altynsarin
amangeldy
auliekol
denisov
jangeldin
jitiqara
qamysty
qarabalyq1
qarasu
mailin
mendiqara
miras
naurzum
sarykol
tobyl
uzunkol
fedorov
arqalyq
lisakov
rudny
Портал туралыОрталық туралыМҰ сайттарыХалықтық ұжымдарСұхбатГалереяШабыт қанатындаБіз БАҚ-таСұрақ-жауап
ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢМӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢАҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛЫ
Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының
Русский
🌐 culture_qostanai 🇰🇿
ДК нұсқасы
#REPOST @qostanai_tany - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Домбыра күнімен құттықтады
05.07.2026
172
0
Құрметті отандастар!
 
Баршаңызды мерейлі мереке – Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын!
 
Қос ішекті қастерлі аспап – ұлттық бірегейлігіміздің ажырамас бөлігі, халқымыздың рухын көтеретін баға жетпес мұра.
 
Домбыра арқылы тереңнен тамыр тартқан төл құндылықтарымыз жұрт жадында жаңғырып, төрге озады. Осылайша, дәуірлер мен ұрпақтар арасындағы сабақтастық сақталып келеді.
 
Шын мәнінде, ұлттың үні саналатын қасиетті аспабымыз қуанышты сәттерде де, қиын кездерде де берекелі бірлігімізді нығайтып, елдің рухын асқақтатуға себепкер болды. Домбыраның күмбірі азаматтарымызды жігерлендіреді, алға нық қадам жасауды көздеген рухани бағыт-бағдарымызбен үндеседі.
 
Жаһандық сын-қатерлер күшейіп, дәстүрлі құндылықтар көмескіленген қазіргідей алмағайып заманда Ұлы даланың мол мұрасы, әсіресе, қара Домбырамыз төл мәдениетіміздің мызғымас тұғыры болып қала береді.
 
Халықаралық қауымдастыққа қазақ Домбырасының сазды әуенін таныстыру – біздің жалпыұлттық парызымыз. Аса көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлінің «Нағыз қазақ – Домбыра» деген тамаша теңеуі Домбыраны кеңінен дәріптеу ісінде темірқазық іспеттес болуға тиіс деп ойлаймын.
 
1 шілдеде, яғни Домбыра күні қарсаңында мемлекеттілік жылнамасының жаңа парағын ашқан Халық Конституциясы заңды күшіне енді. Мұның символдық мәні айрықша.
 
Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау алғаш рет шын мәнінде Халық Ата заңының негізгі қағидаты ретінде айқындалды. Бұл өсіп-өркендеуге бет алған халқымыздың бітім-болмысына, мақсат-мүддесіне толық сай келетіні сөзсіз.
 
Домбырашыларға, оқытушыларға және ұлттық өнерімізді Қазақстанда, шет елдерде жоғары деңгейде насихаттауға өнегелі ісімен, салмақты сөзімен атсалысып жүрген барша адамға шынайы ризашылығымды білдіремін.
 
Қазақтың ән-күйі алдағы уақытта да азаматтарымызға шабыт беріп, Әділетті әрі Қуатты Қазақстанды құру жолында жаңа жетістіктерге жетелей береді!
 
Әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін!

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ПІКІРЛЕР (0)
ЖІБЕРУ
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бөлімге өту >>
21.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Бүгін генерал Бакиров атындағы демалыс базасындағы жазғы лагерьде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің жарқын көшпелі концерті өтті
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Свердловка ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
18.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
18.08.2026
Денисов мәдениет үйі
2026 жылдың 18 тамыз күні аудандық Мәдениет үйінің шығармашылық ұжымы Әйет ауылында KPI бағдарламасын іске асыру аясында «Бірлік болсын әлемде» атты көшпелі концерттік бағдарламамен өнер көрсетті.
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
QOSTANAI TAŃY: Қостанайдың қала күні – әсем ән мен көтеріңкі көңіл күйге толы
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында «NE PROSTO ORCHESTRA» симфониялық оркестрі жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
15 тамызда сағат 21:30-да облыс әкімдігі алаңында қазақстандық эстрада жұлдызы Alem жарқын өнер көрсетті
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @marat_zhundubaev - Қала күні құтты болсын, Қостанай! Туған қаламыз көркейіп, дами берсін!
16.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
15.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
#REPOST @qostanai_tany - Қостанайда қаланың 147 жылдығына арналған мерекелік шаралар басталды
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026
14.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
14 тамызда сағат 17:00-де облыс әкімдігі алаңында бас дирижер Лилия Ислямованың жетекшілігімен А. Губенко атындағы үрмелі аспаптар оркестрінің концерті өтті
10.08.2026
Б. Майлин мәдениет үйі
АБАЙ – ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ
07.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
7 тамыз күні сағат17:00-де бекітілген жоспарға және KPI көрсеткіштерін орындау аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына арналған көшпелі концерт Меңдіқара ауданының Красная Пресня ауылында өткізілді
07.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
«АЛТЫН МИКРОФОН – 2026» БАЙҚАУЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ Сіздерді вокалистердің «Алтын микрофон – 2026» XXII халықаралық байқауының салтанатты ашылу рәсіміне шақырамыз! Бұл күні түрлі елдерден келген талантты орындаушылар бас қосып, үлкен шығармашылық додаға жол ашады. Әсем ән мен жарқын әсерге толы өнер мерекесінің куәсі болыңыздар! Келіңіздер, жас таланттарға бірге қолдау көрсетейік! 
04.08.2026
Қостанай қ. мәдениет үйі
Қостанай қаласында — «Алтын дән» балалар шығармашылығы фестивалі! 15 тамыз күні Облыстық әкімдік алаңында «Даму бала» жобасының балалар шығармашылық ұжымдары қатысатын «Алтын дән» фестивалі өтеді! Сіздерді жас таланттардың жарқын өнері, әсем әндер, әсерлі билер мен мерекелік көңіл күй күтеді!
ӨЗГЕ ЖАҢАЛЫҚТАР
МӘДЕНИЕТ ҮЙЛЕРІНІҢ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
QOSTANAI TV: Туған күніңмен, Қостанай!
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
18.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
16.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026, 2-КҮН
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
15.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ — ЖАРҚЫН СӘТТЕР
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
НК: Қостанай қашан да ыстық: Қонай тұрғындары
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ КҮНІ – 2026
Автор: Қостанай қ. мәдениет үйі
14.08.2026
АБАЙ – ДАНАЛЫҚТЫҢ ДАРА ЖОЛЫ
Автор: Б. Майлин мәдениет үйі
10.08.2026
Байланыс ақпараттары:
Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК
Заңды мекен-жайы:
110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай қаласы,
Лермонтов көшесі, 15
Деректемелер:
БСН 990340002744
ЖСК KZ8594807KZT22031664
«Еуразиялық банк» АҚ
БСК EURIKZKA
Байланыс:
+7 (7142) 562-428
+
Сообщение сайта
+
Заказ обратного звонка
ОТПРАВИТЬ
+
Рұқсат
Кіру