altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
АҚЖАРМА ТІЛЕКТЕР, АЛҒАУСЫЗ ПІКІРЛЕР
16.06.2021
1514
0
Көрнекті ақын, жазушы, драматург, публицист, журналист, филолог, Ахағ атындағы ҚӨУ профессоры Ақылбек Шаяхмет күні ертең 70 жасқа толған мерейтойын атап өтеді. Бұл – әдебиет сүйер оқырманның ортақ қуанышы. Осынау мерей қарсаңында қаламгер туралы қазақ еліне танымал тұлғалардың жазған жүрекжарды лебіздерінен үзінділер ұсынып отырмыз.
 
* * *
 
Ақылбек інім – тұлғасы ірі, мықты ақынның бірі. Ақын – елдің елшісі, ақиқаттың айнасы десек, осы күні Алматыда да, Астанада да ақын көп. Олардың ішінде жақсы ақындар аз емес. Ал Ақылбектің ерекшелігі ол тамырын жерге жіберген, өзі туып-өскен құнарлы топырақтан нәр алған, барлық Еуропа мен Азия ақындарын терең оқып, жасыл жапырақтары жан-жаққа таралған, Наушабайдың Нұржаны, Басықараның Қанапиясы, Орысбайдың Ақсұлуы секілді арқалы ақындардың жырын жаттап, өмірін зерттеп, туған жерінде табан тіреп тұрғаны. Сондықтан да ол: «Іздеймін деп тірліктің басқа амалын, Баққан жоқпын ешкімнің қас-қабағын. Беттемедім өріне Алатаудың, Қызықпадым төріне Астананың», – деп ағынан ақтарылады. Ақылбек заман ау-жайын тап басып, Құлагердей тұлпардан жұртта қалған ит озған, атасыз шаңырақ, батасыз дастархан, біліксіз басшы, құлықсыз қосшы көбейген қоғамды қаламының қайратымен қорғағысы келеді. Бұған дейін ондаған жыр жинағын шығарған, соның ішінде үлкендерге де, балаларға да арнап жыр жазған ақын «Көзімді ашып-көргенім» деп аталған жаңа жыр жинағында ел тағдыры туралы толғанады, көппен бірге қиналады. Ақылбек Шаяхметтің поэзиясында әдемі сурет те, кесек ойлар да, тегеуірінді түйіндер де бар. Ол сан қырлы, жазық даланың алуан түрлі шөп пен гүлге толы, шалғын иісі аңқыған, еккен егіні шалқыған образын көкірегіне кұйған, сол даладан нәр жиған бал арасына ұқсайды. Ақынның өзі жазғанындай, ол қарағайға қарсы біткен бұтақтың қылқаны, бірде қуанышты, бірде қасіретті мәңгі әуені үзілмейтін өмірдің қатты тартылған ішегі тәрізді. Оның дауысы кейде қатты шықса, кейде өте нәзік. Осы өмір заңын өнерде де тең ұстайды.
 
Сәкен сері ЖҮНІСОВ, 
Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты 
 
* * *
 
Ақылбек – өсу үстіндегі қаламгер. Өлеңнен өлеңге, жинақтан жинаққа қатты өзгеріп, тереңдеп, биіктеп келе жатқан дағды байқалады. Бұл – жақсы мінез. Бұл мінез жақсы ақынға өле-өлгенше жансерік болуға тиісті. «Шеберлікте шек жоқ» деп бекер айтылмаған. Ендеше іздену, өсу, өзгеру секілді оң құбылыстар да ауадай қажет, ол бітіп қалуға тиісті емес. Ақылбектің көркемдік құралдары түгел. Керек жерінде керекті құралдарды іске асырады. Бояудың дозасын ретімен пайдаланады. Сезім тізгінін жіберіп, тежейтін тұстарды жіті байқайды, ер үстінде сергек отырады... Ақылбек табиғат жайлы, махаббат жайлы, көңіл күй жайлы толғанғанда тиісті мақамды, интонацияны дәл таба біледі. 

 
Дүйсенбек ҚАНАТБАЕВ, 
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты 
 
 
* * *

Мойындап шын дарынды ақын деп біз, 
Ақиқат айтқаныңды мақұл деппіз. 
Сен қалам тартпағанда жарты ғасыр, 
Сөз жетім болар еді Ақылбексіз. 
 
Сырыңды ұға алмаған қайдан білсін, 
Шын досқа адал пейіл, жайдарысың. 
Аман жүр, ақын досым, Алаш үшін,
Сен бүгін ана тілдің айбарысың. 

 
Әсия БЕРКЕНОВА, 
Қазақстанның халық ақыны
 
 
* * *


Бұйырар деп бұрынғының жыр-тағы, 
Бұл Ақылбек бұрқыратып, бұрқады. 
Бүгін, міне, төредей боп төрде отыр, 
Қара қыпшақ Қобыландының ұрпағы. 
 
Қобыландың келсе-дағы кейіндеп, 
Айта келдім: «Құтты болсын!» – дейін деп. 
Арғы жағың – Алтынсарин, Ақылбек, 
Бергі жағың – бұйра шашты Бейімбет.
 
Тұр ғой талай тіл ұшында тектілер, 
Ақылбегім асу асып, жетті дер. 
Ойшыл ұлың таусылмайды, Қостанай, 
Сені соның жұрнағы еді деп білер. 
 
Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ,
 халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты
 
 
* * *

Иә, екеуміз де басқа түскен өтпелі кезеңнің төліміз. Өзіммен салыстырғанда Ақаңның шындық шекарасын, сонау кеңестік дәуірді танып қалған азаматтардың бірі екенін білемін. Қалың қазақ арасында өсіп, қазақи тәрбие алған өзім секілділер іштен тынып жүргенде, сол қазақтың қамын орыс арасында өскен жігіттердің жегені қызық. Орысы мол Ақмолада Смайылдың Алданы «Қараөткел» газетін, Өскеменде Ғабдолланың Серігі «Ақ Ертіс» журналын шығарды. Керекудің Жеңісі тіл мен ділдің дауасын «Дауа» газетінен іздеп жүргенде, «Дала қоңырауының» сыңғыр үнімен солтүстіктің қазағын оятқан Ақаң емес пе еді!
 
Серік БАЙХОНОВ, 
республикалық «Жігер» фестивалінің, 
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты 

 
Құрметті қостанайлықтар және қала қонақтары, Ақылбек Қожаұлының мерейтойына арналған шығармашылық кеш 17  маусымда сағат 16.00-де Қостанай қаласындағы "Жастар сарайы" ғимаратында өтетінін естеріңізге саламыз.
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
15.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
12.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйекте «Мирас» ҚМС концерттік залында «Отбасы – махаббат пен бірліктің ошағы» концерттік бағдарламасы өтті
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
10 қыркүйекте KPI бағдарламасы аясында көшпелі концерт өтті!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Құрмет пен алғыс — жоғары кәсіби шеберлікке берілген баға!
10.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qajd_kostanay - 📌Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде сотталғандардың мәдени-демалыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Алексей Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті ұйымдастырылды
09.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қазақтың халық аспаптары этнографиялық «Мирас» ансамблі өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтуде! Сіздерді ансамбльдің 35 жылдығына арналған мерекелік концертке шақырамыз. Кеш барысында ұлттық өнердің әсем әуендері мен қазақтың халық аспаптарының сырлы сазына куә боласыздар.
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Комплаенс-офицер
08.09.2026
Мәдениет үйі мәдениет үйі
Қостанай ауданы әкімдігінің "Мәдениет және тілдерді дамыту"" ММ "Мәдени - демалыс орталығы" КМҚК сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ереже
08.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
12 қыркүйек күні Қостанай Сити-орталығында Отбасы күніне арналған мерекелік концерт өтеді! Кеш барысында көрермендерге көтеріңкі көңіл күй, әсем әуендер мен жүрекке жылу сыйлайтын шығармашылық бағдарлама ұсынылады. Келіңіздер, Отбасы күнін бірге атап өтіп, махаббат пен бірлікке толы мерекелік көңіл күйді бірге бөлісейік! 
07.09.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
05.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Тіл – халық бірлігінің негізі» концерттік бағдарламасы өтті
03.09.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде Қазақстан халқының тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – болашақ кепілі» атты мерекелік бағдарлама өтті.
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қыркүйек күні «Осьминог» аквапаркінің салтанатты ашылу рәсімі өтті
01.09.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» МДҮ ұжымының шығармашылық өміріндегі маңызды оқиға!
31.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТІЛ – ХАЛЫҚ БІРЛІГІНІҢ НЕГІЗІ Қазақстан халқы тілдері күніне орай Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтарын мерекелік концертке шақырамыз!  Бағдарламада – әсем әндер, көтеріңкі көңіл күй және өнерпаздардың жарқын өнері.
29.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
29 тамыз күні сағат 20:00-де Жітіқара қаласында Қала күніне арналған мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Концертке Қостанай қаласының «Мирас» мәдениет сарайының солистері қатысты!  Жарқын өнер көрсетілімдері, сүйікті әндер мен мерекелік көңіл-күй көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады! 
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Өнер арқылы өрілген тәрбие
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.09.2026
Комплаенс-офицер
Автор: Мәдениет үйі мәдениет үйі
08.09.2026
ТІЛ - БІРЛІГІНІҢ ТІРЕГІ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
07.09.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру