ПРЕСС-РЕЛИЗІ Облыстық «Тобыл толқындары» атты халық биі байқауы
15.08.2018
1282
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
ПРЕСС-РЕЛИЗІ Облыстық «Тобыл толқындары» атты халық биі байқауы
Өтетін орны:
Лисаков қаласы,
Жастар саябағы
Өткізілетін уақыты:
2018 жылғы 17 тамыз, сағат 15.00
2018 жылы 17 тамыз күні сағат 15.00-де Лисаковск қаласында Жастар аллеясында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде облыстық «Тобыл толқындары» атты халық биі байқауы өтеді.
Байқаудың ұйымдастырушылары «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылығы орталығы» КМҚК болып табылады.
Байқаудың мақсаты: әуесқой хореографиялық шығармашылықты дамыту және қолдау; Қазақстан халықтарының мәдени мұраларын дамыту және сақтау; Қазақстанда тұратын халықтардың дәстүрлі мәдениетін жаңғырту, сақтау, дамыту; облыстағы үздік хореографиялық ұжымдарды анықтау; жастарды хореография өнеріне тарту, өздігінен өнерлерін жетілдіруге және шығармашылық жағынан өсуіне жағдай жасау.
Байқауға Қарабалық, Меңдіқара, Қамысты, Ұзынкөл, Әулиекөл, Таран, Денисов, Қарасу, Жітіқара ауданадарының және Лисаков, Рудный қалаларының ұжымдары қатысады.
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздар халық шығармашылық орталығы» КМҚК осы маңызды іс-шараға қатысу үшін облыстың электрондық және баспа БАҚ журналистерін, SM-блогерлерді шақырады