altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыХалықтық ұжымдарМҰ сайттарыСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
XX-XХI ҒҒ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІБИ-ӘУЕСҚОЙ КОМПОЗИТОРЛАРЫ
21.04.2020
2510
0
МӘДЕНИ МҰРА

XX-XХI ҒҒ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІБИ-ӘУЕСҚОЙ КОМПОЗИТОРЛАРЫ
 
Есмаганбетова Ш.К.,
Өнер кафедрасының 
аға-оқытушысы,ҚМПУ, 
Кудебаева Н. Ж.,
Әлеуметтік-гуманитарлық факультеті
«Музыкалық білім» мамандығының 
4-курс студенті, ҚМПУ ,  Қостанай қаласы

 
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: Қазақ «Туған жерге туыңды тік» – деп  бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жерге деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті, мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді  айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер. Адам баласы – шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.
Бұл кез-келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени-генетикалық кодының негізі. Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады. Сан тараптан сұқтанған жат жұртқа Атамекеннің қарыс қадамын да бермей, ұрпағына мирас етті. 
Қай халық болмасын өзінің ұлттық өнері мен дәстүрін аса бір ыждағаттылықпен дамытып, оның жаңа дәуір, жаңа заман жаңалықтарымен сабақтаса отырып байытады. Қазақ халқының музыка саласында ең кең тараған ән-күй жанры. Ән табиғатынан халық тарихымен бірге туып өскен өнер.  Ән күйді қазақ халық шығармашылығының шыңы деуге болады. Халқымыздың ғасырдан қалыптасқан фольклорлық мұрасы қазіргі кәсіби музыка салаларының  дамуына тікелей ықпал тигізіп отыр. 
Қазақ өнерпаздарымен тілдескен Август Эйхгорн өз еңбегінде: «Қазақ әндері құдыретті  де күшті, өктем әрі сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі, Ауылда  болмаса мал арасында, немесе жапан түзде жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі. Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де,  жазда да, қыста да – қашан, қай кезде болсын, қазақ қиялсыз жүрмейді, не ыңылдаған  сарынмен көңіл күйін білдіреді,  немесе ән салады, әйтпесе өлең шығарады, енді бірде шежірелік сөздерді мақалдап айтумен болады. Олардың қарапайым сөздері мен  саздары айналадағы табиғатпен үндесіп келеді де,  оның сырт өмірден алған әсерін табиғи қалпында беріп, сезімдерін ешбір қалтқысыз айқын баяндайды» – деп жазған.  
Торғай даласы тума таланттарға бай өлке екені әмбеге аян. Әсіресе ақын жырауларды көп деп тудырған мекен. Осындай өлең жырдың қайнаған ортасында өмірге келген өнер иесінің бірі
 
 
Бақытжан Байқадамов (1917-1977)-Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 
      Композитордың  «Почташы», «Су тасушы   
     қыз», «Домбыра», «Алма ағаштар  
     жайнайды», «Кел, достар», «Теміртау жастарының әні», «Айгөлек», «Бөбегім» атты ойнақы әндері мен «Майра», «Тойбастар», 
хор капелласына арнап  
өңдеп жазған: «Қара торғай», «Балқурай», «Жаяу Мұса», «Ғайни», «Бір бала-ай», «Ақ маңдайлым», «Ахау Семей», «Харарау», «Қыздар-ай», «Майра», «Он алты қыз», «Жариям-айдай», «Жеңеше», «Елигай», «Молдабай», «Құдаша», «Той базары», «Сәулем-ай», «Кәмила», «Балқадиша» т.б. халық әндері мен халық композиторларының әндері іргелі ұжымның күні бүгінге дейін репертуарынан кеңінен орын алған толымды шығармалар.
        Сонымен бірге өзінің жеке туындылары да капелла репертуарына негіз болып: «Жар-жар біздің жаңаша», «Айгөлек», «Су тасушы қыз», «Почташы қыз», «Көкек», «Жайлау», «Біз отанды сүйеміз», «Би күйі», «Әліби Жангелдин туралы жыр», «Комсомолдар жыры» т.б. атты аралас хорға арналған туындылары кеңінен насихатталды.
Б.Байқадамов шығармашылығы негізінен ән-хор жанрында кең қанат жайған. Қазақ кәсіби музыкасындағы осы саланың қалыптасу және даму жолында композиторлардың шығармашылығы баға жетпес  музыкалық асыл қазынаға айналды.
 
Әбілахат Смағұлұлы Еспаев (1925-1980) - 25 қазанда Қостанай қаласында дүниеге келген. Алматы консерваториясының (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) композиторлық факультетіне 1951 жылы оқуға түседі. Ә.Еспаев негізінен ән жанрында (ән, романс, хор, баллада) шығармалар жазған. 
 
 
ХХ ғасырдың 50-70-жылдары отандық музыка өнерінің небір қарқындай дамып шарықтаған кезі болды десек, ән жанрында өндірте, жемісті еңбек еткен композитор орны ерекше. Оның «Аққуым», «Ақ сәуле», «Маржан қыз», «Қазақ частушкасы», «Шофер келді қырманға», «Қыз қуу», «Бейбітшілік сақталады», «Республика туралы жыр»,  
«Торғай толғауы», «Жангелдин отрядының әні», «Солдат сәлемі», «Толқиды Тобыл», «Сағыныш екен бала кез», «Өзің де жігіт, қызықсың», «Қыз әзілі», «Жігіт жауабы», «Ұстазым менің, ұстазым», «Қайдасыңдар, достарым», «Орамал» т.б. әндері халыққа кең тараған.
Ә.Еспаев – 240-қа жуық әндер мен романстардың авторы, 8 спектакльге музыка жазған. Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі», С.Адамбековтің «Күн мен көлеңке», Ә.Тәжібаевтың «Той боларда» спектакльдеріне және И.Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасы бойынша радиоқойылымға музыка жазды. «Ақсәуле», «Ортеке», «Аққуым», «Ұстазым менің, ұстазым» т. б. ән жинақтары шыққан. 

 
Айтбай Мұздаханов – Қостанай облысы, Амангелді ауданының Қарасу ауылында дүниеге келген. Мәдениет саласына, ән-күй өнерін дамытуға зор үлес қосқан өнер иесі, бір туар тұлға.       
Күйлері табиғат сұлулығын, адамның жан дүниесін, жан сұлулығын асқақ сезіммен суреттеп бере алатын құдіретті өнер иесі дарынды сазгер, күйші Айтбай  
 Мұздахановтың шығармалары қайталанбас иірімдерімен танымал. Күйші алғаш күйі – «Амангелді дүбірін»  халық батыры Амангелді Имановқа арнап, еліне тарту еткен. Ұлы Отан соғысы тақырыбында жазылған «Ер есімі – ел есінде» күйі, «Балалы киік», «Сәтен күйі», «Домбыра сазы» шығармаларын және де «Ана туралы толғау», «Невада-Семей»,  «Бүркітті байрақ»  деген күйлері ел арасында танымал болған. Күйші-сазгер ағамыз  2 кітап, 70 күй, 50 шақты ән шығарып, туған халқына сыйлаған.
Ұлттық музыкамызды ел арасында насихаттауда əн жырды халық жүрегіне жалғасты-
ратын кəсіби ұжымдардың ұлан еңбегі анық. Осы жолда еңбек жасап келе жатырған Облыс-
тық Е. Өмірзақов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрінің бас дирижері, көркемдік жетек-
шісі Н. Молдахметов, дирижері Е. Уразалиннің басшылығымен концерттік бағдарламада
жергілікті композитор əрі күйші А. Мұздахановтың оркестрге лайықталған шығармалары
мен күйлері жиі орындалады. Ағамыздың «Тархан баба», «Қайратқа», «Амангелді дүбірі» т.б.шығармалары  оркестр репертуарынан берік орын алған.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Құрмет белгісі» орденінің иегері. 2014 жылы «Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов» медалімен марапатталды. Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты. 2016 жылы «Амангелді ауданының Құрметті азаматы» атағын алды. 2016 жылы Конгресс-холл концерт залында композитордың 75 жылдығына арналған «Нұрлы таң» концерті өтті (Астана қ.). 
 
 
Болат Хамзин –  1938 жылы 18 мамыр күні Қостанай облысы Жанкелдин ауданында дүниеге келген. «Торғайдың Шәмшісі» атанған композитор – өзінің әсем әндерімен, асқан күйшілігімен танымал. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясында білім алған. Ең алғашқы сазгерлік туындысы «Ұялмашы, Қалқатай». Ақын С.Серіков жас сазгермен «Қайдасың, шолпаным-жұлдызым»,  
  әндерін көпшілікке ұсынды. Одан басқа  «Орамал», «Жас Отау», «Амангелді ұрпағы», «Торғай қызы» әндерімен Б.Хамзиннің сазгерлік шығармасы елге кеңінен тарап кетті.
 
 
Қалибек Деріпсалдин – әнші-композитор, Амангелді ауданының тумасы.  Композитор шығармашылығы кең тақырыпты қамтыған,
150-ден астам әннің авторы. «Өрімталдар жыры» балаларға арналса, «Қостанай», «Адамдар аққуларды атпаңдаршы», «Сарыадырым» әндері отан, табиғатқа арналған, «Айлы түнде», 
 «Сағыныш сазы», «Ерке құсым», «Көктем қыздар», «Қимадан ба едің қалқам-ай» әндері лирикаға толы махабат тақырыбында жазылған. Ұлы жеңіс тақырыбына жазылған «Жеңіс» күйінде ел қуанышын, отанға деген сүйіспеншілігін көрсетеді. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР композиторлар Одағының мүшесі,  Қостанай меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын иеленген әнші-композитор зейнет жасында болса да Қостанай қаласының «Мирас»  ұлттық аспаптар ансамблінде ән салып, халқына рухани  азық сыйлап келеді.
Қазақ еліне өзінің сезімге толы əнімен танымал болған композитор Қалибек Дерипсалдин əндері ел арасында жиі орындалуда. Композитор Қ.Дерипсалдиннің: «Менің мақсатым – Қазақстанда Қостанай облысының өнері мен мəдениетін насихаттау» –  дегені «Көктем қыздар» атты Республикалық əншілер байқауында орындалған жергілікті композиторлар Ə.Еспаев. Б.Хамзин, А.Сейітқасымов, Б.Сауекенов əндерімен қоса сазгердің əндері орындалуымен дəлелденді. Атап өткендей бұл кеште тек композитор əндері ғана емес,
жергілікті композитор əндерін дəріптеу басты назарға алынған.
 
         
  Бақытжан Сәуекенов – 1951 жылы Торғай жерінде дүниеге келген. Ақтөбе  мәдени-ағарту училищесін бітіріп, Жангелдин ауданында «Ғасырлар пернесі»  атты фольклорлық-этнографиялық ансамблін құрып,  өз шығармаларын концерттік бағдарламаларға енгізіп аудан, облыс, республика көлемінде және шетелде өнер көрсеткен.   
Бақытжан Сәуекеновтың шығармалары ұлттық нақышымен, халықтық сипатының қуаттылығымен ән сүйер қауымға етене жақын. Халық арасына кең тараған шығармалары: «Арайлым менің», «Арқалығым менің», «Шолпан жыры», «Кешір мені», «Домбыра», «Сен берген орамал», «Қоштасарда», «Туған жер – Торғайым» т.б  Сазгердің «Қазақ қызы» әні авторлық құқыққа ие болып, бүкіл облыстардың ансамбльдері мен жеке орындаушылардың бағдарламаларына енгізілген.  Сазгер 2010 жылы (Астана қаласында) «Туған жер – Торғайым» – деген атпен шығармашылық кешін өткізді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «10 жыл Астана» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Қостанай облыстық меценаттар клубының «Қазына» сыйлығының лауреаты. 
 
Алтынбай Сейітқасымов –  белгілі композитор Жангельдин ауданы  Шеген ауылында дүниеге келген. Ақтөбе қаласындағы Республикалық  мәдени ағарту  училищесінің халық аспаптар бөлімінде білім алған. Ел ішінде Алтай деп аталған. Балаларға арнап «Қара бұзау», «Тентекқара» 
әндерін шығарған. «Айналайын Торғайым», «Кінәлама», «Бала кезім – қаракөзім», «Сен менің жадымдасың», «Сағынышым қайда еді?» сияқты көптеген лирикалық әндердің авторы. 
Композитор әндері  ерекше мінезді, салмақты, байыппен  айтылатын, көпшілігі туған жер, Отанға деген махаббатқа тақырыбында жазылған. Алтынбай Сейітқасымов – қайда жүрсе де туған жерін жүрегінің төрінде сақтап, оған жүрегінен шыққан нәзік әуендерін, жырларын арнаған композитор.
 
 
Қайырғали Әбішев – Алматыдағы П.И.Чайковский атындағы  музыка училищиесінің дирижер және домбыра  сыныбын бітірген. Шығармашылығында 30 дан аса ән, 40 тан аса күй шығарған дарынды сазгер, күйші. Композитордың «Саржайлау», «Сағыныш сазы», «Той бастар», «Салтанат», «Ыбырай Желдірмесі», «Шашу»,  «Даулеткерей»,  «Ақшағала»,  «Дүбір» т.б көптеген күйлері бар. 
Туған жерге арналған «Сары дала махаббатым»,  «Қазақстан», «Кейкі батыр туралы ән» болса, балаларға арнап жазылған: «Жан еркем»,  «Сыңғырла қоңырау», «Мектебім», «Қаздар әні», «Балбөбек» т.б әндерімен танымал.
 
Ағамыздың өлең жолдары мен қара сөздері түрлі тақырыпты қамтыған. Соның бірі домбыраға арналған қара сөздері:
«Шәкіртің болсын түсінетін, күйдің күшті құдыретін». 
«Анадан асар пенде жоқ, Ондай асыл жерде жоқ»
«Ақылдының ақылы тұнық. Өсер болсаң ақылын ұғып»
 
 
Ерсайын Нарымбаев – ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР халық ағарту  ісінің озық қызметкері, Қонаев орденінің иегері Қазақстанға танымал әуесқой композитор. Әндері:«Алдыңнан терезеңнің жүріп өттім», «Бір-ақ күн еді», «Жанарсыз адам келеді», «Сырласқан қыздар қайда екен?, «Ерте солған гүлдер», «Бұрым туралы баллада». 
1970 жылдары ол «Жазсам ба екен ....» әндер жинағын басып шығарды, 150-ден астам әндер шығарған. Әндері Отанға, махаббатқа, достыққа арналды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының түп мақсаты халыққа арналғанымен, жастарға деген үлесі басым. Қазіргі жаһандану үрдісі қарқынды жүріп жатқан заманда болашақ ұрпағымыздың ұлттық құндылықты сіңіруі аса орынды. Осы тұрғыда ел мәдениетіне аса құрмет көрсетіліп, жастар арасында қызығушылық тудыруда.
Елбасының бұған дейін де «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» – деген сөзі де əлі ықпалын жоғалтқан жоқ. Бұл сөздер ұрпақтан – ұрпаққа жалғасар мəдениетімізді дамытуда жастарға артар міндет іспеттес.
Ұлттық тәрбие мектебінен  ілім алған аға буындағы  кәсіби-әуесқой композиторлар шығармаларын  жастарға үйретіп, насихат жүргізу – ақталар борышымыз. ЖОО мамандыққа үйрету пәндерінде студенттердің шығармашылық қоры аталған композиторлардың ән – күйлерімен толықтырылған. Жастарды рухани тəрбиелеу барысында өткізіліп жатқан игі істер студенттерге рухани байлық сыйлап қана қоймай, қазақ музыка тарихының жаңа бір беті ашылғандай.
 

 
Әдебиеттер тізімі:
1. А.Бектемісов., Жүрек жылуы. Естелік-эсселер, публицистикалық ой толғамдар мен өлеңдер.Алматы 2015.
2. Сан қырлы өнер иесі.  Қостанай анро. Мамыр 2018
3. Сазгер. Егемен Қазақстан 2017
4. Ә.Кеңес. «Елім – мектебім, Халқым – ұстазым»
5. Н.Ә. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы [Мәтін] / Н.Ә. Назарбаев. – Астана. – 31 қаңтар 2017 ж.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
27.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
23.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
23 қаңтар күні сағат 18:30-да «Мирас» Қалалық мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Евсюков Александр Сергеевичтің жетекшілігімен муниципалдық «Big Band» оркестрінің есептік концерті өтті
23.01.2026
Мәдениет үйі дом культуры
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізу туралы
16.01.2026
Амангелді дом культуры
Амангелді ауданының 98 жылдығына орай өткен «Әнім саған, туған жер» атты концерттік бағдарлама
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
"Жаңа жылдық ғажайыптар палитрасы-2026" жаңа жылдық интерактивті қойылымы.
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы күніне арналған «Асқақтай бер, жайнай бер – Қазақстан!» атты салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Ұрпаққа ұлы аманат» атты V аудандық ардагерлер шығармашылығы фестивалі
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
субұрқағының салтанатты ашылуы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Тобыл-Торғай - тұңғыштардың мекені» атты облыстық оқушылар айтысы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
22 наурызда «Алтын дән» аудандық мәдениет үйінің алаңында Наурыз мерекесіне арналған дүркіреген халықтық мейрам өтті!
14.01.2026
Қостанай қ. дом культуры
«Сағыныш сазы» атты Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР композиторлар одағының мүшесі, ҚР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Қостанай қаласының және Аманкелді ауданының құрметті азаматы, әнші-композитор  Қалибек Деріпсалдинді еске алу кеші
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
«Надежда» халықтық би ұжымы Қостанай қаласында өткен Республикалық «Импульс» көпжанрлық байқауына қатысты
14.01.2026
Қостанай ауданы дом культуры
Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстаннан шығарылғанына 36 жыл толуына орай салтанатты концерт
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
🎶 «Сағыныш сазы» – еске алу кеші 🎶
Автор: Қостанай қ. дом культуры
27.01.2026
"Алтын микрофон-2025" халықаралық байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Жаңа жылдық түнгі серуен – 2026
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
субұрқағының салтанатты ашылуы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Мемлекеттік қызметшісі күніне арналған салтанатты іс-шара
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты шара
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
«Жаркөл сазы» облыстық жетігеншілер байқауы
Автор: Қостанай ауданы дом культуры
14.01.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру