altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Біздің МіндетімізОрталық туралыХалықтық (Үлгілі) ұжымдарыҚостанай облысының МҰ сайттарыСұхбатФото мен бейне галереясы«Шабыт қанатында» журналыБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
№1 Қазақстанда
ДК нұсқасы
Арқалық Қалалық Мәдениет Сарайының 2019 жылы атқарған жұмысының қорытындысы
04.03.2020
2433
0
Арқалық қалалық Мәдениет сарайының
2019 жылы атқарған жұмыстарының мәлімдемесі
 
1.Қала рейтингі көтеру жұмысы:
Мәдениет мекеме мен кәсіпорынның жүйесі
 а)  Жыл ішіндегі клубтық жүйедегі өзгерістер
«Арқалық қалалық Мәдениет сарайы»  МКҚК және 13 ауылдық клубтары мен 5 ауылдық мәдениет үйлері;
 Арқалық қаласының мәдениет кәсіпорнының 19 мекемесінің  ішінде  18 мемлекеттік және біреуі ЖШС қарамағында - Восточный ауылының мәдениет үйі.
ә) 2013 жылдың тамыз айынан бастап «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК балансына Ә. Боранбаев атындағы кинотеатр берілді.
2. Бюджет. Материалдық база және оның жағдайы: Былтырғы 2018 жылмен 2019 жылдың салыстырмасы. 2019 жылға қаржы бөлудегі жылдық көлемі 132693,0 теңгені құрайды, 2018 жылмен салыстырғанда 131056,0 теңгеге және – 101,2 пайызды құрайды.
 
   
2018 жыл
 
2019 жыл
2018 жылды
2019 жылдың
% салыс - да
ҚМС,
 
ауылдық
клубтар
бюджет Ақылы қызмет бюджет Ақылы қызмет бюджет
131056,3 3689,7 132693 4320,2 101,2
 
«Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК ақылы қызмет көрсету, ақылы мәдени іс – шаралар өткізу қаржының табыс көзін ашу үшін өз мүмкіндігінше жұмыстар жасалып жатыр. Мәдени орынның қауіпті жағдайда болуына байланысты көптеген мәдени  іс- шаралар келісім бойынша оқу орындарда, Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында өткізіліп жатады. Алдымен негізгі түсімді дамытуға мекеме мен мәдениет кәсіпорының материалдық – техникалық базасын нығайту жатады.
3. Мәдени іс –шаралар өткізу үшін меншікті табыс көзі: мәдени іс – шараларға –850,0 теңге, костюм - 900,0 мың теңге, іс-сапар шығындары – 594,3 мың теңге, құрылыс материалдарына 1975,9 мың теңге.  Барлығы: 4320,2
Жергілікті бюджеттен мәдени көпшілік іс-шараларға - 2147,0 мың теңге (мерекелік от шашу), 914,0 мың теңге аппаратураға бөлінді.  Бөлінген іс – шараға 2019 жылы 5808,0 теңге  мәдени іс – шараларды ұйымдастырылды. Барлығы: 8869,0
4. Сахналық киімге жұмсалған қаражат: 2019 жылы қалалық бюджеттен Мәдениет сарайының материалдық – техникалық базасын нығайту үшін сахналық киімдерге 2819,2 мың теңге, Халықаралық, Республикалық, Облыстық байқаулармен фестивалдерге қатысу үшін 1155,0 мың теңге бөлінді.
5. Басылымдарға жазылу:  «Арқалық қалалық Мәдениет сарайы» МКҚК және ауылдық клубтардың 2019 жылдағы мерзімдік Республикалық, облыстық, қалалық басылымдарға жазылуы қалалық Мәдениет сарайы өз меншігінен 243,0 мың теңге. Барлығы: 243,0 мың теңге
6. Кадрлар: а) Штаттық бірлікпен, нақты дерек бойынша жұмыс істейтіндер саны
б) Толық емес мөлшерде жұмыс істейтіндер саны
 
Мекеме Штаттық      бірлігі                    Шығармашылық құрамы
Барлы
ғы
Нақты дерек Барлы
ғы
Білім бойынша Толық емес мөлшер
Жоға
ры
Орта білім Орта
ша
 0,75   0,5   0,25
ҚМС  40,0  40,0    17   15   2   -     -    2    -
Ауыл  51,7  51,7    22   9   10   3     -    0    -
Барлығы  91,7  91,7    39   24   12   3     -    2    -
 
7. Қалалық мәдениет қызметкерлерін марапаттау
2019  жылы ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай шығармашылық табыстары мен белсенді қызметтері үшін, Қостанай облысы әкімінің грамотасымен Мәдениет сарайының көркемдік жетекшісі Мұсабекова Миргүл Бектепбергенқызы, музыкалық жетекшісі Абдикаримова Елугүл Алшынбайқызы, шаруашылық жөніндегі орынбасары Түлекбаева Ләззат Аманқызы марапатталды. Сондай-ақ, Қостанай облысы Мәдениет басқармасының грамотасымен ауыл клубтарының меңгерушісі Оңдаған Айбол Айдарұлы мен шаруашылық жөніндегі орынбасары Түлекбаева Ләззат Аманқызы марапатталды. ҚР Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай шығармашылық табыстары мен белсенді қызметтері үшін Арқалық қаласы әкімінің грамотасымен Арқалық қалалық Мәдениет сарайының әдіскері Қасымбаева Айзада Мейрбекқызы, заңгер Ертай Досбол Ертайұлы, қызметкер Ахмет Нұржамал Бейсенғалиқызы,  Мәдениет сарайына қарасты Екідін ауылдық Мәдениет үйінің мәдени ұйымдастырушысы Омарова Ботагөз Шаймерденқызы, Аңғар ауылдық Мәдениет үйінің жұмысшысы Ахметжанова Ләззат Аманжолқызы марапатталды.  ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай кәсіподақтардың қоғамдағы орнын нығайтудағы үлесі, еліміздің көркеюі жолындағы абыройлы еңбегі үшін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен Мәдениет сарайының ауыл клубтары меңгерушісі Оңдаған Айбол Айдарұлы марапатталды. ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай Арқалық қалалық Мәдениет сарайына қарасты Жаңақала ауылдық Мәдениет үйінің қызметкері Қыстаубаева Жұлдыз Жүрсінғалиқызы қала әкімі алғыс хатымен марапатталды.
8. Қала жұртшылығына көмек көрсету үшін Арқалық қаласының мәдениет мекемесі мен кәсіпорындары ұлттық, аймақтық - тәрбиелік факторлары, жас мөлшеріне қарай жұртшылықпен тығыз байланыста болу және білім - тәрбиелік бағыттарын жүзеге асырып дамытуда. Қалалық мәдениет сарайы кең ауқымды клуб жүйелері мен әуесқой бірлестіктері, оқушылар мен студент жастарының шығармашылық қабілетін дамыту ғана емес, сонымен бірге орта және зейнеткерлік жастағылардың бос уақытын өткізу жұмыстарын жүйелі түрде өткізеді. Мәдениет мекемелері мен кәсіпорындары  қаланың оқу - орындарымен өзара  тиімді ықпалдастықты  қалыптастыра отырып, осы бағытта: қалалық Мәдениет сарайы, облыстық «Дала өлкесі» мұражайымен, облыстық жасөспірімдер театры, қалалық ардагерлер кеңесі, облыстық №2 әмбебап кітапханасы, институт, колледждер, орталықтандырылған кітапхана жүйесі, ұлттық мәдени орталықтары,  тілдер орталығы, Жастар бастамалар орталығы, облыстық кинопрокатпен іс-шараларға танымдық мінездеме бере отырып,  рухани – адамгершілік, эстетикалық, халықты мәдениеттік  тәрбиеге  адамдар арасында  ұйымдастыру болып табылады.

                      2019 жылда өткізілген мәдени іс – шаралар саны
Мекеме кәсіпорын 2018 2019
Мәдениет сарайы 271 273
Ауылдық клубтар 757 757
Барлығы 1028 1030

 
9.Республикалық және облыстық іс-шараларына қатысу жайлы мәлімет
      Халық  шығармашылығы  көркемөнерпаздар байқауынына қатысушылардың кәсіби шеберліктерінің дамып өскендігін, біреше дүркін облыстық, аймақтық, республикалық және халықаралық  байқаулар мен сайыстарына қатысып, орындаушылық шеберліктерінің нәтижесінен аңғаруға болады.
      
10. Қостанай облысының 2009-2019 жылдардағы аймақтық «Мәдени мұра» бағдарламасы:  2019 жылдың Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында жастар жылы аясында «Мәуліт айының» құрметіне «Жігерлі жастар» атты «тоғызқұмалақ және шахматтан» спорттық сайыс өтті. Қалалық Мәдениет сарайына қарасты Фурманов ауылдық  «Жастар» Мәдениет үйі мен Қалалық Мәдениет сарайы бірлесіп Жастар жылына арналған  «Сағындырған әндер-ай!» атты Ретро-фестиваль өтті. «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен  Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында Жастар жылы аясында «Иманды жас-ел болашағы» атты рухани кеш өтті. Кеңес әскерлерінің  Ауған Республикасынан шығарлуына 30 жыл толуына орай, «Ауған от жалыны» атты салтанатты мерекелік жиын өтті. Бұл іс – шараның негізгі мақсаты ер жүрек ағаларымыздың Отанына, еліне деген сүйіспеншілігі мен ерліктерін бағалап, кейінгі ұрпаққа үлгі ету болатын. Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында Арқалық қалалық Мәдениет сарайына қарасты 18 ауылдық мекендер арасында, жылда дәстүрге айналған, Жастар жылына орай «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты ауыл халық
 
 
шығармашылығы көркемөнерпаздары арасында қалалық фестивалі өтті.  Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған, «Қазағымның келіндері-ай!» атты байқау өтті. Үйінде ақылына көркі сай, сымбатына сұлулығы сәйкес келетін, он саусағынан өнер тамған зейінділік пен ізеттілікті, инабаттылық пен парасаттылық қасиеттерін бойына сіңірген үлгілі келін, ақылды ана, сүйкімді жар бола білген, әр салада қызмет етіп жүрген  келіндердің әдет -  ғұрпын  халыққа таныстырып, насихаттау мақсатында сайыс  ұйымдастырылды.   Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында Жастар жылы шеңберінде Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен қазақ халқының ақыны, жерлесіміз Қонысбай Әбілдің 65 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Бабадан қалған байтағым!» атты аймақтық ақындар айтысы халықты сөз маржанымен сусындатты. «Наурыз» алаңында қала жұртшылығының құрметіне   Ұлыстың ұлы күніне арнап «Нұр себеле, Нұр Наурыз!» атты  мәдени көпшілік іс- шара өтті.    Сахнаны театр әртістері ортаға  сүмбілдей әсем жылқы мініп, жарапазан айтылып, қыз бен жігіт айтысы өтті. Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Бейбіт Қорған наурыз мерекесіне орай әннен шашу шашып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады. Қаламыздың бірінен - бірі  асып түсіп, әсем әнімен,  киген ұлттық киімімен мерекені гүлдендірген мәдениет саласының  қызметкерлері  және  мектеп оқушылары бұл күні  ерекше өнер көрсетіп, жан жадыратты.
 
Халықаралық театр күніне орай «Театр өмір айнасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі.
 
Қазақстан Республикасының халықтарының бірлігі күніне арналған «Ұлт бірлігі-ұлы байлық» атты мерекелік іс-шара өтті. «Наурыз» алаңында «Көктем көркі қызғалдақ» атты облыстық патриоттық жастар форумы өтті. Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн Қазақстандықтардың ерлікке толы шежіресін және Отанға қызмет ету дәстүрінің сабақтастығын сипаттайтын күн. «Наурыз» алаңында  Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай салтанатты жиын өтті. Арқалық қаласы оқу орындарының акт залдарында «Студенттік көктем-2019» фестивалі өтті.  Биылғы Жастар жылы аясында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атауымен 27 мамыр күні Қостанай облысында мәдениет және өнер қызметкерлеріне лайықты құрмет көрсетіліп, «Рухани қазына» республикалық байқауының облыстық кезеңі мен ХХХІІІ-ші халық шығармашылық фестивалінің  жеңімпаздары марапатталды.  Фестивальге қатысқан үздік орындаушылар мен шығармашылық ұжымдар гала концертте өнер көрсетті.
 
А.Байтұрсыновтың ескерткіші алдында Cаяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Өзекті өртер шындық...» атты іс - шара өтті.   Арқалық қаласындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайы  алаңында Ұлттық домбырашылар күніне арналып «Домбыра үні шарықта!» атты мерекелік іс-шара өтті. Сол күні сағат «Наурыз» алаңында Астана күніне орай «Астана-елдігімнің ертеңі» атты мерекелік іс-шара өтті.  «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің алдындағы алаңда құрбан айт мерекесіне арналған «Құрбан айт-Рухани мереке!» атты мерекелік сазды бағдарламасы өтті. «Ата Заң - келешектің кепілі» атты Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.  ҚР Конституциясы күні мерекесіне орай  Арқалық қаласы Шақшақ Жәнібек 107 де, 115 пәтерлі 5 қабатты үйдің ашылу салтанаты өтті.  «Шертер» этно-фольклорлық ансамблінің 45-жылдығына орай келген қонақтарды қарсы алу мақсатында 200 домбырашының қатысуымен «Балбырауын» және «Адай» күйлері орындалды. «Шертер» этно-фольклорлық ансамблінің 45-жылдығына арналған «Шертер салған әндер-ай!» атты мерекелік іс-шара өтті. Арқалық қаласының 63-жылдығына арналған «Арқалығым-аңыз, тарихым-Торғай!» атты аймақтық әншілер байқауы өтті. Байқауға Жангелді, Меңдіқара, Жарқайың, Амангелді аудандары, Арқалық қаласынан, Фурманов пен Восточный ауылдарынан барлығы 10 үміткер қатысты. Арқалық қаласының 63-жылдығына   Қазақстан эстрадасының жарық жұлдызы Ғаділбек Жанай, Елубай Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының ұжымы қалалықтарды мерекесімен құттықтап, әннен шашу шашты. Қарттар күніне арналған «Қарттарым-қазынам»  атты мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Ә.Боранбаев атындағы кинотеатрында қарттар мерекесіне арналған қалалық «Аталар берген баталар» атты сайыс өтті. Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған «Алаш арыстары» атты қалалық жазба жас ақындар мүшайрасы өтті.  
 
«Жас-Ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығында ауылшаруашылық қызметкерлері мерекесіне арналған «Ауыл өнімі-мол еңбектің жемісі» атты мерекелік іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен 2019 жыл – Жастар жылы аясында Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жүректен шыққан жырлары» атты қалалық жас ақындар айтысы өтті.  «Арқа жұлдыздары -2019» шығармашылық ән байқауы өтті. Байқаудың мақсаты халықтың асыл мұрасы ән жанырын дәріптеу, ән шығармашылығына жастардың қызығушылығын арттыру және дарынды орындаушылардың өнеріне қолдау көрсетіп, келешекте жоғары дәрежелі сайыстарға жолдама беру болып табылады.  «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен  Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында  Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш өтті. Қазақ жасөспірімдер театрының әртістері «Ана қадірі» атты тәрбиелігі мол көрініс көрсетіп, сахнаны ашты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік-елімнің ерлік жолы» атты салтанатты мерекелік іс-шара мен  «Жігіттің сұлтаны-2019» байқауы өтті.
 
«Рухани жаңғыру»  бағдарламасы бойынша 2019 жылы «Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты ауыл халық шығармашылығы көркемөнерпаздары арасында қалалық фестивал, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Естен кетпейсін» атты қаламыздың жас әншісі Берік Хамитовтың шығармашылық кеші, Қонысбай Әбілдің 65 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Бабадан қалған байтағым!» атты аймақтық ақындар айтысы, Бораш Әбеновтың 70 – жасқа толуына орай, «Шын асылдың мұрасы» атты шығармашылық кеші, Қостанай облысы Амангелді ауданы «Тойтөбе» иппадромында «Айналдым сенен, Атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар феститвалі, «Шертер» этно-фольклорлық ансамблінің 45-жылдығына арналған «Шертер салған әндер-ай!» атты мерекелік іс-шара, қалалық «Аталар берген баталар» атты сайыс, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровтің 125 жылдығына арналған «Алаш арыстары» атты қалалық жазба жас ақындар мүшайра өтті
Шығармашылық кештер мен тұсау кесерлер «Рухани жаңғыру» мен Жастар жылы аясында, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Естен кетпейсін» атты қаламыздың жас әншісі Берік Хамитовтың шығармашылық кеші өтті. Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында Бораш Әбеновтың 70 – жасқа толуына орай, «Шын асылдың мұрасы» атты шығармашылық кеші өтті. Арқалық қазақ жасөспірімдер театрында қазақтың көрнекті жазушысы Ғафу Қайырбеков «Торғайдың күрең торы тобылғысы» деп баға берген ерекше дарын иесі, белгілі  жазушы-сатирик,  этнограф-ғалым, астарлы қазақы қалжың мен қағытпа сөздің шебері Сейіт Кенжеахметовтың 80 жылдығына арналған «Мірдің оғы» Республикалық  әзіл-сықақ театрларының фестивалі өтті. «Ақбота» халық би ансамблінің «Арқаның Ақботасы» атты шығармашылық кеші өтті.
 
«Денсаулық шектеулі балаларды оңалту» бағдарламасы бойынша Арқалық қалалық Мәдениет сарайының  шығармашылық ұжымы қала сыртындағы  мүмкіндігі шектеулі  интернат үйінде «Қазақстан-тірегіміз, Астана-жүрегіміз!» атты сурет салу конкурсы өтті.  Мүмкіндігі шектеулі жандар, сурет салу барысында өздерін толыққанды адамдармен бірдей екеніне көз жеткізді. «Алғыс айту» күніне орай да мерекелік іс-шара өткізілді.
 
Гастрольдік  іс-сапар: Қостанай облысы Амангелді ауданы «Тойтөбе» иппадромында «Айналдым сенен, Атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар феститвалі өтті. Фестивалге шет жақтан келген қонақтар мен Қостанай облысына қарасты қала мен аудандар қатысты. 500 домбырашыдан құралған оркестірдің орындауындағы күйлер, сәйгүліктер жарысы мен палуандар күресі жиналған жұртты ерекше көңіл-күйге бөледі. Еліміздің әр өңірінде  «Арыс, біз біргеміз!» акциясы аясында Арыстық балаларды   жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберу  қайырымдылық іс-шарасы  ұйымдастырылған болатын. Осы орайда 29 шілде күні Арқалық қаласына 70 бала (7-13 жас аралығы) келді. Қонаққа келген бүлдіршіндер мен жетекшілік жасап келген тәрбиешілерді  Арқалық қаласының жұртшылығы қошеметпен қарсы алып, қаламыздағы білікті кәсіпкері «Алюминстрой» жеке шаруашылық серіктестігінің директоры Мұқанов Абай Құспанұлы  «Көктау құрылысшы» балаларға арналған демалыс және спортпен шұғылдану орталығына  орналастырды. 15 күнге созылған 4 ауысымның барысында Арқалық қаласы әкімдігінің басшылығымен қонаққа келген бүлдіршіндерге ерекше көңіл бөлу мақсатында алдын-ала түрлі ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
-Экстремизм-терроризмге қарсы және діни сауаттылық жолдары бағдарламасы. Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымы қала жастарымен «Өзің өзгермейтін болсаң, әлемде өзгермейді» атты діни сауаттылық жолдары жайлы дөңгелек үстел, «Имандылық адамгершіліктің асыл қасиеті» атты имамдармен кездесу кеші. «Құрбан айт-құтты мереке» атты мәдени іс-шаралар уақытылы өткізіліп отырады. Тәрбиелік мәні зор бұндай іс-шаралар келешекте өз жалғасын табатынына сенімдіміз
«Жастардың бос уақытын ұйымдастыру» 2019 жылы Жастар жылы аясында Қалалық Мәдениет сарайына қарасты Фурманов ауылдық  «Жастар» Мәдениет үйі мен Қалалық Мәдениет сарайы бірлесіп Жастар жылына арналған  «Сағындырған әндер-ай!» атты Ретро-фестиваль, А «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен «Иманды жас-ел болашағы» атты рухани кеш, «Өнеріміз саған - Қазақстан!» атты ауыл халық шығармашылығы көркемөнерпаздары арасында қалалық фестивалі, Халықаралық әйелдер күніне арналған «Естен кетпейсін» атты қаламыздың жас әншісі Берік Хамитовтың шығармашылық кеші, Жастар жылы шеңберінде жерлесіміз Қонысбай Әбілдің 65 жылдығы мен Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Бабадан қалған байтағым!» атты аймақтық ақындар айтысы «Көктем көркі қызғалдақ» атты облыстық патриоттық жастар форумы, Қостанай облысы Амангелді ауданы «Тойтөбе» иппадромында «Айналдым сенен, Атамекенім» атты облыстық қызғалдақтар феститвалі, «Студенттік көктем-2019» фестивалі,  «Жалынды жастар» атты қала жастарымен кездесу кеші,  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні мен 2019 жыл – Жастар жылы аясында Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арналған «Жүректен шыққан жырлары» атты қалалық жас ақындар айтысы өтті.

- Компьтермен жабдықталған мәдени мекемелер саны қосылған интернет (сайты) саны: Компьютер-35, интернет-1

- Клубтық мекеменің әдістемелік және басылымдық жұмыстары: Жыл бойы өткізілген іс-шаралар ақпараттандырылып отырылады. Әдістемелік құжаттар уақытында жинақталып, өңделіп ауыл мәдени ұйымдастырушыларына тартылып отырады. Жылдың аяғында ең үздік сценарилер жинағы, фото, өткізілген іс-шаралар видеоға түсіріліп,  дискте сақталады.

- Басты мәселе: Арқалық қалалық Мәдениет сарайының ғимаратының күрделі жөндеуден өтіп, қайтадан іске қосылуын ұсынамыз.
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
02.12.2025
Қостанай қ. дом культуры
#REPOST @kineu.kz Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз! 🎊Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жүректерді ерекше кеш өтті.
29.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 29 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының мәдениет үйі жанынан құрылған «Түйемойнақ», театрының көшпелі қойылымы өтті
28.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 28 қараша күні Жітіқара ауданының Пригородное ауылында Денисов ауданының шығармашылық ұжымы KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Туған елім – Туған жерім» атты концерттік бағдарламасымен өнер көрсетті.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 28 қараша күні сағат 10:00-де «Мирас» қазақ халық аспаптарының этнографиялық ансамблі Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің KEnEU International Week 2025 халықаралық бағдарламасына қатысты. Аталған шара қазақтың көрнекті ағартушысы, жазушысы, қоғам қайраткері Мыржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды.
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
28.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
ALAU TV: Қостанай облысында «Еңбегі жаңған арулар» байқауының жеңімпаздары анықталды
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
2025 жылғы 27 қарашада «Мирас» Мәдениет сарайында үрмелі оркестр «Pro_luboff» ұжымы оркестрдің бұрынғы жетекшісі — Алексей Алексеевич Губенконың рухына арналған концерт өткізді
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
QOSTANAI TAŃY: Костанайда «Еңбегі жанған арулар» атты облыстық әйелдер форумы өтті
27.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
📍27 қараша 2025 жыл Лайықты марапатыңызбен құттықтаймыз!✨ Мәдениет саласының үздік қызметкері Иманова Зұхра Өтепбергенқызы Қостанай облысы әкімі Құмар Ергебайұлы Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.
27.11.2025
Федоров дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
26.11.2025
Денисов дом культуры
2025 жылдың 26 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде Денисов № 3 жалпы білім беретін мектебінің ұжымы аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымымен бірігіп, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық концертін өткізді.
26.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
26 қарашада “Мирас” мәдени ет сарайында А. Байтұрсынов атындағы Қазақ ұлттық мәдениет университетінің (ҚҰУ) студенттерінің тыңдалымы өтті
25.11.2025
Денисов дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
25.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
24.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қостанай инженерлік-экономикалық университеті Міржақып Дулатовтың 140-жылдығына орай KEnEU халықаралық ынтымақтастықты нығайту, академиялық ұтқырлықты дамыту және білім мен ғылым саласында тәжірибе алмасуға бағытталған Халықаралық апталық өткізді.  Іс-шараға «Жұлдыз» домбыра ансамблі қатысты, жетекшісі — Тимербекова Айгүл Абаевна.
24.11.2025
Амангелді дом культуры
Амангелдіде «Үздік клуб» байқауы мәреге жетті
21.11.2025
Денисов дом культуры
Бүгін 2025 жылдың 21 қараша күні Денисов аудандық Мәдениет үйінде «Шәмші әндері – халық қазынасы» атты аймақтық фестиваль өтті. ​Іс-шара көрнекті қазақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына арналды.
20.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
19.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Бүгін сағат 17:00-де «Мирас» қалалық мәдениет сарайының бірінші қабат фойесінде аға буын өкілдеріне арналған дискотека өтті. Шара би сүйер жандарды бір арнаға тоғыстырып, күннің жағымды түйініне айналды.
14.11.2025
Қостанай қ. дом культуры
Қазақтың төл өнерін аспандатқан, аққуындай әсем үнімен ел жүрегіне жол салып, төрелігін айтқан Әсия Беркенованың 75 жас мерейтойына арналған республикалық «АЙДЫН ЖЫРДЫҢ АҚҚУЫ» атты жыр додасы өтпек
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: «ЕҢБЕГІ ЖАНҒАН АРУЛАР» ФОРУМЫ
Автор: Қостанай қ. дом культуры
"Шекіз шығармашылдық - 2025"
Автор: Федоров дом культуры
cпектакль «Оян, казак!» 25.11.2025
Автор: Денисов дом культуры
Бүгін кешке, 2025 жылдың 25 қараша күні, Денисов аудандық Мәдениет үйінің сахнасы терең де эмоционалды мазмұнды "Оян, қазақ!" атты театрландырылған қойылымға арқау болды. Алаш-Орданың көрнекті қайраткері, жазушы және ағартушы Мыржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығына негізделген бұл спектакльге «Түйемойнақ» театры көптеген көрермен жинады. Актерлік құрам мен режиссерлік жұмыс қазақ халқының ұлттық санасы оянған XX ғасырдың басындағы дәуір рухын жеткізе білді. Көрермендер Мыржақып Дулатовтың білім мен бірлікке шақырған күшті үндеуі болған «Оян, қазақ!» кітабын жазу және тарату кезінде қандай кедергілерге тап болғаны туралы драмалық тарихты тамашалады. Сахнада ақиқатты іздеу мен ұлттық идея үшін күрес атмосферасы орнады. Декорациялар мен костюмдер өткен ғасырдың басындағы тұрмыс пен жағдайды дәл бейнеледі. Басты рөлді (Мыржақып Дулатовты) сомдаушы актер өз кейіпкерінің ұлттың жарқын болашағына деген барлық қайғысын, батылдығын және мызғымас сенімін көрермендерге жеткізе отырып, ерекше талант көрсетті. Спектакль күшті эмоционалды реакция туғызды. Залда жиі күрсінген дыбыстар естілді, ал финалда басты кейіпкер өзінің тыйым салынған кітабын символдық түрде қолына ұстағанда, көрермендер орындарынан тұрып, әртістерді ұзақ қол соғумен құттықтады. «Оян, қазақ!» қойылымы тек тарихи тұлға туралы ғана айтып қоймай, сонымен қатар ағарту, патриотизм және ұлттық бірегейлікті сақтау идеяларының мәңгілік өзектілігін айқындады. Бұл Денисов ауданының тұрғындары үшін маңызды мәдени оқиға болып, сол кеште Мәдениет үйінде болғандардың жүрегінде терең із қалдырды.
Автор: Денисов дом культуры
Video by @amangeldytelmanov
Автор: Қостанай қ. дом культуры
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру