altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#REPOST @FB_Абылай Мауданов Лудомания — қазіргі таңдағы ең өзекті мәселе боп тұр. Оның кесірі бір адамға ғана емес, тұтас әулетке тиеді. Осынау өзекті тақырыпты өзге емес, жаңадан құрылған "Шабыт" халық театры көтеріп отыр. 
19.01.2025
582
0
Жуматай Какимжанов досым бір ай бұрын хабарлап еді. Алайда екі ай бұрын шақырып қойған той болғаны себепті бара алмадым((
 
Жанұзақ Аязбеков ағаның талдауын оқып, спектакльді бірге көргендей әсер алдым. Қостанай облысында халық театрларының жанданып келе жатқаны қуантады. Оларға керегі үлкен сахна!
 
Әулиекөл Ауданының Әкімдігі, Жүке, бауырым, жас театрдың тұсауын облыс сахнасында кесіп, тамаша бастама бастадыңыздар. "Шабытқа" шабыт тілеймін. Биіктерді бағындыра берсін! 

Жаңа жылдағы - ақжолтай жаңалық
 
Сахна төріндегі сәтті қойылым
 
Әулиекөлдіктер өрледі де, ерледі!

Облыстық қазақ драма театрының мұндай лық толғанын соңғы кезде көргеніміз жоқ. Қойылым басталмай жатып -ақ бос орын тұрмақ сығылысып отырайық деп қарбаласқан жұрт. Театр төрінде бозбала мен бойжеткендер және жасөспірімдердің қарамы басым. Бұған не себеп болды екен? Тартымды жарнама ма? Ауданда көргендер жерлестерін қолдауға ағылып Қостанайға жетсе, онда бұл тегін болмағаны да?! Ендеше мұншама ықылас -пейілді , сахнадағы қойылым ақтар ма екен? Қасымдағы ақын -дараматург өзіміздің Ақылбек Шаяхмет те, баспагер- әдебиетші Әбутәліп Әмір де айналасына таңдана қарап, олардың да көкейінде осындай сауалдар тұрғанын сездім. Әрине, көз алдымыздағы мұндай «ажиотаж» алдағы көрсетілімге деген ынтамызды еселей түсті.
 
Сонымен сахна пердесі ашылды. Оқиға көз алдымызда бірден өрбді. Пәтердің төріндегі қос былғары диван көрінгеннен -ақ сол үйдің әндеткен келіні , баласының күйігінен көкірегі қарс айырылған әже мен ата , есік тарс ашылып, сүрініп-қабынып кіріп келген нашақор баласы арасындағы диалогтан драма басталды. Сахнада бүгінгі өмір көрінісі, тосын тақырып жарқ етті. Лудоман жігіт карта ойнап, отбасының әке-шешесінің бағалы заттарымен, жиған-тергенін қартаға ұтқызады. Оның әйелі де жеңіл дүниеге көзі тұнып, отбасының берекесін одан сайын қашыра түседі. Анасы күйіктен көз жұмса, баласы мен келіні әкесін үйден қуады. Қарт үлкен баласының үйіне паналап келгенде, ол ұлы да құмар ойыннан ұтылып, пышаққа түскен ол үйіне қанжоса күйі келіп жығылады. Көз алдында баласының жантәсілім еткенін көрген әкесінің жүрегі тоқтап қалады. Нашақордың қызы да құмарпаздар тобына ілігіп, қарау құрбыларының арбауынан нашаның кесірінен қайтыс болады. Сөйтіп бір әулеттің шаңырағы шайқалып, ортасына түседі. Қысқаша қайырғанда сахнадағы драманың ұзын-ырғасы осындай. 
 
Ендеше, қойылым қалай шықты? Қазіргі заман көрерменін таңғалдыру да, тамсандыру да оңай еместігі белгілі. Қалың көрермендерге қалай әсер етті? 
 
Байыппен қарасақ, тақырып өзегі - заманымыздың сыздап тұрған жарасы, дендеп бара жатқан лудомания кеселі. Президетіміз жұртқа мұны тегінен-тегін ескертіп отырмағаны анық. Несін айтасыз, біз сахнадан, экраннан арзан күлкіні тым асыра күйттеп кеттік. Соның салдарынан өмірдегі көп нәрсеге жеңіл қараймыз, арзанға үйір болдық. Талғамымыздың түрі осы, су татиды. Мойындау керек: біз өмір сүріп жатқан қазіргі кезең қаншалықты ілгері технологиямен дамыса да, соншалықты рухани тоқырау үстінде. 
 
Бұл орайда алдымен, әулиекөлдік «Шабыт» театрының әртістері (мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет ошақтарының қызметкерлері мен мамандары ,мектеп оқушылары ) осындай өзекті өртеп тұрған тақырыпқа білекті сыбанып жіберіп, батыл барғанымен таңдандырды. Қойылымның тартымдылығы сценарий авторының өмірдің шынайы құбылыстарына жіті үңіліп, драманың фабуласын іздене сәтті түзе білгенінің әсері болуы бек мүмкін. Режиссер әр актерге жеке қабілет-қарымына қарай лайықты образдарды таңдап бере алғанын көрдік. Айталық , қарияны сомдаған педагог Ерлан Қасымов әр сөзін эмоционалдық қуатпен , әжені ойнаған өнер мектебінің директоры Айнұр Қалиева сезімталдығымен, музыкалық жетекші Ернар Акимов нашақор кейіпкердің психофизикалық күйін іс-әрекетпен, қазақ тілі мұғалімі Ақерке Нығыметжан нашақордың әйелінің аярлығын мимика, ым-ишарамен де сәтті аша білді. Ойынқұмар картежник рөлін Әулиекөл аудандық ауруханасының бас дәрігері Темірхан Бегісбаев нанымды сомдады. Сол сияқты Әулиекөл аудандық өнер мектебінің мамандары Маржан Ақшалова мен Гүлмира Алиева ойнаған шыжбақай өсекші әйелдер еріксіз езу тартқызды. Көзінде шабыт оты, бойында жастық жалыны тасып тұрған жастарды көрдік. Мектеп оқушылары арасындағы театр өнеріне ықыласы оянғандардың сахнада бой көрсетуі үлкен олжа. Актерлер шеберлігі, қойылымның музыкамен әрленуі, жарықтың сахнадағы рөлі бәрі үйлесім тапты. Әдетте кәсіпқой актерлерден ғана күтетін шеберлікті қарапайым өнерпаздардың паш еткеніне көрермен шынайы риза болды. 
 
Тағы бір ұнамдылығы - бұл экшн элементтері бар қойылым болып шықты. Орындаушылық өнердің негізгі жүгі физикалық әрекетке, дене қимылдарына жүктелген. Сондықтан да сахына тілі жатық, қарапайым әрі қысқа. Ұғымға жеңіл. Рас, кей сәттерде тым қарабайырлыққа ұшырап кетті. Сыртқы қимыл, іс-әрекетінің ішкі психологиялық толғаныспен біте қайнағанда әсерлі шығатыны аян. Келешекте актерлер өз кейіпкерлерінің ішкі болмысын тереңірек зерттеп, сөйлеу техникасын жетілдіре түскені лазым. Сол сияқты қойылымда мөлдір махаббат линиясы өріліп жатса нұр үстіне нұр болар еді. 
 
Ойынқұмарлық жолға түсуіне не себеп болды? Ата-ана қандай қателік жіберді? Рас, бұл сауалдарды кейіпкерлердің аузынан естігенмен, бірақ тұщымды жауап таппайды... Спектакльдің шырқау шегі әлеуметтік үндеумен аяқталады. Бұл әрине оңай тәсіл. Келешекте салмақты фарс па, басқа бір сахналық көркем көрініспен алмастырған жөн бе дейміз.
 
Шынымды айтсам, қойылым ойландырды. Өкінішке қарай, кеңес замандағы тәрбиенің біразы ескірді. Жасөспірім отбасындағы сенімнен айырылды. Ол ең жақын деген адамдарына да өз мәселесін айтпайтын болды. Өйткені, ата-ана ашық емес, баласымен жүрекжарды сырласа алмайды. Баласымен дос болудың жолын білмейді. Оны маза бермей жүрген мәселесімен бөліспейді. Егер балаға кішкентайынан дұрыс тәрбиенің өзегін салмасаң, бұл бос орынды қоғам толтырады. Ал көшеден, қазіргі уақытта дұрыс тәрбие алу мүмкін емес. 
 
Міне, қойылымнан кейін көкейге оралған біршама әсеріміздің бір парасы осындай.

Әулиекөлдіктер өрледі дейтініміз - бұдан бұрын да сахналық қойылымдарды жасымай еңсерген, енді міне күрделі де салмақты тақырыпты алып алға шықты! 
 
Әулиекөлдіктер ерледі дейтініміз - облыс орталығындағы елімізге аты танымал аймаңдай өнер ордасы Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының төрінде өнер көрсетуі. Бұл аудандық халық театрларының қатарында екінің бірінің пешенесіне бұйыра беретін бақыт емес. Бұл маңдай терлеткен еңбек ерлігі! Бір ғажабы осы « Садағаң кетейін..» пьесасының сценарийі де, қоюшы режиссері де бір адам. Ол Әулиекөл аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі - Нұржамал Төкенқызы Құлтаева. Көркемөнерді жанындай сүйетін, әдеби-мәдени саланың білгірі, сөз жоқ, талант иесі ғана осындай тірлікке барады.
 Шынымды айтсам, түрлі ұлт өкілдері ұйысқан ауданнан мұндай ұлттық театр қойылымы шығады деген үміттен гөрі күдік басым еді. Бірақ, бәрі керісінше жастар жарқылдаған жастық шағын көрсетті. Балаңдығына қарамастан мерейі үстем болды. Қарапайым ғана аудандық халық тетрының мұндай шығармашылық жетістігі сөз жоқ жергілікті өнер жанашырларының жеңісі, оның ішінде аудан әкімі Жансұлтан Тәукеновтің өнердің қадір-қасиетін терең түсініп, бағалай білгендігі. Оны әуликөлдіктіктер шынайы ықыласпен айтып жүр. «Ел іші - өнер кеніші». Егер облыс аудандарының әкімдері жергілікті өнер иелеріне қамқорлыққа алып жүрсе, елдегі тұнып жатқан талай рухани қазынаға тап болары сөзсіз.
 
Облыс орталығы Қостанай қаласының көрермендері үшін бұл өзі бір тосын рухани ақжолтай сыйлық болды. Әулиекөлдік жас өнерпаздарға ризалықпен тарасты.
 
Театр – эстетикалық көркем өнер. Ол қандай деңгейде болсын оған қойылатын талап та, талғам да бір. Ол - адамның рухани жанын ояту, әдемілікпен байыту. Сергу үшін барасың да, рухани тазарып қайтасың.
 
Жанұзақ Аязбекұлының парақшасынан
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру