altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Қазақ өнерінің Серкесі
23.08.2021
935
0

«Ол барлық тіршілігімен, өнер-өнегесімен жұртқа ұстаз, періштедей таза, Сүлеймендей әділ». Бұл – классик жазушы Ғабит Мүсіреповтің әйгілі әртіс Серке Қожамқұловқа берген бағасы.

 
Тобыл-Торғай өлкесінің тұңғыштар ұясы екеніне дәлел іздегенде саңлақ Серкенің атын ұмыт қалдыру мүмкін емес. Өйткені ол – ұлттың кәсіби театрының негізін салушылардың бірі. Халық оны қазақтың тұңғыш фильмі «Амангелдінің» басты рөлдердің бірін (Бекет) сомдаған актер ретінде тете таниды.
 
Осынау алып тұлғаның туғанына биыл 125 жыл толды.
 
Серке Қожамқұлов 1896 жылғы мамыр айының 5 күні Қостанай облысының Қарабалық ауданына қарасты он үшінші ауылда дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Серәлі. Бала күнінде анасы «Серкем!» деп еркелетсе керек. Осыдан кейін ел аузында Серке аталып кетіпті.
 
Серке 1923 жылы оқуын бітірісімен, Қостанай қаласында сот тергеушісі болып жұмысқа орналасады. Өнерден бір елі ажырамай, әртістік қабілетімен танылып, 1925 жылы тұңғыш Қазақ театрына режиссерлік қызметке жіберіліпті. Осылайша, ол Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының іргесін қалаушылардың бірі болды.

Саңлақ тұлға театрда режиссер де болды, сахнадан да ұдайы көрінді. 1926–1932 жылдары Әуезовтің «Бәйбіше - тоқал», Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Қалпе», Ө.Оспановтың «Сеңсең бөрік», Н.В. Гогольдің «Үйлену» пьесаларын қойды. Сондай-ақ, Мырқымбай, Қоңқай, Көбікті, Қарабай, Еспембет сияқты образдарды сәтті сомдады. Естеліктерде айтылатындай, Қожамқұлов әрбір рөлдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мінезі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер болыпты.
 
Жалпы, сахна саңлағы 1925-1979 жылдары аралығында қазақтың төл туындыларынан бастап, батыс және орыс драматургиясының 170-тен астам кейіпкердің образына еніпті.
 
Ал оның қазақ кинематографиясының дамуына қосқан үлесі – өз алдына бір бөлек әлем. Қазақтың тұңғыш фильмі – «Амангелдіде» басты рөлдердің бірін сомдағанын көзі қарақты оқырманның барлығы білсе керек. Сондай-ақ, Шәкен Аймановтың «Алдар көсесінде», «Біздің сүйікті дәрігер» музыкалық комедиясында және тағы да басқа көптеген кинотуындыларда басты рөлдерде ойнады.

Театр және кино әлемінің Серкесі қазақ даласында алғашқы кәсіби театр құрылған жылы, яғни 1936 жылы «Қазақстанның халық әртісі», 1976 жылы «Социалистік Еңбек Ері» атағын иеленді. Үш мәрте «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және көптеген төсбелгілермен марапатталған. 

Әйгілі тұлғаның маңдайына бұйырған ең ұлы марапат өнер өлкесінде өшпес ізі, ұлт тарихында ұмытылмас есімінің қалғаны болса керек. Кесек тұлғаны келешекке дәріптеп отыру - бүгінгінің міндеті.

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру