altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
Сатира саңлағына тағзым
21.04.2021
1435
0
"Күле білу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім". Бұл – әйгілі жерлесіміз Сейіт Кенжеахметовтің ділмар сөздерінің бірі. Сатираның соқасын сүйреп өткен сардар тұлғаның есімі әзілсүйер қауымның барлығына етене таныс. Ел оны сықақшы деп қана емес, этнограф, жазушы, аудармашы, ұстаз ретінде біледі...

 
Сейіт Кенжеахметов 1939 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданының Қызбел ауылында Сарықопа қонысында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын "Жаңа өмір" газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде көп жыл еңбек етті. Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы кеңесшісі, облыстық "Қазақ тілі" қоғамының төрағасы лауазымдарын атқарған. Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ-де доцент, кафедра меңгерушісі болып, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. 2003 жылы Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы "Отырар кітапханасы" ғылыми-зерттеру орталығында жетекші ғылыми қызметкер болды. 
 
Ал әдебиеттің "жауынгер жанрына" алғашқы қадамы сықақ өлеңдер мен мысалдар жазудан басталды. Тырнақалды туындылары 1957 жылдан бастап қазіргі "Жас алаш", "Егемен Қазақстан", "Қазақ әдебиеті" газеттеріне, "ара", "Мәдениет және тұрмыс" ("Парасат") және "Қазақстан әйелдері" журналдарында жарияланды. Кейін әзіл әңгімелер және шағын интермедиялар жазды. Шеберлігі аңғарылып, оның қаламынан шыққан интермедиялар "Тамаша" ойын-сауық отауында 30 жыл бойы үздіксіз қойылып келді. Оның "Кәрі шеңгел", "Қуырдақ", "Киіз қазық", "Сөз семсер", "Ел құлағы елу", "Мірдің оғы", "Аттеріс"  сықақ өлеңдер жинақтары және "Айтпады демеңіз", "Тышқантірлік", "Күлкіден айырмасын"  әзіл әңгімелер кітаптары бар. Автордың езу тарттыра отырып ойландыратын мәнді-мәнерлі сықақтары әлі күн ел жадында жүр.
 
Сейіт ағамыздың энографияға сіңірген еңбегі – өз алдына жеке әлемдей. Қазақ ұлтының мәдениетін, салт-санасын түгендеуге өлшеусіз үлес қосты. Ол сонау 1992 жылы этнографиялық-танымдық ізденістері үшін "Ана тілінің саңлағы" құрметті атағын иеленген. 4 кітаптан тұратын "Жеті қазына" атты ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының "Қазына" сыйлығын алды. Мұның сыртында "Қазақ халқының салт-дәстүрлері", "Қазақтың дархан дастарханы" атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзірбайжан тілдерінде басылып шықты. Осылар және ""Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті" еңбегі әлемнің 30-дан астам мемлекетіне тарады. 
 
Аудармашы ретінде Ә.Несин, И.Крылов, С.Олейник, С.Михалков сынды көптеген шетелдік авторлардың шығармаларын қазақша сөйлетті. 
 
Осынау сатирик-жазушы, этнограф-ғалым, бір сөзбен бесаспап тұлғаның шығармашылық мұрасын насихат ету мақсатында бірер жыл бұрын ақжолтай жоба қолға алынған-ды. Атап айтқанда, Сейіт Кенжеахметов атындағы "Мірдің оғы" республикалық әзіл-сықақ театрларының фестивалі шымылдырық түрген болатын. Аталмыш фестиваль биыл 27-28 сәуірде жалғасын тапқалы отыр. Мәдени, рухани іс-шараға елдің әр түкпірінен түрлі ұжым әзіл-қалжыңын арқалай келіп, Сейіттің жерлестеріне ұмытылмас кеш сыйламақ.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
29.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
26.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qumaraqsaqalov - ⚜️Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қостанайдағы Триатлон саябақта көпфункционалды стадион ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазанда сағат 13:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Абай Амирханов, Назымбек Молдахметов және Калибек Дерипсалдин атындағы, қазақтың халық аспаптар этнографиялық «Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған IV қалалық командалық ашық «Тобыл толқыны» байқау-фестивалі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:30-да стадионның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды оқиға.
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
25 қазан күні сағат 11:00-де Жастар сарайының жанында биіктігі 40 метрлік ту тұғырын салтанатты ашу рәсімі өтті
25.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
23.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Рухы биік - Қазақстан!
23.10.2026
Әулиекөл мәдениет үйі
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Ұлттық өнердің ұйытқысы
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
29.10.2026
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына арналған гала-концерт
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
НК: Қостанайда биіктігі 45 метрлік Ту тұғыры ашылды
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Қостанайда тутұғыр бой көтерді (ФОТОРЕПОРТАЖ)
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні құтты болсын!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
25.10.2026
Рухы биік - Қазақстан!
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
23.10.2026
РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ
Автор: Әулиекөл мәдениет үйі
23.10.2026
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру