altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
БЕС ЛИТР ШҰБАТ
23.04.2021
1896
0
2001 жылы Алматы қаласында тұңғыш рет Республикалық әзіл-сықақ байқауының тұсауы кесілді. Сайысқа Қазақстанның түпкір-түпкірінен "тілінің қотыры бар" театрлар мен қалжыңбастар қатысты. Әділ-қазылар алқасына қазақ сатирасына еңбегі сіңген, әзілдің қаймақтары марқұм Құдайберген Сұлтанбаев, Лида Кәденова, Бауыржан Ибрагимов бастаған серкелер отырды. Осы байқауда «Екі Езу» сатира театры жүлделі орынды қанжығасына байлап, Ақтөбенің абыройын көтеріп қайтты. Өкінішке орай бұл жоба әрі қарай тоқтап қалды.



Айтайын дегенім, сайыстан соң қонақ үйге шашы аппақ, көзінде көзілдірігі бар, орта бойлы қария театрды іздеп келді. Бастапқыда танымай қалдық. Әңгімелесе келгенде сатирик-жазушы, этнограф-ғалым Сейіт Кенжеахметов болып шықты. Жазушының аты-жөнін бала кезімізден білеміз,түрі есімізде сақталмапты. Бұл кісі сахнаға шықпайтын, теледидардан жылтыңдамайтын сықақшы. Көсіліп көп сөйлемейді. Айтса шығып алады. Үнемі жастардың көзқарасын қолдайды. Кейбір ата сақалы аузына түскен сатириктер құсап «Анау ұнамайды, мынау күлдіре алмады, баяғы «Тамаша» жақсы еді» деуден аулақ кісі. Төрт қабырғадан шықпай, өз ауласынан әрі аса алмаса олар нені түсінеді? Қазір әзіл түгілі ән де өзгерді. Әр заманның өз стилі бар. Міне, осыны С.Кенжеахметов түсініп кетті.

Содан бізді қонақ үйдің жанындағы шәйханаға шәй ішуге шақырды. Жүрегі қазақтың қазынасына толып тұрған Сейіт ағамызбен екі сағат әңгімелесіп, терлеп шәй іштік. Ол кісі екі күн бойы сайыста сыншы болып отырған екен. Біздің жігіттердің сахнадағы ойнағаны қатты ұнапты. Менің жазған әзілдеріме жоғары баға берді. Актерлерге өзінің «Жиған-терген» кітапшасын таратты. Ақылын айтып батасын берді.

Осы кездесуден кейін біздің арамыздағы достығымыз қоюлана түсті. Арқаға барғанда үйіне қонаққа шақырды. «Қазақ халқының тұрмыстары мен мәдениеті» туралы шығарған бес томдық үлкен кітабын сыйға тартты.

 Бір сөзінде ол әкесі Кенжеахмет туралы әңгіме қозғады.

"Әкем Кенжеахмет дүние-мүлік жинамайтын, кітап жинаған адам болатын. Біздің үйге келген бір әріптесі:

- Кенеке, дүниеге кедей екенсің ғой,- депті.

- Дүниеге кедей болсаң, өнерге бай боласың, -деп жауап берген болатын", - деді. Қандай тауып айтылған сөз. Кейін Сейіт аға Ақтөбенің Ырғыз селосынан келін түсірді. Құда болып келгенде Ақтөбеге соқты. Шұбат ішкенді өте жақсы көреді. Өзінің замандасы сықақшы Төрежан Мәндібайды іздеп барады. Сатираның екі бірдей атасының ұлағатты сөздерін тыңдап, қастарында біз жүреміз. Жыл сайын қалаға үзбестен келіп тұрды. Кетер кезде міндетті түрде бес литр шұбатты вагонға салып жіберемін. Еліне жеткенше ішіп барады. Соңғы рет келген сапарында біздің үйде болды. "Пойызға дейін танысымның үйіне барып келемін, маған шұбатты теміржол вокзалына жеткіз", - деді. Өкінішке қарай, мен пойыздың уақытынан жаңылысып, кешігіп бардым. Пойыз жүріп кетіпті. Сейіт ағама бес литр шұбат бұйырмады. Сол жылы аяқ астынан көз жұмды...

Көненің көзін сыр сандығына жиып, кейінгі ұрпаққа кітап етіп қалдырған қоғам қайраткерінің 80 жылдығына өзінің туған жері Арқалық қаласы 2019 жылы мамыр айында «Мірдің оғы» атты аймақтық әзіл-сықақ фестивалін ұйымдастырды. Біздің театрға арнайы шақырту қағазы келді. Барып, қатысып, Сейіт Кенжеахметов атындағы арнайы жүлдемен марапатталдық. Сатира саңлағының да, фестивальдің де ғұмыры ұзақ болғай!


 
Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,
ҚР Мәдениет қайраткері
Жазушылар одағының мүшесі,
"Екі езу" сатира театрының жетекшісі
 
 
Естеріңізге саламыз, 27-28 сәуір күндері сатирик-жазушы, этнограф-ғалым
С. Кенжеахметов атындағы «Мірдің оғы» республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтеді.

 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру