altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
«Деген екен» әзіл айдары Бүгін, сатирик, жазушы, этнограф, ғалым Сейіт Кенжеахметұлының туылған күні. Осыған орай, «деген екен» айдарында Сейіт Кенжеахметов жайында естеліктер ұсынамыз.
12.01.2022
3155
0
ОЛ БІЗБЕН БІРГЕ, ХАЛҚЫМЕН БІРГЕ
 
Түн ортасындағы мезгілсіз телефон қоңырауынан секем алған жүрегім арғы жақтан: «Аға-ау, папамнан айырылып қалдық қой», деген Сейіттің кенжесі Зейіннің өксікті дауысын естігенде атқақтап алқымыма тығылып, тынысымды  тарылтып жіберді. Мәңгіріп отырып қалдым. Жандүниемнің түпкірінде  әлдене үзіліп түскендей, көкірегім удай ашып, көзіме жас үйірілді. Туралап келген ажалдың бұлтартпай салған  бұғалығына бой бермей, апта бойы асаудай арпалысып, бұлқына соққан алып жүректі  тоқтады дегенге сенгім келмейді. «Қой, мүмкін емес», деймін іштей күбірлеп. Көз алдыма  тел қозыдай тең өскен құрдасымның,  сыралғы дос  аяулы Сейітімнің  жарқын бейнесі көлбеңдейді. Әне, қашанғы әдеттегісіндей, мені көрген сәтте  түр-түсін тез құбылтып, әлденеден үріккендей, екі құлағын кезек қозғап, қас-қабағын қайшылай керіп, едірейіп қалт тұра қалып, сәлден кейін «ә, сен екенсің ғой» деп, танымай қалып, жаңа танығандай жадырай күліп, жарқын амандасатын көңілді қалпы. Баяғы бала кезінде осылай еді, қазір де солай. Оның болмысы сондай. Өзгеше болуы мүмкін емес-тін. Өйтпесе, Ол – сатираның сардары  бола ма! Өйтпесе, Ол – ата-бабамыздың салт-дәстүрінің шырақшысы атана ма! Өйтпесе, Ол – Кенжеахметтің Сейіті болып таныла ма! Иә, солай! Нанбасаңыз, «Тамаша» ойын-сауық отауының кешіне барыңыз, алдыңыздан күлімдеп Сейіт шығады. Әр қазақтың үйіне кіріңіз, «Қазақтың салт-дәстүрі» атты ұлдың еншісіне  берер, қыздың жасауына қосар құнды қазынасын жайып алдыңыздан тағы да Сейіт шығады. Солай, Сейіт үнемі  бізбен бірге, халқымен бірге! Лайым, қашанда солай бола бергей! Басқаша ойлай да, елестете де алар емеспін. Қойшығара САЛҒАРАҰЛЫ.
 
* * *
 
ЕЛ ҮШІН ЖАРАЛҒАН ЖАН ЕДІ

 
Мірдің оғындай, сексеуілдің шоғындай, семсер тілді Сейіт ағам бесінші мүшел жасында: «Беу, дүние!» деп жарық дүниемен қоштасты. Ерте ме, кеш пе – жұмыр басты пенденің көз жұматыны хақ. Ізгілік іздеп өткен адамдардың артында иманы қалады, жұрттың игілігі үшін жиғаны қалады. Басқа не қалады? «Дүние – жалған», деген осы. Жайнаған туың жығылмай, Жасқанып жаудан тығылмай, Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек жомарт құбылмай... Жайдары жүзің жабылмай, Жайдақтап қашып сабылмай, Жан біткенге жалынбай, Жақсы өліпсің, япырмай! – деп Абай атам Оспанның қазасына қайғырғандай қайғырып отырмын. Ештеңеден жасқанбай, дүниеге тік қарап, тік өткен Сейіт ағам артына мол мұра қалдырды. Сынадай қағылған сықақ өлеңдері мен әзіл әңгімелері оспақ сүйгіш оқырмандар үшін баға жетпес қазына. Қазақтың әдет-ғұрып-салт-дәстүрлері туралы 3 томдық кітабы – алтын көмбе. Ағам алпысқа таяғанда: «Сіз неге салт-дәстүр саласына ойысып, ғылыми жұмыспен айналысып кеттіңіз?» – деп сұрадым. Сонда ағамның ағынан жарылып: «Қазақтың қанына сіңген ұлттық дәстүрге бойлай енуіме ең бірінші Өзбекәлі Жәнібековпен етене жақын араласуым себеп болды. Өзекең 70-жылдары Торғай обкомының идеология хатшысы болып келген күннен осы бір әрі ғажайып, әрі тұңғиық іспен қалай айналысып кеткенімді өзім де білмей қалдым!» деген сөзі жадымда жаттаулы. Сейіт ағам не істесе де шырайын шығарып істейтін. Бастаған ісін тастамайтын. Ел үшін жаралған есіл ағам-ай! Жатқан жеріңіз жәннатта болсын! Көпен ӘМІРБЕК.
 
* * *
 
ҰРПАҚТАР РАХМЕТ АЙТАТЫН БОЛАДЫ
 
Кеңес өкіметі кезінде ұмыт бола бастаған ұлттық салт-сана, дәстүрлерімізді тәуелсіздік алғаннан кейін қайта дәріптеп, әспеттеп, әрлендіріп, жалпақ елдің жадын жаңғыртып, жандандыруға қосқан Сейіт Кенжеахметұлының ересен еңбегін ешкім  жоққа шығара алмайды. Ол ұлт рәсімдерін реттеп, бір жүйеге салып, оны ғылыми айналымға түсіріп, бірнеше мәрте кітап етіп шығарып, төрткүл дүниеге таратты. Бұған себеп, Сейіт сол ұлттық дәстүрлердің ұйып-ұйысқан жері Торғай даласында туып өсті. Сол кездегі көзі тірі көреген, шешен кісілер Ахметхан Әбіқаев атай мен Күләнда Бөкешева апайдан көп тәлім-тәрбие алды. Сейіттің өз анасы да көзі ашық, көкірегі ояу, ел басқарған кісі еді. Осындай ортада өскен ол Торғай елінің тұнып тұрған қазынасынан қанып ішіп, өзінің жиған-тергенін халықтың кәдесіне жарата білді. Қазақ сатирасында өзіндік орны бар Сейіт өмірінің соңғы жылдарында ұлттық дәстүр-салт тақырыбына бел шеше кірісіп, белсенді еңбек етті. Ел этнографиясына елеулі үлес қосты. Сейіттің бұл еңбегін бұл күнде біреу біліп, біреу білмей, өз бағасын ала алмай жатса да, болашақ ұрпақ оған ұлт қазынасын ұлықтағаны үшін рахмет айтары хақ. Жүруші ең көп ішінде дара жандай, Қолыңа отырмаушы ең қалам алмай... Халықтың қазынасын тиеп алып, Көтеріп келе жатқан қара нардай. Үзгенде ажал жетіп сол ғұмырды, Бұл күнде біздің көңіл болды мұңды. Апарып болашаққа тапсыратын, Апыр-ай, кім көтерер сол жүгіңді! Серік ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ. 
 
 
* * *
 
ҚАЗАҚ  РУХАНИЯТЫНЫҢ  ҚОРМАЛЫ
 
Қазақ елінің өңіріне ұлтының ырыс түймесі болып қадалған тағы бір нысаналы тұлғаның өмірі үзіліп түсті. Сейіт Кенжеахметұлы – халқының бойындағы қарапайымдылық атты ұлы қасиетті табиғи түрде сіңірген, сол қасиетті өмір сүрудің өзегіне айналдырған, тіршіліктің бар тауқыметі мен қуанышын бастан кешіріп, әр адамның бойынан ізгілікті ғана іздеген ағамыз еді. Ол елінің ұмытқанын еске салып, халық жадының қормалына айналған, ағаларын – алақанында ұстаған, інілерін – ағаларынан да бетер құрмет тұтқан, әпке-қарындастарын қызындай сыйлаған, жабығып жүргенде – жаныңды жадырататын, қуанышыңа қуанышын үстеп қосатын, еліне деген езіліп тұратын ет жүрегіне шемен бітпеген, ешкімді жұмсамай – соның орнына өзін өзі жұмсайтын, ғұмыр бойы туған жері – Торғайына тамсанып, тауыса алмай өмір сүрген жан болатын. Елінің алдындағы парызын толық өтеген, табиғат сыйлаған бар қасиетін халқы үшін несиесіз атқарған, дүниеге қарапайым қалпында келіп, қарапайым ғана қалпында ешкімге базына артпай өмірден өткен аяулы арысын – ағайын-жұрты, өзі жеті жыл қызмет істеп, қазақ этнография ғылымын әлемге танытқан «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының алдына аза тұтып, асыл ұлды еліне – Торғайына, мәңгілік бақи сапарына аттандырып салды. Артында – жазылмаған «Торғай» атты энциклопедияның беті ашық қалды. Ол арманды, сол жазылмаған тарихты соңында қалған жанкүйер достары қаперінде ұстап, ұлағат алған інілері мен шәкірттері жүзеге асырады деген сенімдеміз. Оның айту мен жазуға таусылып бітпейтін мінезі мен ұстыны туралы жақсы сөздердің алдағы уақытта айтылары анық. Осындай аяулы азаматты өмірге әкеліп, халқына қалтқысыз қызмет етуге мүмкіндік берген Торғай еліне мың да бір тағзым. Мәңгілік сапарыңда жаратқан Алла тағала алдыңа жарығын түсіріп отырсын. Қадірлес інілерің: Қаржаубай САРТҚОЖАҰЛЫ, Тұрсын ЖҰРТБАЙ, Несіпбек АЙТҰЛЫ.
 
 
* * *
 
ЖАН АҒА
 
Бағаңды білген еліңе, Адалдығыңмен жағып ең. Өнердің биік өріне, Қызбелден қанат қағып ең.   Дос көріп қазақ баласын, Қараушы едің күлімдей. Күлкің де сыңғыр қағатын, Қоңыраулының үніндей.   Жырлаған жырын халықтың, Бағылан ұлдың бірі едің, Міржақып сынды алыптың, Ізіне шыққан гүл едің.   Тізгіндеп шабыт тарланды, Ақындық жолды қуғансың. Жабығып жүрген жандарды, Жұбату үшін туғансың.   Соқпақты жолды кешкенсің, Жазылмай соғыс жарасы. Жетімдік көріп өскенсің, Қара кемпірдің баласы.   Кезің жоқ сөзден дес берген, Қол создың биік асқарға. Әкесіз өзің өскенмен, Әке боп өттің жастарға.   Атақ та, бақ та бір сенде, Сақтадың таза арыңды. Торғайда өмір сүрсең де, Алашқа атың танылды.   Бет бұрған көптің көшімен, Астанаға да сия алмай. Қайыра көшіп кетіп ең, Туған жеріңді қия алмай.   Кейбіреу жанын түсінбей, Қадірін кештеу білсе де. Сықақшылардың ішінде, Сейіттің орны бір төбе.   Асқар тауыма балаған, Әке орнына санаған, Арқа сүйеуге жараған, Бақұл бол, қайран жан ағам! Қонысбай Әбіл
 
                                        
Дүниеге кедей болсаң

Әкем Сейіт дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі:
— Секе, дүниеге кедей екенсің ғой, — депті.
— Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың – деп жауап берген болатын.
Әкем өзі жинақтаған, бір ізге салып зерттеп, көпшілікке шын ықыласымен ұсынған халқымыздың салт-дәстүрінде қалжыңның түрлерін берген. Соның ішінде құрдастар қалжыңының үлгісін көрсетіп кеткендей…
Құрдастар қалжыңдары
Белгілі жазушылар Қойшығара Салғараұлы, Сейіт Кенжеахметұлы, Қоғабай Сәрсекеев және журналист Сабыржан Шүкіровтер бір ауданда және бір жылы туған құрдастар екен. Олардың кезінде бір-біріне айтып жүрген жарасты әзілдері жұрт аузында жиі айтылады.
 
Кім озады?
Бірде Қойшығара аға, Қоғабай ағай, әкем Сейіт оқырмандар арасында болып, топ ішінен біреуі:
— Осы үшеуіңнің қайсысың озық жүресіңдер? – деп сұрапты. Қоғабай мен Қойшығара бір-біріне қарайды. Сол сәтте әкем Сейіт орнынан тұрып:
— Кітапты сапалы әрі тарихи тақырыптар жазуда Қойшығара озық келеді. Өзі сияқты жуан-жуан етіп шығаруда Қоғабай озады. Ал, өзім сияқты жіп-жіңішке әрі жиі-жиі шығаруда мен озамын. Егер үшеуміз күресе кетсек Қойшығара жығады. Жарыса кетсек мен озамын. Төбелесе кетсек Қоғабай жеңеді, — деген екен.
 
Ел мен жер өзгерсе
Жанында бір топ серіктері бар Қоғабай мен Сейіт ел аралап келе жатады. Туған аулына келген Қоғабай жолда тоқтай қалып:
— Жер де тозып өзгерген екен-ау. Мына жер біздің жас кезімізде жайқалған шабындық еді, енді қоғажай басып кетіпті, — депті. Сонда Сейіт:
— Жер өзгерсе шөбі қоғажай болады, ел өзгерсе жазушысы Қоғабай болады, — деген екен.
 
Мәтел
Отырған жерде Қойшығара ағаның кітап қарап отыратын, Қоғабайдың қыз-келіншектерге көз салып отыратын, Сабыржанның шәйді көп ішетін әдеттері бар екен. Соны байқаған әкем Сейіт:
Қойшығараға кітап көрсетпе,
Қоғабайға қыз көрсетпе,
Сабыржанға шәй көрсетпе, — деген мәтел шығарыпты.
Қойшы мен Қоға
Бір жылы Қоғабай, Қойшығара, Сейіт үшеуі Торғайға барыпты. Үшеуінің қабат келгеніне таңданған біреу, Сейіттен:
— Неғып жүрсіңдер? – деп сұрапты. Сонда сатирик:
— Қойшыға қоға аралатып жүрмін, — депті.
 
 
500 жыл қуу
С. Шүкірұлының алғашқы жинағы оның елу жасында шыққан екен. Соны ұстап отырып Сабыржан:
— Енді Сейітті қуып жетуім керек, — десе керек.
Сонда сатирик:
— Менің он кітабым шықты. Сен елу жылда бір кітап шығарасың. Сонда мені әлі 500 жыл қууың керек қой, — деген екен.
 
Төбеге отыру
Арқалықта жаңа үй беріліп одан Сейітке жоғары, Сабыржанға бір қабат төменнен пәтер тиіпті.
— Екеуіңіз неге бір қабаттан алмағансыңдар? – деп сұрапты Жұмағали аға.
— Мен Сабыржанның төбесінде отыруым керек қой, — депті әкем Сейіт.
 
Өлі Сталиннен…
Біздің үйдің төрінде бұрын И.Сталиннің суреті ілініп тұратын. Кейін біз ол суреттің орнына әкем Сейіттің өз суретін іліп қойдық. Мұны байқаған жолдастары «мына жердегі Сталиннің суреті қайда?» дегенде Сабыржан Шүкірұлы:
— Оны сұрап қайтесің, өлі Сталиннен тірі Сейіт артық қой, — деген екен.
Мен де жүрмін ғой…
Күйеу баласы Асылханды әкем пысықтығы, әділдігі, шыншылдығы үшін жақсы көріп жақын тартатын. Сол күйеу баласы жүк машинасын сатып алғанда, әкеме «Көріңіз, бата беріңіз» — деп үйінің алдында тұрған машинасына ертіп апарады. Машинаны айналып қарап жүрген қайын атасы Сейітке күйеу баласы Асылхан:
— Папа, машина бірақ 1993 жылғы, — дегенде, әкем:
— Оқасы жоқ, мен де жүрмін ғой 1939 жылғы, — деп бәрімізді күлдіргені бар.
 
 
Материалды ұсынған
Зәмзәгүл КЕНЖЕАХМЕТОВА


 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.12.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @kineu.kz Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз! 🎊Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жүректерді ерекше кеш өтті.
29.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының мәдениет үйі жанынан құрылған «Түйемойнақ», театрының көшпелі қойылымы өтті
28.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 28 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының шығармашылық ұжымы KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Туған елім – Туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 28 қараша күні сағат 10:00-де «Мирас» қазақ халық аспаптарының этнографиялық ансамблі Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің KEnEU International Week 2025 халықаралық бағдарламасына қатысты. Аталған шара қазақтың көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері Мыржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
ALAU TV: Қостанай облысында «Еңбегі жаңған арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 27 қарашада «Мирас» Мәдениет сарайында үрмелі оркестр «Pro_luboff» ұжымы оркестрдің бұрынғы жетекшісі — Алексей Алексеевич Губенконың рухына арналған концерт өткізді
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Костанайда «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық әйелдер форумы өтті
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
📍27 қараша 2025 жыл Лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!✨ Мәдениет саласының үздік қызметкері Иманова Зұхра Өтепбергенқызы Қостанай облысы әкімі Құмар Ергебайұлы Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
27.11.2025
Федоров дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
26.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 26 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде Денисов № 3 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді.
26.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
26 қарашада “Мирас” мәдени ет сарайында А. Байтұрсынов атындағы Қазақ ұлттық мәдениет университетінің (ҚҰУ) студенттерінің тыңдалымы өтті
25.11.2025
Денисов дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
25.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
24.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Міржақып Дулатовтың 140-жылдығына орай KEnEU халықаралық ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Халықаралық апталық өткізді.  Іс-шараға «Жұлдыз» домбыра ансамблі қатысты, жетекшісі — Тимербекова Айгүл Абаевна.
24.11.2025
Амангелді дом культуры
Амангелдіде «Үздік клуб» байқауы мәреге жетті
21.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 21 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде «Шәмші әндері – халық қазынасы» атты аймақтық фестиваль өтті. ​Іс-шара көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналды.
20.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
19.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 17:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайының бірінші қабат фойесінде аға буын өкілдеріне арналған дискотека өтті. Шара би сүйер жандарды бір арнаға тоғыстырып, күннің жағымды түйініне айналды.
14.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қазақтың төл өнерін аспандатқан, аққуындай әсем үнімен ел жүрегіне жол салып, төрелігін айтқан Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған республикалық «АЙДЫН ЖЫРДЫҢ АҚҚУЫ» атты жыр додасы өтпек
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
Автор: Қостанай қ. дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
Автор: Федоров дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
Автор: Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
Автор: Денисов дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру