Амангелді ауданды - «Асқақ әнім, Астана!» атты халық шығармашылығы фестивалі
02.02.2018
1754
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
2 ақпан күні Амангелді аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Елордасы- Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Асқақ әнім, Астана!» атты ХХХІI облыстық халық шығармашылығы көркемөнерпаздар фестиваліне Амангелді аудан өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламасы болды.
Бағдарламада ұлт-аспаптар оркестрі, «Дала сазы» этно- ансамблі, жігіттер, балалар вокалы, терме, жекелеген әншілер, 2 би тобы өнерлерін ұсынды. Қазылар алқасы концерттік бағдарламаны жоғары бағалады.