «Аманат» деген күйі осы қызының бойындағы өнеріне сеніп, мұрагеріне берген ақ батасы іспеттес. Атағына сай асқақ күйлерін құлпыртып, ұрпақ санасына салсақ, игілікті іс болмақ. Айтбай ағамыздың керемет күйлерін саралап, қазақтың күй қазынасында сары алтындай сақтайық. 

 
Бағдат Тобылбай  ақпараттық редактор
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
06.11.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 қараша күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру