altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«КӘМШАТ БӨРІК» ӘНІНІҢ АВТОРЫ КІМ?
27.03.2020
3387
0
МӘДЕНИ МҰРА

Сағынтаев Батырлан Жұмабайұлы
Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайының 
ғылыми қызметкері



А. В. Затаевич ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ даласында жүріп, халқымыздың көптеген музыкалық мұрасын жазып алғаны тарихтан мәлім. Осы жинақталған ән-күйлердің көпшілігін өзінің жинақтарында жариялаған. А. Затевичке ән-күй жаздырған тілшілердің қатарында Торғай өңірінің тумалары да аз емес.

Біз бұл мақаламызда Затаевичке Ахмет Байтұрсынұлы тапсырған «Кәмшат бөрік» әні жайлы сөз қозғамақпыз. Ахаң бұл әнді Семей губерниясында жүргенде жаздырған. Ахмет Байтұрсынұлы Семей губерниясында Затаевичке «Қаракөз», «Кәмшат бөрік», «Кәрі қоңыр», «Жаяу Мұса (ІV)» әндерін жеткізген. Аталған әндердің барлығы Орынбор қаласында 1925 жылы шыққан «1000 песен киргизского народа» жинағына енгізген. Ән мәтіні негізгі үш шумақтан және қайталанып отыратын қайырмадан тұрады. Ахмет Затаевичке әннің қазақша мәтінмен бірге алғашқы екі шумағы мен қайырмасын орыс тіліне аударып берген. Бірақ 1925 жылы шыққан жинақта әннің алғашқы шумағымен қайырмасы ғана берілген. Ән мәтінің толық нұсқасы аталған жинақтың 1963 жылғы 2-ші басылымында жарияланған. Жауапты редакторы А.Жұбанов болған бұл басылымға В. Дернованың «А.В.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» жинағының жазылу тарихынан» (орыс тілінде) зерттеуі, «А. Затаевичтің қазақтың халық музыкасы бойынша библиографиялық көрсеткіштеріне редалқаның толықтыруы» және «Ән мәтіндері» (М.М. Ахметова дайындаған) атты жаңа бөлімдермен бірге «А.В. Затаевичтің ескертпелеріне және жинаққа енбеген ән нұсқаларына редалқаның толықтырулары» түсініктемесі енген. Мұнда «Кәмшат бөрік» әнінің үш шумағы да берілген. Осы әнді бүгінгі күні белгілі әнші Бағлан Бәбіжан орындап жүр. Бағлан Бәбіжанның орындауында әннің алғашқы шумақтары мен қайырмасы өзгерісіз берілген де, екінші шумағын

Дариға-ай, дүниеге неге келдім,
Келдімде бір жаманның соңына ердім.
Сене алмай, сендім деуге дос таба алмай,
Екенін фәни жалған енді білдім, - деген қалыпта орындап жүр. Қазақтың 1000 әні жинағына «Кәмшат бөрік» халық әні ретінде енгізілген. Біздің пайымдауымызша Торғай өңіріне есімі мәлім тұлғалардың бірі Байқадам Қаралдиннің әні.

Байқадам Қаралдин белгілі композитор Бақытжан Байқадамовтың туған әкесі. Торғай уезі Қараторғай болысы №1 ауылында 1877 жылы дүниеге келген Байқадам Торғайдағы екі жылдық училище мен Неплюев кадет корпусында білім алған. 1891 жыл мен 1916 жыл аралығында әр түрлі әкімшілік қызметтер атқарған Қаралдин 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісті қолдағаны үшін патша үкіметіне опасыздық жасағаны үшін деген айыппен дарға асу жазасына кесілген. Ресейдегі ақпан төңкерісі оның бұл жазадан құтылуына себеп болады. Ол кеңес үкіметі орнағаннан кейінгі уақытта да ел ісінен тыс қалмай Торғай уезінде халық комиссары, Торғай уездік атқару комитетінің төрағасы, Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комиттетің хатшысы және әділет бөлімінің меңгерушісі, Торғай уездік атқару комитетінің мүшесі және жер бөлімінің меңгерушісі сияқты түрлі қызметтерде болған..

Байқадам Қаралдин А.Байтұрсынов, Ә.Жангелдин секілді тұлғалармен бірге Мәскеуге барып Алашорда мәселерінен байланысты келісімдерде болып, «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі рев.комитет құру туралы» декреттің жобасын әзірлеуге қатысқан. 1928 жылы шыққан «байлардың шаруашылығын тәркілеу» туралы қаулының негізінде қамауға алынып, 1930 жылы Семей қаласында өмірден өткен.

Байқадам тек қоғам қайраткері ғана болып қоймай, сән-сауықты, дулы ортаны жақсы көрген кісі. Жұбайы Үрзипа екеуі ХХ ғасырдың бас кезінде Торғайда жұмыс істеген әуесқойлар театрында ойнаған. Негізгі қатысушылары Торғайдағы оқытушылар болған театр жұмысын «халық артисі» Серке Қожамқұловтің жездесі Мұқаш атты мұғалім басқарған. Мұнда орыс тіліндегі спектакльдер қазақ тіліне аударып сахналанған. Олар қазақ арасынан шыққан ақын-жыраулардың да айтыстарын сахналап көрсететін болған. Мысалы, сол кезеңдегі Торғай өңіріне аты шыққан Сейдахмет ақынның кедейлікпен айтысын қойылым ретінде көрсеткені жайлы «Айқап» журналында жазылған. Әншілік қаблеті де әжептәуір болған Байқадам А.В. Затаевичке жеке өзі «Гәгикәк», «Сендім, қалқам», «Телқоңыр» әндерін жазғызса, Әліби Жанкелдинмен бірге «Жаймашуақ», «Төскей», «Ақтас» әндерін жеткізген. А. В. Затаевич Байқадам жайында «один из найболее серьезных и основательных знатоков Тургайских песен» деген пікірі де оның музыкалық қабілетінің жоғары болғандығын көрсетсе керек [Затаевич. А.В. 1000 песен и кюев казахского народа. Алматы: Дайк-пресс, 2004. – 496 с].

Біздің «Кәмшат бөрік» әнін Байқадамның әні деуімізге мына дерек себеп. Байқадам Қаралдинның қызы Данабике өзінің «Алма ағаштар гүлдегенде» атты мемуарлық кітабында інісі Бақытжан Байқадамовпен диалогын келтіреді. Онда былай жазылған:

«Әжемнің той бастарын Бақытжан көп дауысты хорға салғанда өте сәтті шықты. Әншілер дауыстарын бірде жоғары, бірде төмен майда қоңырлатып толқындатқанда ырза болып:

- Әжем бір аунап түскен шығар, - дегенімде аялы, саналы көздерін мөлдірете қарап:

- Борышты емес жаным жоқ. Өліге де, тіріге де қарыздар мына басым, соларды өтеу үшін жаралғандай сезінем. Папамның «Қарарауари», «Екіде бата қылдым туған айға», «Әй-әй, сәулем», «Сәулем-ай», «Шынтақтат» атты термесі, «Алдымнан қарсы келдің ханзада қыз» деп Нәзипа Құлжанова прогимназияны бітіріп оралғанда қарсы алған кербез әндерін еске түсіріп, өңдеуге тиістімін, бәріне қарызым көп, - деді[Қаралдина. Д. Алма ағаштар гүлдегенде. - Алматы: «Өнер», 1991. – 136-137 б.].

Бақытжанның айтқан «Алдымнан қарсы келдің ханзада қыз» деп басталатын әні осы «Кәмшат бөрік» әні екені анық. Себебі Ахмет тапсырған әннің алғашқы шумағы тура осылай басталады. Бұл шумақ толық қалпында былай:

Алдымнан қарсы келдің, Ханзада қыз,
Көркіңе Құсни-жамал таң қаламыз-ай.
Ғалімдер (ғалымдар) әулетінен болсаң керек,
Иншалла, фахим етіп аңғарамыз.

Бақытжан әкесінің әні Нәзипа Құлжанова прогимназияны бітіріп оралғанда шығарған деп айтқан. Ахаң тапсырған ән мәтініндегі «Ғалымдар әулетінен болсаң керек» деген жолда осыны айқындай түседі. Ахмет атамыздың «Маса» атты кітабында «Н.Қ. ханымға» деген өлең бар. Нәзипаға арналған бұл өлеңнің

Тән көмілер көмілмес еткен ісім,
Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.
Жұр ұқпаса ұқпасын жабықпаймын,
Ел бүгіншіл менікі ертеңгі үшін, - деген шумағын бүгінгі
күні көпшілік қауымда жатқа біледі.


Нәзипаның жұбайы Нұрғали Құлжановта өз заманындағы белгілі қайраткерлердің бірі. Торғай өңіріне аты шыққан Құлжан бидің ұлы. Байқадамның атасы Жарылқап би, Ахметтің аталары Байтұрсын, Құлжан би барлығы қатар жүріп сыйластықта болған тұлғалар. Олардың ұрпақтары да осы құрметтен, осы сыйластықтан айрылмаған. Сондықтан Байқадамның Нәзипаға ән арнауы, оны Ахметтің орындап жүруі таңқаларлықтай дүние болмаса керек.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру