#REPOST @marat_zhundubaev ✅ Бүгін мен Қостанайдың бас шыршаның шамдарын жағу рәсіміне қатыстым
Жылы ауа райы көптеген қостанайлықтар мен қала қонақтарына балаларымен бірге алдағы мерекенің атмосферасын тамашалауға мүмкіндік берді. Бір уақытта «Жастар сарайы» маңында, «ҚСК» ауданындағы «Жастар Бульвары» және «Аэропорт» шағын ауданындағы «Керуен» саябағындағы үш шыршаларына шамдар жағылды. Ал ертең жаңа «Қонай» шағын ауданындағы шырша гирляндалармен жарқырайды.
Қала орталығы нағыз қысқы ертегіге айналды - мұнда Аяз ата, Ақшақар, жұлдыз белгілері және басқа да ертегі кейіпкерлері бейнеленген Мұз қалашығы пайда болды. Жаңа жылдық инсталляциялар, жарықдиодты фигуралар мен өнер нысандары ерекше мерекелік атмосфера жасауда.
Өз бастамаларымен қаланы көркейтіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған білім беру ұйымдарына, кәсіпорын ұжымдарына, ПИТК, МИБ және тұрғындарға ерекше алғысымызды білдіреміз.
Құрметті қостанайлықтар, сіздерді келе жатқан Жаңа 2025 жылмен құттықтаймын! Осы жыл әрқайсыңызға зор денсаулық, бақыт, сәттілік пен береке әкелсін. Жаңа жылдың әрбір күні қуанышқа, жылулық пен жетістіктерге толы болсын!
🔹🔹🔹🔹🔹