altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Беймбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өткізілетін Республикалық «Бейімбеттің биігі» ақындар айтысы
19.08.2019
4917
0
Беймбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай өткізілетін Республикалық «Бейімбеттің биігі» ақындар айтысы 
 

 


Өнерге құмар , өлеңге  әуес  Бейімбет...

   
БейімбетМайлин  1894  жылы  кәзіргі  Қостанай  облысы  Таран  ауданы  Майлин  кеңшарында  туған. Әкесі  Жармағамбет кісі  есігінде жалшылық  еткен Басқа  ағайын туғандары да кедейшілік күн  кешкен.  Атасы  Майлының да  дәулеті  шалқымаған адам  екен. Бейімбет  бір  жасқа  толмай  әкесі  қайтыс  болып, жетімдік  зардабын  аз  тартпаған. Бай  қолында қозы, қой  бағады, делбеші болып та істейді. Ол он екі жасқа  шыққанда, 1906 жылы анасы  Құлғизар  дүние  салады да, әжесі Бойдастың  қолында қалады. Ендігі  тірегі әжесі Бойдас та күңдік  өмірден көзін ашпай келеді. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі  әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның: Өмірімде көргенім күңдік, құлдық, Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? – деген   зар сырын  жанымен  ұғады.
Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып, өлеңге әуестенеді. 1910 жылы Амантай деген кісінің салған мешітінің тойына қатысып, ән айтқан. Бозбала шағында –ақ құлшынып, айтысқа түсіп кетіп жүрген кездері де жоқ емес. Оған, байларды мақтап, шапан киіп жүретін Әржікей деген ақынсымақ кісімен және Шолпан қызбен айтысы дәлел.  Бейімбет  мұрасының бастауын осыдан көре аламыз.


 

  Майлин – драматург және киносценарийші


Республикамыздың алғашқы өнер ордасы – музыка театрының қалыптасып, өріс алуына қосқан үлесі зор. Осында 1934 жылы М.Әуезовтың «Айман - Шолпан» , М.Майлиннің «Шұға», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», музыкалық драмалары сахнаға шығарылып, өнер өрісі кеңейді. 1936 жылы  Мәскеуде Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің онкүндігі өткенде Б.Майлиннің «Жалбыр» мен Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек » пьесалары көрсетіліп, жоғары баға алды. Бейімбет тұңғыш киносценарий жазушы. Алғашқы көркемсуретті фильм «Амангельді» 1937 жылдың аяғынан бастап экранға шығарылды. Оның киносценарийін жазған – Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, В.Иванов.
                            

  Жарық көрген кітаптары


Тұңғыш жинағы 1925 жылы С Садуақасовтың алғы сөзімен «Коммунистік өлеңдері» деген атпен жарық көрді.1925 жылдан1937жылға дейін жазушының алпыс алты кітабы жарық көрді. Мұның қырық тоғызы  -өзінің төл еңбектері. Ал Б.Майлиннің осы кезеңдердегі оқулықтар, деректі кітаптар жазумен айналысқан қызметі – танымнан тыс жатқан қаламгерлік өрісі.  Ол көркем шығармалар жазып, кітаптар шығарумен бірге, халық үшін аса қажетті оқулықтар түзуге , күнтізбелік кітаптар жасауға атсалысты, әр жылдарда шыққан ұжымдық жинақтарда , оқу құралдары мен хрестоматиялардашығармаларын жариялады. Бұл кітаптардың  саны да біршама. Атап айтар болсақ , Б. Майлинге тиесілі «Шала сауаттылар үшін оқу кітабы», «Күш», «Жаңаша оқы,жаз», /1929-1931/ кітаптары, оның,С.Сейфуллин,  І.Жансүгіров, А.Асылбеков, Ғ.Мүсірепов, Ә.Мұстафин, Ә.Маметова, Ә.Ситдиков секілді авторлармен бірлесіп туындатқан  «1929 жылдың шаруа календары» , «1930 жылдың шаруа календары, « 1931 жылғы календарь жинағы», «Әдебиеттану оқу құралы», «Сауат үшін», «Сауаттандырғыш», еңбектері ішінде де жазушының көпшілікке жете таныс емес жекелеген еңбектері, қысқа әңгімелері жетіп артылады.
                                   

                           Қолда жоқ шығармалары


Жазушы жайындағы естеліктер ұғындырған деректерге жүгінсек, Б. Майлиннің бүгінгі күнге толық жетпеген «Тартыс», «Қоңсылар», «Қызыл жалау», «Ауыл», «Азамат Азаматыч»,  романдары,  «Дударай», либреттосы болған. Кезінде олардың үзінділері баспасөзде жарияланған, бірақ кітап болып шығып үлгірмеген.Осылардың ішінен қазір алғашқы үш романның ғана кейбір үзінділері белгілі.
 

                                      Дүниеден өтуі


1937 жылғы 6 қазанда Бейімбет Майлинге «халық жауы» деген жалған айып тағылып, ол да сол заманның зиялы азаматтары тәрізді жазықсыз қамауға алынды. 1938 жылғы 26 ақпанда осы айыппен ату жазасына кесіліп, сот үкімі сол күні орындалды.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру