altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Талантымен қалың елді мойындатқан: Дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов жөнінде
16.10.2018
2157
0





Талантымен қалың елді мойындатқан




Дәулескер күйші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Назымбек Молдахметов жөнінде

 
Қабілеті жастай танылды

Қостанай өңірінен талай дарындар шыққаны зиялы қауымға бұрыннан белгілі. Өйткені, олар жайлы қаншама кітаптар жазылып, аты-жөндері энциклопедияларға енді. Қазір де облысымыз шынайы дарындардан кенде емес. Солардың арасында күйшілік өнерімен барша қазақтың мақтанышына айналған Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның жанындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері Назымбек Молдахметовтың орны қашан да бөлек. Ол осы уақытқа дейін қаншама атақ-дәрежеге ие болса да өзін басқалардан жоғары қоймайды. Кішкентайынан алған тәлім-тәрбиесінен де болар, үлкендерді көрсе, сонадайдан жақындап, сәлемдесіп жатады. Мұндай жігітті кім жек көрсін. Адамгершілігі де өте жоғары. Ал үлкен сахнаға үстіндегі тігілген ұлттық костюмы жарасып шыға келгенде тіпті танымай қаласыз. Ол бір оркестрді шебер үйлестіріп, басқарумен қатар, қазақтың қара домбырасын қалай шертеді десеңізші. Сол кезде залда сілтідей ұйып тыңдап отырған қауымның риза болатындары соншалықты, үнемі қол шапалақтаса, ал ақсақалдар жағы ақ баталарын беріп жатады. Назымбек те одан асып-тасып кетпейді. Үнемі өзін бір қалыпты ұстайды. Оның жатса да, тұрса да ойлайтыны — өнердің биік шыңына көтеріліп, өзі перзенті болып табылатын халқына адал қызмет ету. Кейіпкеріміз жайлы әңгіме болғанда оның сонау сағымдай бұлдырап артта қалған жастық шағына да тоқталып өткеніміз орынды шығар. Бұл 1970 жыл болатын. Сол жылдың сәуір айының басында Торғай өңіріндегі Арқалық ауданы Қайыңды ауылында тұратын бауырымыз Молдабектің үйінде ерекше қуаныш болды. Себебі, киелі шаңырақта шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келіп, бүкіл ағайын жұртты қуантты. Бұл әсіресе, Молдабек ағамыз бен Үкілай апамызды ерекше шаттыққа бөледі. Өйткені, біздің қазақ ұл баланы ұрпақ жалғастырушы, Отанын қорғайтын азамат деп ерекше бағалайды емес пе. Сол кішкентай сәби өсе келе өзінің ән-күйге деген талпынысын көрсете бастады. Оның үстіне бұл жақтағылар Молдахметовтердің әулетін нағыз ұлттық өнеріміз қонған бақытты жанұя ретінде де бұрыннан өзгелерге үлгі тұтатын. Себебі, отағасы Молдабектің өзі кәдімгі қазақтың қара домбырасын қолға алып, күмбірлете шерткенде оны қоршаған ағайындар ерекше рухани ләззат алатын. Әншілігі қандай еді. Сондай-ақ оның жан-жары Үкілайдың да өзіндік әдемі даусы болатын. Сондықтан да ерлі-зайыптының жүрген жері той-думан, ырыс-береке әрі әзіл-қалжың еді. Міне, осындай әке-шешеден туылған Назымбектің де өнерге құштар болуы заңды. Ол да үлкендерден көргенін істеуге тырысты. Өзіміз жиі айтатын «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөз осы ынтымағы жарасқан отбасына арналып айтылған секілді. Өзіміздің туған ініміздей болып кеткен ақжарқын да ешкімді руға, жерге бөлуді білмейтін Назымбек те ойын баласы яғни 5 жастан бастап домбыраға үйір бола бастады. Сөйтіп, ол әкесінің інісі Сұлтанбекті ерекше жақсы көргендіктен ол да мұны осы ұлттық аспабымызға ерте баули бастады. Өйткені, Сұлтекеңнің өзі өңірге белгілі термеші әрі жыршы-тын. Әрине, ол ағасының ұлының жұлдызы жоғары, мәртебесі биік болғанын қалады. Бір жағы Назымбек бүлдіршін болса да нені де болсын тез қағып алатын тапқыр әрі елгезек еді. Сол себептен де уақытты босқа өткізбей оған музыкалық білім алу қажеттігін ескертті. Әкесі Молдабек пен анасы Үкілай да оның пікірін қолдады. Егер баласы ертең өскенде ұлттық мақтанышымыз болып табылатын аспабымызды терең меңгеріп, үлкен сахналарда өнер көрсетіп жатса одан артық қандай бақыт болады.

 
Өнерлі өрге жүзеді

Міне, осылайша күй өнерінің қыры мен сырына бірте-бірте қаныға бастаған 15 жасар дарынды ұл алдымен Арқалық шаһарындағы музыкалық училищеге шәкірт болып қабылданды. Ұстаздан жолы болып, өз саласының нағыз білгірі атанған Тұрсынбек Әлмағамбеттің сыныбында дәріс алды. Аталған қаладағы осынау оқу орны Назымбектің бойындағы жасырын жатқан дарынды оятты. Сөйтіп, осы жердегі төрт жылда ол шыңдалып, күйшіліктің өзіне беймәлім тұстарын әбден игерді. Бірақ әлі де ата-анасы армандағандай биікке көтерілу үшін қаншама еңбек күтіп тұр еді. Өнер жолы ауыр деп босқа айтылмайды. Ол қашан да тынымсыз ізденісті, еңбекқорлықты және өзі орындайтын күйді дер кезінде әрі таңдай білуді қажетсінеді. Міне, осы жайлар да әлі жаста болса кейіпкерімізді ойландырып, толғандырды. Сол себептен де ол Арқалықтан кейін сонау ерекше шаһар Алматыға жол тартты. Бұл әрине, жайдары жаз айы болатын. Бағыты- қазіргі Құрманғазы атындағы ұлттық консерватория-тын. Қаланың қақ ортасындағы оқу орнының алды ығы-жығы жастарға толы еді. Олардың біреуінің қолында домбыра, енді біреуі қағазға жазылған мәтіндерді оқып жатыр. Бұл домбырашылық, сахнада өнер көрсететін әртістік, әншілік мамандықты қалаған бозбалалар мен бойжеткендер болатын. Әрине, Назымбектің бойында аздап қобалжу да болмай қалған жоқ. Өйткені, кез келген дарынды жас қандай да бір маңызды істі қолға алмас бұрын іштей толқитындығы да белгілі. Бұл бір жағы жауапкершілікті де айқын сезінуден де туындайтын. Оның үстіне талапкерлер өте жеткілікті еді. Бір орынға бірнеше жастан келетін. Сол кезде аптапты ыстыққа қарамастан бұл да белін бекем буып, емтиханға жан-жақты дайындалды. Сол кезде ол Арқалықта жүргенде ұстаздарынан терең білім әрі шеберліктің дәрістерін алғандығын айқын ұқты. Төрде отырған қабылдау комиссиясының алдынды өзін көрсетіп, студенттер қатарына ілінді. Жақсы ұстаз ол да бақытың. Назымбек Молдабекұлы әлі күнге дейін өнер зерттеушісі, профессор Тмат Мерғалиевтен тәлім алғандығын ерекше мақтанышпен ауызға алады. Көрнекті мәдениет қайраткері сонау алыстағы Торғайдан білім іздеп келген бозбаланың бойындағы ешкімге ұқсай бермейтін айрықша қабілетті көкірек көзімен бірден байқады. Сондықтан оған өзінің білгені мен түйгенін әбден үйретті. Консерваторияның дәрісханаларында өткен жылдар саналы азаматтың күйге деген іңкәрлігін барынша арттырып, осындағы әрбір күнді тиімді пайдалануғы тырысты. Кейбіреулердей балалыққа салынып, көше қуып, оқуды тастап кеткен жоқ. Өйткені, мұның намысы да жігері де мықты болатын. Сондықтан осындағы барлық тәлімгерлерінен алған шеберліктерін одан әрі шыңдады. Ол кейде осы жоғары оқу орнында ұстаздық еткен Қазақстанның халық әртісі, аса дарынды күйші Қаршыға Ахмедияров, «Құрманғазы» оркестрінің сол кездегі бас дирижері болған өнер қайраткері Айтқали Жайымов, талантты композитор Кенжебек Күмісбековтерден түйгенін ерекше әсермен баяндайды. Өйткені, олардың әрқайсысының қазақ мәдениетінде есімдері алтын әріппен жазылған тұлғалар. Мәселен, Қаршыға ағаны өзімнің де көзім көрді. Кезінде оны арнайы іздеп барып жазғаным, менің құрметіме шәкірттеріне күй орындатқанын қалай ғана ұмытасың. Қазір бұл ағамыздың марқұм болып кеткеніне біраз жылдың жүзі өтті. Ондай күйшісі бар біздің ұлтымыз да өте бақытты еді. Оның есімі әрбір қазақтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.

 
Қостанай құтты қоныс болды

Аталған консерватория нағыз кадрлардың қара шаңырағы ретінде бұрыннан белгілі. Сондықтан осыдан біраз жыл бұрын аталмыш жоғары оқу орнын аяқтаған бір топ ұлтымыздың талантты жастары арнайы шақыру бойынша Қостанай облысына келген-ді. Жылдар өте олардың бірқатары отбасылық жағдайлармен өзге өңірлерге кеткенімен, басым көпшілігі арамызда әлі күнге дейін адал қызмет етіп, өнеріміз бен мәдениетімізді көтеріп жүрген нағыз саңлақтар. Олардың қатарында ерекше қоңыр даусы бар Манапбек Кәдіров, Батырбек және Лаура Байназаровтар және басқа да өнерді пір тұтқан бауырларымыз бар. Жігіттер мен қыздар облысқа келісімен Елубай Өмірзақов атындағы филармонияның жанынан «Ақжелең» деп аталатын ұлттық аспаптар ансамблін құрды. Әңгіменің орайы келгенде, бұл өнер ұжымының дүниеге келуіне сол кезде облыс басшысы болған, ұлтжанды азамат Кенжебек Укиннің жасаған қамқорлығы айрықша дер едік. Ең бастысы, Алматыдан келген таланты қазақ жігіттері мен қыздарына қолайлы тұрмыстық жағдай туғызылды. Оларды баспана яғни пәтермен қамтамасыз етті. Өздеріне жасалған қамқорлыққа консерваторияның түлектері де нақты іспен жауап беруге тырысты. Дарынды жастар көптеген халықаралық байқаулар мен фестивальдарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзге аймақтарымыз Қостанайда да мұндай ұйымшыл да қабілетті ансамбль бар екендігін мойындап, өздеріне үлгі тұтатын дәрежеге жетті. Осындай ұжымды басқару Назымбек Молдахметов үшін де оңай болған жоқ. Ол өнердегі достарымен тез тіл табысып, қаншама мағыналы туындыларымен репертуарларын байытты. Олардың өн бойынан қазақилықтың иісі аңқып тұрды. Құрамындағы жігіттер мен қыздарға тігілген костюмдердің өзі сахнаға шыға келгенде тыңдармандардың ықыласын аударатын. Соның бәрін де әдемі үйлестіріп, бір мақсатқа жұмылдыра білген әңгімемізге арқау болып отырған аса талантты ініміз. Оның сіңірген азын-аулақ еңбегі де бағаланбай қалған жоқ. Қостанай облысы әкімі сыйлығының лауреаты атанды. Кеудесіне «Ерен еңбегі үшін» медалін тақты. Уақыт өте алдымен мәдениет қайраткері төс белгісіне ие болса, бертін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері мәртебелі атағын алды. Ол ансамбльдегі жұмысымен қатар Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында дарынды жастарға домбырадан дәріс берді. Оның ерекше жақсы көретін қос қарындасы Назгүл мен Айгүл де талантты домбырашылар. Ал Гауһар болса дарынды әнші. Жоғарыда біз оларды өнер қонған шаңырақ деп босқа айтқан жоқпыз. Назымбек өзінің ынтымағы жарасқан отбасымен де мақтана алады. Сүйіп қосылған көрікті жары Жанат екеуінің жеке шаңырақ көтергендеріне де көп жылдардың жүзі болды. Үш перзенттері де өмірлерін барынш нұрландырып келеді. Сол балалары Жұлдыз, Темірлан және Марғұлан әке-шешесін сабақ үлгірімдері мен өнерге деген құштарлығымен де қуантуға тырысады. Кейбіреуі қолдарына домбыра алған кезде Назымбектің сонау балалық шағы көз алдына оралады. «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген де осы емес пе. Оның жоғарыда аталған Елубай Өмірзақов атындағы облыстық филармонияның жанындағы қазақтың ұлттық аспаптары оркестрін басқарғанына да біраз жылдардың жүзі болды. Бұл ұжым өткен кезеңде халықаралық және республикалық байқауларды талай рет топ жарды. Әсіресе, Ақтөбе мен Магнитогорск қалаларындағы өнердегі жеңістерін жергілікті жұртшылық та сүйіп тыңдап, өнерлеріне әбден тәнті болған-ды. Міне, ел сыйлаған Назымбек Молдахметовтың өнердегі және өмірдегі жарқын жолдары осындай.

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.12.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @kineu.kz Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз! 🎊Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жүректерді ерекше кеш өтті.
29.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының мәдениет үйі жанынан құрылған «Түйемойнақ», театрының көшпелі қойылымы өтті
28.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 28 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының шығармашылық ұжымы KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Туған елім – Туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 28 қараша күні сағат 10:00-де «Мирас» қазақ халық аспаптарының этнографиялық ансамблі Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің KEnEU International Week 2025 халықаралық бағдарламасына қатысты. Аталған шара қазақтың көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері Мыржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
ALAU TV: Қостанай облысында «Еңбегі жаңған арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 27 қарашада «Мирас» Мәдениет сарайында үрмелі оркестр «Pro_luboff» ұжымы оркестрдің бұрынғы жетекшісі — Алексей Алексеевич Губенконың рухына арналған концерт өткізді
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Костанайда «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық әйелдер форумы өтті
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
📍27 қараша 2025 жыл Лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!✨ Мәдениет саласының үздік қызметкері Иманова Зұхра Өтепбергенқызы Қостанай облысы әкімі Құмар Ергебайұлы Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
27.11.2025
Федоров дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
26.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 26 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде Денисов № 3 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді.
26.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
26 қарашада “Мирас” мәдени ет сарайында А. Байтұрсынов атындағы Қазақ ұлттық мәдениет университетінің (ҚҰУ) студенттерінің тыңдалымы өтті
25.11.2025
Денисов дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
25.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
24.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Міржақып Дулатовтың 140-жылдығына орай KEnEU халықаралық ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Халықаралық апталық өткізді.  Іс-шараға «Жұлдыз» домбыра ансамблі қатысты, жетекшісі — Тимербекова Айгүл Абаевна.
24.11.2025
Амангелді дом культуры
Амангелдіде «Үздік клуб» байқауы мәреге жетті
21.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 21 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде «Шәмші әндері – халық қазынасы» атты аймақтық фестиваль өтті. ​Іс-шара көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналды.
20.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
19.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 17:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайының бірінші қабат фойесінде аға буын өкілдеріне арналған дискотека өтті. Шара би сүйер жандарды бір арнаға тоғыстырып, күннің жағымды түйініне айналды.
14.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қазақтың төл өнерін аспандатқан, аққуындай әсем үнімен ел жүрегіне жол салып, төрелігін айтқан Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған республикалық «АЙДЫН ЖЫРДЫҢ АҚҚУЫ» атты жыр додасы өтпек
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
Автор: Қостанай қ. дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
Автор: Федоров дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
Автор: Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
Автор: Денисов дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру