altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
БІЗДІҢ ӨҢІРДЕ ОБЛЫСТЫҚ КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫ БАР
01.02.2023
994
0
Одақ былтырғы жылы облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығының бастамасымен құрылған болатын. 

 
Одақтың құрамы жылдан жылға толығып, жұмыстары жанданып келеді. Осы аптада өңірімізден шыққан сазгерлердің бірлесе ұйымдастыруымен «Сырлы әуен» атты дөңгелек үстел өтті. 
 
Отырыста орталық басшысы Дәмер Қалқаев өз ойын білдіріп, қолдау болатынын жеткізді. Белгілі сазгерлер Б.Мұқашев, Б.Сәуекенов, С.Кобызев жастарға өз ақыл-кеңестерін айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі. 
 
Жалпы дөңгелек үстел ұсыныс, пікір білдірген, осы жылға жұмыс жоспарын құрған еркін форматтағы жақсы отырыс болды. 
 
Амангелді аудандық мәдениет үйінің басшысы, сазгер Олжас Қылдыбаев өңірімізде жыл сайын өтетін «Бақытты балалық» балаларға арналған ән байқауының аясын кеңейтіп, өзгеріс енгізіп, балаларға арналған күй сайысын да қоссақ деген ұсынысын білдірді. Себебі, қазіргі кезде талантты балалар көп. Қолына қазақтың қара домбырасын ұстап, талпынып жүрген балғындарға бұл жақсы жаңалық болар еді. Жалпы бұл байқаудың мақсаты балаларға арналған әндер мен күйлердің қатарын толықтырып, жинақтап тарату. Мысалы, Амангелді аудандық музыка мектебінің басшысы, сазгер Кенжеболат Ахметов балаларға арналған 15 шақты күйдің авторы. Ол да бұл ұсынысты құптап отыр. Балалар шет елдің әндерін орындағанша өзіміздің қазақтың үнін, әнін, күйін біліп өссе, өздеріне арналған ән-жырды, күйді танытып, дамытар еді деген ойын білдірді. 
 
Ал сазгер, ән өңдеуші Қажымұрат Баймусин «одақ құрамындағы сазгерлер облыс көлеміндегі аудан, ауылдарға гастрольдік сапармен шығып, концерт берсе жақсы болар еді, бұл бір жағынан жеке ұйым болмағандықтан қаражат табу көзі болса, бір жағынан елге жергілікті сазгерлерді таныту, көңіл күй сыйлаймыз» деген пікірін қосты. 
 
Сонымен қатар өңірімізде шығып жатқан жаңа әндерді көркемдік кеңеске салып талдап, талқылап, содан кейін ғана насихатталатын болады. Арнайы сарапшылардан тұратын көркемдік кеңес құрылып, авторлық қоғамға тіркелмек. Ән жазғаннан кейін сазгердің сол әндерінің авторлық құқығы қорғалу керек. Қазіргі уақытта бірнеше авторлық қоғамға өзіндік тіркелу заңдылығы бар. 
 
Міне, осы сияқты орынды-орынды, ой салар түрлі ұсыныстар түсіп, талқыланды. Алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар жүйелі жүзеге асуы үшін әркім өзіне жүктелген жұмысты сапалы әрі уақытылы атқаруы тиісті. Одақ құрамындағы Арысбек Бақдәулетұлы авторлық әндерді авторлық қоғамға тіркеумен айналысса, Қажымұрат Баймусин, Тоқтар Қуандық сарапшыдан өткен әндерді өңдейді және т.б. Сондықтан сарапшылар ай сайын бас қосып, есеп беріп отырады.
 
Қорытындысында Бағдат Асылбеков пен Нұрахмет Махмут одаққа мүше болып қабылданып, куәліктерін Композиторлар одағының төрағасы Азамат Қабжәлелұлы табыстады.

ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру