altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
«100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы – Арман Жүдебаев
17.07.2018
2709
0


 

«100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы – Арман Жүдебаев



Қазақ өнері өміршең. Бұл сөзге ешкім талас білдіре қоймас. Біз "Рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының "100 жаңа есім" бағытының жеңімпазы атанған тұлғалар туралы ақпарат беру дәстүрімізді одан әрі жалғастырып келеміз. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» және «Рухани қазына» бағыттары аясында өнеріміз де, мәдениетіміз де тың бастамаларды қолға алып, кең көлемде жүзеге асырылуда. Сол бастамалардың іске асуына сүбелі үлес қосып жүрген азаматтардың бірі – Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры, «100 жаңа есім» бағытының жеңімпазы Арман Әділханұлы Жүдебаев. 


Жақында ғана еліміздегі ән өнерінің қара шаңырағы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалған Арман Жүдебаев бұған дейін осы салаға айтарлықтай үлес қосқаны анық. Біздің кейіпкер халыққа Құрманғазы оркестрінің дирижері ретінде танымал. 83 жылдық тарихы, репертуарында 4000-нан астам туындысы, 83 талантты музыканты бар ұжымды басқару Арман Әділханұлына аса үлкен қиындық әкелген жоқ. Өйткені, өзі университет қабырғасында оқып жүріп-ақ студенттік оркестрді басқарған. 

Қазақстандағы ең ірі оркестр Құрманғазы оркестрі екеніне ешкім шек келтірмейді. Арман Жүдебаев оркестрдің танымалдылығын арттыру үшін келесі іс-шаралардың жүзеге асуына мұрындық болды. Оркестрдің арнайы сайты ашылып, онлайн билеттерді сатудың бірізділігі жасалды. Ұжымға динамикалық және таймерлік дыбыстың тұтастығы үшін қажетті құрал-жабдықтар әкелініп, қолданысқа берілді. Сонымен қатар, ұжымның бет-бейнесі халыққа етене таныс болу үшін теледидар, радио секілді бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыста болып, өз жобаларын ұсынып отырды. Сондай-ақ, Арман Әділханұлы ұжым репертуарындағы классикалық музыкалардың мәртебесін арттырып, классикалық кештерді өткізуге басымдық берді. 

Арман Жүдебаевтың музыкалық біліміне халық оң бағасын беріп қойған. Ол әуеннен ерекше бір үйлесімділіктерді тауып, адамның көңіл қылын қозғайтын ерекшелікті дөп баса алады. Сонысымен елдің ықыласына бөленді. Бұл  - композиторға ерекше шабыт беретін қошемет. 

Арман Әділханұлының тағы бір ерекшелігі – ұлттық музыкаға, ұлттық нақыштағы әуендерге басымдық беруі. Аспаптық музыка саласының үздігі атанған Құрманғазы оркестрінің ән қорында да дәстүрлі, ұлттық нақыштағы туындылар көп. 

Кейіпкеріміз студенттік оркестрдің жетекшісі бола жүріп, Қытай, Германия, Түркия, Австрия сияқты шет елдердің сахналарында өнер көрсетті. Арман Әділханұлы ел көңілінен шыққан «Оркестрлер айтысы» атты жобасын жасап, сахнаға алып шыққан. 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі әлі күнге дейін мемлекет басшысының әрбір бастамасына қолдау көрсетіп келе жатыр. Әсіресе Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыруға үлес қосу мақсатында Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық оркестрінің репертуарын заманауи әуендермен толықтырып, концерттер берді. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірін аралап концерт беретін оркестрдің әр жобасы үлкен тойға айналуына да мұрындық болып келген – Арман Жүдебаев. 

2012 жылдан бастап университетте аға оқытушы болып қызмет атқарған Арман Әділханұлы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалғаннан кейін музыка саласының қара шаңырағында да өзгерістер орын алып, ерекше ән жобалары жүзеге аса бастайтынына шүбә келтірмейміз. 

«100 жаңа есім» бағыты осылайша жас таланттардың, еңбекқор азаматтарға шабыт сыйлап, өзге азаматтардың бәсекелестігін тудырады. Ал бәсеке болған жерде жетістік те, даму да болары сөзсіз. 


 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Республика күні қарсаңында қала активі, бизнес және қоғам өкілдерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті
23.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін, 22 қазан күні, «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты іс-шара аясында Қостанай қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің «Мирас» қалалық мәдениет сарайының мәдени ұйымдастырушысы Ермағанбетова Ажар Серғазықызы Қостанай қаласының әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды
22.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
22 қазан күні сағат 11:00-де Балалар шығармашылығы мектебінде Қазақстан Республикасы күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті
21.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» IV ашық қалалық командалық конкурс-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«Мирас» ансамблінің 35 жылдығына орай IV «ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ» байқау-фестиваліне шақырамыз!
14.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласындағы «Затоболец» стадионында Қостанай облысы колледждерінің Спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті
13.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
13 қазан күні сағат 15:00-де Жітіқара қаласында «Қостанай минералдары» АҚ-ның 61 жылдығына арналған концерттік бағдарлама өтті
09.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
9 қазан күні сағат 17:00-де «Мирас» мәдениет сарайының 1-қабатындағы фойеде ретро би кеші өтті
07.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 қазан күні Қостанай ауданының Тобыл қаласында спорт ардагері Бекбосынов Өтебек Мырзахметұлының жүлдесіне арналған жасөспірімдер мен қыздар арасындағы еркін күрестен Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті
06.10.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
Өшпес өнеге - ұстаздан
04.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Мерейтойлық іс-шаралар аясында «Мирас» қазақ халық аспаптары этнографиялық ансамблінің 35 жылдығына арналған бірқатар концерттер өткізілуде
03.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні «Караван» ВАА тобы Лисаковск қаласында Қарттар күніне орай зейнеткерлерді мерекемен құттықтады
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
2 қазанда сағат 17:00-де Арыстанбай Қожанұлы Өмірзақовтың жетекшілігімен «Ақ дариға» халық хорының 30 жылдығына арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @zhuldyz_studio - 🎶 «Ақ Дариға» халық хорының концертінде біздің оқушыларымыз хор ұжымымен бірге өнер көрсетті!
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Бүгін Халықаралық қарттар күніне арналған іс-шара аясында «Мирас» мәдениет үйінде аға буын өкілдеріне арналған мерекелік концерт өтті
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @maslihat.kst - Халықаралық қарттар күні ерекше бір сапармен басталды
02.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @b.akkozhina - Бүгін Қарттар күніне орай ұйымдастырылған «Алтын жас» шығармашылық фестиваліне қатыстым
01.10.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
1 қазан күні сағат 16:30-да “Мирас” қалалық мәдениет сарайы ғимаратының 2-қабат фойесінде Қарттар күніне арналған «Күзгі вальс» атты ретро-би кеші өтті
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TAŃY: Елдігімізді айшықтаған мереке
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
23.10.2026
ТОБЫЛ ТОЛҚЫНЫ: ШАҚЫРЫЛҒАН ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.10.2026
Өшпес өнеге - ұстаздан
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
06.10.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру