БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ: Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Сағадат Нұрмағамбетов медалінің иегері, «Амангелді ауданының құрметті азаматы», күйші-композитор Айтбай Мұздахановтың 85 жас мерейтойына арналған «Елім-ай» атты шығармашылық кеші өтеді
Мерейтойлық кештің басты мақсаты – ұлттық музыка өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан композитордың шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, күйлері мен музыкалық туындыларын кейінгі ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ өңірдің мәдени-рухани өмірін байыту.
Кеш барысында көрермен назарына композитордың ел арасында кеңінен танылған күйлері мен музыкалық шығармалары ұсынылады. Сазгердің шығармашылық қолтаңбасы мен өнердегі өзіндік орны кеңінен таныстырылады.
Шығармашылық кештің арнайы қонақтары: Анар Мұздаханова – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері және Жанар Жүсіпова – Астана қаласындағы Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның қазақ оркестрінің әртісі, солисі және қобыз тобының концертмейстері.
Мерейтойлық шара ұлттық музыка өнерін ұлықтап, күй құдіреті арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға бағытталған. Кеш көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін терең сезінуге мүмкіндік береді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін мерейтойлық кешке қатысып, іс-шараны ақпараттық сүйемелдеуге және түсірілім жұмыстарын жүргізуге шақырамыз.
Өтетін күні: 2026 жылғы 27 қараша
Өтетін уақыты: сағат 15:00
Өтетін орны: Қостанай қаласы, Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры.
Байланыс телефоны: 8(7142) 56-24-28