altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
СЕЙІТ АҒА ДЕГЕН ЕКЕН
01.04.2022
1454
0


Бүгін, 1 сәуір — Күлкі күні. Әзіл-қалжың мен көтеріңкі көңіл-күйдің мерекесімен баршаңызды құттықтаймыз! Осы мереке аясында атақты сатирик, ақын, этнограф, Тобыл-Торғайдың мақтанышы Сейіт Кенжеахметовтің қалжың қоржынынан бірсыпыра қағытпаларын назарларыңызға ұсынып отырмыз! 



 
Түк білмейтін механик
 
 Сейіт бірде өзінің жекеменшік «Уаз» автокөлігімен Торғайға сапар шегетін болып, бір жақсы механиктен: «Жолда машинам тоқтап қалса не істеймін, қай жерін қарап шұқимын, соны жазып бер депті. Ол машинаның қай жері кеткенде машина жүрмей қалатынын түгел тізіп жазып беріпті. Жарты жолдан асып кеткеннен кенет жүріп келе жатқан «Уаз» машинасы жүрмей тоқтап қалыпты.

Сол жерде Сейіт манағы механик жазып берген тізім бойын­ша машинаның барлық тетігін қарап шығады: бәрі дұрыс, бәрі істеп тұр. Өзінің қолынан келмегесін жолда машиналарды тоқтатып сұрайды. Сейітті танитындар тоқтап, біраз шопырлар жиналып калады. Сол жерде бір шопыр қайта-қайта қарай бермейік, несін қарап шықтыңыз?» дейді. Сейіт манағы тізімдегіні көрсетіп, бұның бәрі дұрыстығын айтады. Сол жерде бір жігіт «осы машинаның бензині бітіп қалған жоқ па екен?» деп машинаның багын қараса, «Уаздың» екі жағында болатын багының біреуіндегі бензин бітіп қалыпты да екіншісі қосылмаған екен. Сол екінші бак қосылып бензин келгеннен кейін машина «гүр» ете қалады. Сонда Сейіт қолындағы тізіміне қарап тұрып: ­«Мен бұны машина тетігін білетін жақсы механик деп жүрсем, бұл өзі түк білмейді екен ғой, машинаның бензині біткенде машина жүрмей қалады деп неге жазбаған» деген екен сол жерде жиналған шопырлардың бәрін күлдіріп. 

 
 
Қайтып келген жігіт жақсы
 
 Шығармашылық мақсатпен Астанаға қоныс аударған Сейіт Кенжеахметұлы көптеген кітап жазып, ол кітаптар әлемнің 40-қа жуық еліне тарап, 2009 жылы туған жеріне – Арқалыққа қайтып оралады. Бір замандасы: «Қайтып келгенің құтты болсын» депті әзіл-шынын араластырып. Сонда Секең: – Қайтып келген қыз жаман, Қайтып келген жігіт жақсы, – деген екен.
 
 
 Торғай менсіз өмір сүреді 
 
Арқалыққа қайта оралған Сейіт бір үлкен мәжілісте сөз алып, өзінің елге келгенін айта отырып: – Торғай елі менсіз өмір сүреді, күнін көреді. Ал мен Торғайсыз өмір сүре алмаймын, – дейді. Бұл сөздің астарын түсінбеген біреу «байғұс күнін көре алмай елге оралған екен ғой» деп күңкілдепті.
 
 
 Сабыржанның көзі тиді 
 
Құрдасы, досы, белгілі қаламгер Сабыржан Шүкірұлын қосып сөйлемей, өзінше айтқанда, Секең сөзінің дәмі кірмейді. 2009 жылдың жазында Сейіттің жұбайы Тұрсын қайтыс болады. Көңіл айтушылардың бірі: ­– Жеңгеміздің денсаулығы жақсы еді, сәл ертерек кетті-ау, – деп қалады. Сонда Секең: – Көп сұқтанып, көп айта беруші еді, Тұр­сынға шамасы Сабыржанның көзі тиді, – депті.

 
 Қайынағамен қалжың
 
С.Кенжеахметұлына ақша қажет болып қалады. Институттың бас есепшісі Тоқтарбайға барғандар құр қол қайтып жатады. Оны білген Сейіт кіріп барып өлеңдете жөнеледі: Ертеден ер туғызған қайран бабам, Тоқтарбай соның бірі жайраңдаған. Долларды салып алып қалтасына, Астана, Алматыда сайрандаған. Бұрынғы еркектердің жолыменен, Қызарып қызды көрсе қайнаңдаған. Атақты Құлжан атам ұрпағының, Жомарттық істеріне қайран қалам. Келгенде құрбы-құрдас ақша сұрап, Па, шіркін бір секунд та ойланбаған, – дегенде, Тоқтарбай : – Кәне, қанша керек еді? – деген екен. 

 
Академик білмегенді білген ақын 
 
1980 жылы Торғай облысында қазақ әдебиетінің апталығы өтеді. Академик Мұхамеджан Қаратаев бастаған жазушылар тобы Арқалық педагогикалық инс­титутына барып, ректор Р.Башаровтың кабинетінде оқытушылармен әңгімелесіп отырғанда, Мұхаң сатирик ақын Сейіт Кенжеахметұлынан бір өлең оқып беруін сұрайды. Сол жерде Сейіт өзінің «Басқа бермесін» деген әзіл әңгімесін алғашқы рет оқып, жұртты «қырып салады». Жұрт күлкіден есін жиып, көз жасын тыйып болғаннан кейін, Мұхаң: ­– Сейіт, мынауың өлең бе, әлде әңгіме ме? – деп сұрайды. – Бұл оң жағынан қарасаңыз өлең, сол жағынан қарасаңыз әңгіме, – деп сатирик тағы бір жұртты күлдіріп алады. Сонда Мұхаң: – Сен өзің осынша ауру түрі мен адам мүшесінің атын қайдан тапқансың? Мен соның кейбіреулерін білмеймін, – деп ағынан жарылыпты. Сейіт сол кезде : – Япырым-ай, мен сонда академиктің білмегенін біліп тұрғаным ба? – деп жездесі Мұхаңды да іле кетіпті. 
 
 
Үлкен есім 
 
Сейіт Бурабайда демалып жатқан­да бір жас жігітке көрген сайын «Ассалаума­ғалейкүм» деп сәлем беріп өтеді екен. Бұған әбден қысылған әлгі жас жігіт бір күні : – Аға, жасыңыз үлкен, маған ылғи сәлем беріп өтетініңіз не? Мен ұялып жүрмін, – депті. Сонда Сейіт: – Сенің жасың кіші болғанмен, атың үлкен ғой, Абайжан, – депті. Қалай арқалап жүрсің? Ел аралай жүрген бір сапарында сатирик Сейітке жіп-жіңішке, әлжуаз жігіттің аты Қажымұқан дегенде: – Шырағым-ай, осыншама зор атты қорықпай, үрікпей қалай көтеріп, арқалап жүрсің? – деп таңғалыпты.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
06.11.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
6 қараша күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру