ХХХVI «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы байқау-фестивалі аясында сахна жүргізушілеріне арналған «Сахна мәдениеті мен техникасы» атты шеберлік сағаты өтеді
Астана қаласынан арнайы келіп шеберлік сағатын Әзірбайжан Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының актрисасы, мәдениет саласының үздігі, педагогика және психология магистрі, «Шабыт» өнер университетінің оқытушысы Ажар Шәкіржанова өткізеді.
Шеберлігін шыңдау үшін өңіріміздің барлық аудан, қалаларынан 24 сахна жүргізушісі қатыспақ.
Өтетін орны:
Қостанай ауданы "Алтын дән" мәдениет үйі.
Уақыты:
31 наурыз, сағат 10:00