Облыстық халық шығармашылығы орталығы жыл бойы жемісті еңбек етті
31.12.2024
305
0
Ақпаратты достарыңызбен сілтеме арқылы бөлісіңіз:
Орталықтың әр бөлімі бір жыл ішінде айтулы жұмыстар атқарып, өнер мен шығармашылықты дамытуға айрықша үлес қосты. Халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі іс-шаралар жоғары кәсіби деңгейде ұйымдастырылып, қоғам тарапынан лайықты бағасын алды.
Бір ғана халықтық бөлімнің өзі 53 түрлі іс-шара өткізіп, ұлттық өнер мен дәстүрді дәріптеуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мәдени-ағартушылық, шығармашылық жобалар және басқа бөлімдердің қызметі де жоғары деңгейде жүзеге асырылды. Әр бөлім өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарып, орталықтың жұмыс сапасын жаңа белестерге көтерді.
Орталық қызметкерлері түрлі жобаларды жүзеге асырып, тың дүниелерді сахнаға шығарып, өздерін биік ареналарда көрсете білді.
Бұл тек өткен жылдың қорытындысы ғана емес, алдағы уақытқа серпін беретін маңызды кезең.
Келер жыл да осындай табысты әрі жемісті болсын! Орталық ұжымы жаңа идеялар мен шығармашылық жобалар арқылы халықтың мәдени өмірін байыта береді деген сенімдеміз.