altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
ТІЛ - РУХАНИ ҚАЗЫНА
12.09.2019
1236
0
Тұңғыш рет облысымызда «Тіл – рухани қазына» атты маңызы зор іс шара өтті. Ұйымдастырушы – облыстық Тілдерді дамыту басқармасы. Мақсат – мемлекеттік тіл саясатын жүргізуде тер төгіп жүрген азаматтардың еңбегін елеп, марапаттау. Айтулы шараға облыс әкімі Архимед Бегежанұлы қатысты. Алты аталым бойынша ең үздік деген мамандар қошемет пен ақшалай тартуларға ие болды.
 


Облыстық Тілдерді дамыту басқармасының мұрындық болуымен өткен шарада қазақ тілінің мәртебесіне ерекше екпін қойылды. Ана тіліміздің қазіргі уақыттағы беделі мен әлеумет арасындағы қатынас құралы миссиясының арта түсуіне шама-шарқынша үлес қосып жүрген ұжымдар мен жекелеген азаматтардың еңбектері еленді.
 
  • Бұл ауқымы кең шараны тұңғыш рет ұйымдастырып отырмыз, - дейді Тілдерді дамыту басқармасы бөлімінің басшысы Бақытгүл Сүлейменова. - Маңызы ерек бастаманы ҚР халқының тілдері күніне орай қолға алдық.  Өздеріңіз байқағандай мерекелік шараның өн бойында өзге этнос өкілдері ана тілдерінде әндер орындап, шараның әрін келтірді. Ең маңызды бөлігі – жыл басында түрлі аталымдар бойынша Қостанай облысы әкімінің премиясын жариялаған болатынбыз. Міне, үздіктерді бүгін дүйім елдің алдында марапаттап, қошеметке кенелттік.
Салтанаты мен мазмұны ерек бастаманың барысында, сондай-ақ, ҚР Спорт және мәдениет министрлігінің және Қостанай облысы әкімінің құрмет грамоталарына ие болған бірқатар өңір азаматтарының да мерейлері үстем болды. Барлығы, облыс әкімінің премиясына ие болғандармен қоса есептегенде, жиырма адам марапатталды. «Қанатты қалам» аталымында бағы мен бабы басым түскен «Қостанай таңы» газетінің веб-редакторы - Жандос Жүсіпбеков.
  • Тілдерді дамыту басқармасының бұл шарасы  өзінің ауқымымен және мазмұндылығымен тәнті етті, - деп бастады Жандос Балғынбекұлы. -    Облыс баспасөзінің қарашаңырағы "Қостанай таңы" газетінде ана тілімізді насихаттауға бағытталған бірнеше арнайы жоба бар. Айталық, "Сөз әлемі", "Көрген көзде жазық жоқ", "Сөз асылы" сынды айдарлар өз оқырмандарын тапқан деп сеніммен айта аламыз. Бұлардың қатарына биыл "Кел, емле үйренейік" және "Латынворд" мүйістері қосылған болатын. Бұл айдарлардың қызметі – латыннегізді әліпбиді насихаттау, оқырмандарға жаңа емле ережелерін ежіктеп үйрету. Мінекей, облыс бойынша ең алғашқы болып ашылған осы жобаны байқауға қатыстырып, арнайы қазылардың лайықты бағасын алды. Қазақтың жазу тарихындағы жаңа бастамаға үн қосуды көздеген бұл жоба әлі жалғасын табады.
Ұйымдастырушы тараптың сөзіне сенсек, айтылмыш шара келесі жылы да жалғасын табады.

 
Нұрқанат Нүсіпхан
  суреттерді түсірген - Бердіболат Көркембаев
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру