altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Рудный қаласының ақыны Ғалымгерей Кенжеғозин: «Қазақтың айтыс өнеріне үлесімді қоссам деймін...»
29.04.2020
2290
0
Көпшілік қауымға өзіңізді таныстырып өтсеңіз?  Алғаш айтысқа шыққанда қандай әсерде болдыңыз?  
Аты-жөнім Кенжеғозин Ғалымгерей Задыгерейұлы, туған жерім бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауылы, Жаркөл ауылы.
Алғаш айтысқа аяқ астынан шығып кеттім.
Айтысқа арнау айтуға шақырылғанмын, қатысатын ақын келмей қалған екен. Сосын ба, ешқандай қобалжу болған жоқ.
 
«Өзі шәкірт болмаған,  Ұстаз болмас!» – дегендей айтыс өнеріне баулыған ұстазыңыз жөнінде айтсаңыз?  
Рудный қаласына 1999 жылы келгенмін, 15-інші қазақ мектебінде іс-шара өтетін болып,  өлең айтуға бір апай шақырып барғанмын. Сол кезде, марқұм айтыскер ақын Қалқаева Гүлнәр апайды алғаш көрдім, ол кісі менің аты-жөнімді жазып алған, содан бастап қалалық мерекелерге қатынаса бастадым. Содан бастап Гүлнәр апайды ұстазым деп сыйладым. Наурызды арнаумен аштым, тәуелсіздік күніне арналған айтыстарға қатыстым. Ұстазымның үмітін ақтауға тырыстым, амал нешік бүгінде ортамыз да жоқ!
 
Қазіргі төтенше жағдайға байланысты шәкірттеріңізге онлайын негізінде кеңес беруге мүмкіндік болып жатыр ма? Ақмола облысында өтетін аймақтық оқушылар айтысына шәкіртіңіз Токкожаев Жамбыл жолдама алған еді  дайындығы қалай? 
Төтенше жағдайға байланысты, барлық жерде жүріп-тұруға шектеу қойылуда. Біздің қаламыз осы індеттен әзірге аулақпыз, болмауын тілеп жүрміз. Сонда да ережені сақтап жүрген жайымыз бар. Шәкірттерімізге келер болсақ, бүгінде телефон, ватсап деген жақсы болды, хабарласып тұрамын, дайындықтарын жіті бақылаудамын. Жамбыл есімді шәкіртіміз Ақмола облысында өтетін, аймақтық айтысқа дайындық үстінде, жүлделі орыннан үмітіміз бар!
 
Ұстаз ретінде шәкірттеріңізге қоятын басты талабыңыз қандай? Суырыпсалмалыққа баулу үшін қандай әдістер қолданасыз? 
Айтыс өзі екі адамның сұрақ, жауабынан құралады. Егер қарсыласың әлсіздеу болса, бағың жанбай қалады, сондықтан айтыста алдымен, қарсыласыңды сыйлау керек деп, ойлаймын өзім. Шәкірттеріме де соны үйретуге тырысамын. Жауап бергенде тақырыппен байланыстырса, уақытты үнемдесе, сахна мәдениетін сақтаса бәрі жақсы болады!
 
Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығынан айтыскер ақындарға қандай көмек көрсетілсе деп ойлайсыз?
Көмек болғанда, айтысқа қатысуға жағдай жасалса екен деймін. Себебі менің еңбек етіп жүрген салам басқа. Кей кездері айтысқа бара алмай қаламын. Барып келуге ешқашан, ешкімнен қаражат алып көрген емеспін. Өзім барамын, жолын да өзім төлеймін. Бұл менің өнерге жаным ашығаны деп білемін!
 
Айтыс өнерінде жүргеніңізге көп жылдар болды, өзіңізге не түйдіңіз?  Айтысқа хобби ретінде қарайсыз ба әлде басқа мақсатыңыз бар ма?
Жаңа алдында айтып өткенмін, қазақтың осы айтыс өнеріне үлесімді қоссам деймін. Тіліміздің тұғыры биік болса екен деп, қолымнан келген өнерімді, барымды салып жүрген жайым бар. Хобби деген ермек үшін, уақытты текке өткізбеу үшін жасалатын кәсіп деп, ойлаймын!
 
Қазіргідей төтенше жағдайда  жұмыс жасап жатқан мекемеңіздің  жұмыс барысы қалай? 
Біздің кәсіпорында, Рудный қаласы тұрғындарының жартысына жуығы еңбек етеді. Бүгінде жер бетін жайлаған індетке қарамай, бұрынғы қалыпынша өндірісіміз қарқындауда.
 
Айтысқа дайындалғанда жоспар бойынша жұмыс жасайсыз ба? Айтыс барысындағы басты ұстанымыңыз?
Айтысқа бару үшін, ақын алдымен ел тарихынан, мәдениетінен, саясатынан хабары болу керек. Ұстанымым қарсыласымды жолға қалдырмай, өзімде қалып қоймай, мәреге бірге жету!
 
Айтыстан тыс қоғамның өзекті мәселелеріне арналған өлең шумақтарыңыз бар ма? 
Әрине ақын болғасын болады ғой, былтыр көрнекті жазушы, алаш қайраткері Майлин Бейімбет бабамыздың, 125-жылдығына арналған, Республикалық мүшәйраның 1-інші орнын жеңіп алдым. Сонымен қатар, көптеген кісілер өлең жазып беруімді сұрайды, ешқайсысына да жоқ демеймін!
 
Айтыс мақамын жиі өзгертесіз бе? Бір айтыста неше мақам қолданасыз?   Мақамның өлеңді жылдам шығаруға әсері бар ма?
Мақамды көп өзгертпеймін, себебі Амангелді ауданына айтысқа баратын болып, өзімше айтыстың алдаспаны Әлтаев Аманжолдың мақамын дайындағанмын. Суырып салмаға жақсы еді, айтыс басталып сахнаға шықсам, алдымда Аманжол ағамыз отыр екен, не айтарымды білмей сасып қалғаным сонша, айтыстың қалай аяқталғанын білмеймін!
 
Бүгінгі сұхбатымызға алтын уақытыңызды бөліп жауап бергеніңізге үлкен рахмет, сізге шығармашылық шабыт тілейміз!
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру